А )жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді

Б )сатып алушылардың арасындағы байланысты көрсетеді

В )рынок пен тұтынушылар арасындағы байланысты көрсетеді

Г )рынок пен көтерме сауда орталығы арасындағы байланысты көрсетеді

 

182.Тауарлы өндіріс ненің арқасында дүниеге келді?

А) натуралды шаруашылықтың дамуы

Б )жасанды шаруашылықтың дамуы

В) табиғи шаруашылықтың дамуы

Г) тапқырлықтың

 

183.......жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір бірімен оқшаулануы және өндірілген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу

А )еңбекші негізі

Б )жұмысшы негізі

В) өндіруші негізі

Г) тұтынушы негізі

 

184.......деп өнімді оқшауланған,жеке өндірушілер өндіретін ,оның үстіне олардың әрқайсысы қайсыбір өнімді өндіруге маманданатын,сөйтіп қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады

А) дайын өнім өндірісі

Б )тауар өндірісі

В) өнім өндірісі

Г )шикізат өндіріс

 

185. Тауар шаруашылығы – бұл...

А) жетілген машиналар мен құрал-жабдықтар қолданылатын шаруашылық;

Б) өндіретін өнімдері жоғары көлемді шаруашылық;

В) сатуға арналған тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру;

Г) шаруашылықтың ішкі қажеттіліктері үшін жоғары сапалы тауарлар өндірісін ұйымдастыру;

 

 

186.Егер экономика тұтас бір жүйе ретінде зерттелсе, онда бұл талдау:

А) микроэкономикалық;

Б ) макроэкономикалық;

В) позитивті;

Г) нормативтік.

 

187.Экономикалық заң нені анықтайды?

А) бірнеше экономикалық санаттар арасындағы маңызды, тұрақты байланыстарды;

Б) экономикалық құбылыстардың негізгі қасиетін;

В) ресурстардың шектеулілігі мәселесін;

Г) игіліктерді дұрыс тарату жөніндегі заңдарды.

 

188.Экономикалық ғылымның әдістемесі дегеніміз не?

А) экономикалық теорияның міндеттерінің жиынтығы;

Б) экономикалық теорияның мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығы;

В) экономиканы танудың тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы;

Г) экономикалық заңдар мен міндеттемелердің жиынтығы;

 

189.Қоғамдық өндірістің ерекше факторлары:

А) еңбек, жер, капитал;

Б) кәсіпкерлік мүмкіншілік, ғылым, ақпарат;

В) жер, кәсіпкерлік мүмкіншілік, капитал;

Г) еңбек, жер, ғылым, мәлімет.

 

190.Негізгі капиталға қайсысы жатады?

А) Ғимараттар, жабдықтар,материалдар

Б) өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар

В) шикізаттар, материалдар, ғимараттар

Г) жұмыс күші, ғимараттар, жабдықтар

 

191.Айналмалы капиталға нелер жатады?

А) шикізаттар, материалдар, жұмыс күші \

Б) Ғимараттар, жабдықтар,материалдар

В) шикізаттар, материалдар, ғимараттар

Г)жұмыс күші, ғимараттар, жабдықтар

 

192..Амортизация латын тілінен қалай аударылады?

А) Орнын ауыстыру

Б) Орнын толтыру

В) Орнынан алу

Г) Ескеру

 

193. Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:

А)1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

Б) 1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі төмен, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

В) 1) ұқсас, бірақ қымбат еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

Г) 1) ұқсас, бірақ қымбат еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі төмен, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

 

194. Инвестор ағылшын тілінен қалайша аударылады?

А) күрделі қаржы салушы

Б) Қаржы салушы

В) Қарызға беруші

Г) Қарызға алушы

 

195. Бұл формула арқылы нені табуға болады?

N = O/t

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

А) Бір жылдағы айналым

Б) Бір кварталдағы айналым

В) Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен анықталады

Г) Негізгі капиталдын айналымын

 

196. Айналым не арқылы өлшенеді

А) уақыт пен жылдамдық

Б) Уақыт пен өндіріс

В) Жылдамдық пен өндіріс

Г) Өндіріс пен қолданған өндіріс

 

197. Жеке ұдайы өндіріс

А) тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

Б) тауар өндіру және шығын азайту мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

В) тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектелмеген факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

Г) қызмет өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанбайтын процесі.

 

198. Айналымды жүзеге асыратын:

А) өндірістік капитал

Б) Уақыт пен өндіріс

В) Қаражат

Г) Негізгі капитал

 

199.. Айналыс қорлары:

А) өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Б) өндірістің бip кезеңінде жартылай пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

В) өндірістің екі кезеңінде жартылай пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Г) өндірістің екі кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

 

200.Төмендегілердің қайсысы ақша агрегатының құрамына кірмейді:

А)жедел депозиттер

Б)жол чектер

В)жинақтау шоттар

Г)мемлекеттік ұзақ мерзімді облигациялар

 

201. Келесі активтердің қайсысы өтімдірек болып табылады:

А)жинақтау депозиті

Б)чекті депозит

В)жедел депозит

Г)мемлекеттік облигациялар

 

202. Өтімділігі төмен қаржы:

А)қолдағы ақша

Б)бағалы қағаздар

В)алтын

Г)жылжымайтын мүлік

203. Қайсысы ақшаға жатпайды:

А)тиындар

Б)қағаз ақшалар

В)жедел шоттар

Г)чектік шоттар

 

204. Егер ақшалар жылына орта есеппен 5 айналым жасаса,онда айналымдағы ақша мөлшері:

А)ЖІӨ-нің атаулы көлемінен 5 есе көп

Б)ЖІӨ-нің 20% құрайды

В)5 / атаулы ЖІӨ-ге тең

Г)20%/ атаулы ЖІӨ-ге тең

 

208. Егер баға деңгейі төмендесе, барлық тепе-тең жағдайда ақша айналымының жылдамдығы:

А)азаяды

Б)өседі

В)өзгермейді

Г)нақты айту мүмкін емес

 

209 Келісім үшін ақша сұранысы және активтер жағынан ақша сұранысы - бұл:

А)ақша нарығы

Б)ақшаға жалпы сұраныс

В)қағаз ақшалар

Г)есептеу бірлігі

 

210 Ұлттық Банк қай міндетті орындамайды?

А)соңғы сатыдағы несиеші

Б)қаржы байбаламын болдырмау

В)тұрғындардан салымдар қабылдау

Г)үкімет банкирі

 

211. Несиенің қызметтері:

А)қайта бөлу,бақылау,ҒТП жеделдету

Б)ҒТП жеделдету,қайта бөлу,өндіріс шығынын үнемдеу,бақылау

В)бөлу және бақылау

Г)дұрыс жауабы жоқ

 

212.Монетарлық саясатты ............... жүргізеді:

А)үкімет

Б)қазынашылық

В)ұлттық банк

Г)президент

 

213.Таза салықтық түсімдер мен шынайы ТҰӨ арасындағы тура байланыс:

А) рецессия уақытында автоматты түрде бюджет артықшылығының қалыптасуына әкеледі

Б) рецессияны жеңуге бағытталған дискрециялық қазыналық саясаттың тиімділігін арттырады

В) толық жұмысбастылықты қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді

Г) жоспарланған инвестициялар көлемі өзгерісінің ұлттық табыс пен жұмысбастылық деңгейлеріне әсерін азайтады

 

215.Салық мөлшерінің өсуі салықтиардың бюджетке түсуіне қалай әсер етеді:

А) Арттырайды, өйткені үй шаруашылықтары мен фирмалардың мемлекетке аударатын табыстарының үлесі өседі

Б) Азайтады, өйткені экономикадағы іскерлік белсенділік деңгейі төмендейді, соңдықтан салықтандыру базасы да төмендейді

В) Өзгермейді, өйткені салық мөлшерінің өсуінен салықтан түсулердің артуы іскерлік белсенділік деңгейінің төмендеуі нәтижесінде бюджет табыстарының азаюымен өтеледі

Г) Нақты айту мүмкін емес, зйткені бюджетке салық түсімдерінің сомасы салық мқлшері көлемімен анықталмайды, тек экономикалық цикл фазасы арқылы анықталады

 

217.Лаффер қисығы салық мөлшері мен ненің арасындағы тәуелділікті көрсетеді:

А) Іскерлік белсенділік деңгейі

Б) Бюджетке салықтардың түсу көлемі

В) Жиынтық табыс деңгейі

Г) Барлық жауапр дұрыс

 

218.Салықтар ненің құралы болып табылады:

А) Экономикалық өсуді ынталандыруддың

Б) Табыстарды таратуда теңдікті қамтамасыз етудің

В)Экономиканы тұрақтандырудың

Г)Ресурстардың тиімдірек таратылуын қамтамасыз етудің

Д) Барлық жауап дұрыс

 

219.Салықтардың өзгеруі неге әсер етеді:

А) Жиынтық сұранысқа

Б) Жиынтық ұсынысқа

В) Мемлекеттік бюджеттің жағдайына

Г) Баға деңгейіне

Д) Барлық жауап дұрыс

 

220.Қайсысы шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтарына жатпайды:

А) Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

Б) Бәсеке дамуының негізін құрайды.

В) Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Г) Сұраныс көлемі артады

221«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заң қай жылы қабылданды:

А) 1992

Б) 2001

В) 1998

Г) 2005

 

222.1997 жылдың 6 наурыз қандай қаулы қабылданды:

А) «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы»

Б)«Жеке кәсіпкерлік туралы»

В) Мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы

Г) «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы»

223Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын не деп атайды?

А) Тұрақты айналым

Б) ауыспалы айналымы

В) Қарқынды айналым

Г) Ұлғаймалы айналым

 

224Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы

А ) Смит.

Б)Леонид Григорьев

В) Ж.Б.Сей

Г) И.Шумпетер

 

225.Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

A)4

Б)2

В)5

Г)3

 

226.Kәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

A)Тәуекел

Б) Тұракты

В) Тепе-тендік

Г) Басекелестік

 

227.Тұтынушыларды қорғаудың төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди кай жылы қол қойған болатын.

А)1962 ж. 20 наурызда

Б) 1962 ж. 15 наурызда

В) 1963 ж. 10 наурызда

Г) 1963 ж. 20 наурызда

 

228.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Экономикасына тұтастай алғанда қанша долларға жуық инвестиция тартылған.

A) 22 млрд

Б)23 млрд

В) 21 млрд

Г)24 млрд

229.Тұтынушыларды қорғаудың қанша негізгі құқығы бар?

A)5

Б)2

В) 4

Г)3

230.Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы мен қалыптасуының объективті шарттары қандай?

А) қоғамдық еңбек бөлінісі

Б)Экономиканың субъектілерінің экономикалық жекеленуі

В)Кәсіпкерліктің субъектілерінің дербестігі

Г)Барлық жауап дұрыс

 

231.Келесілердің қайсысы шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінің элементі болуы міндетті емес

А)Көп партиялық

Б)Жекеменшікті қорғау

В)Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті

Г)Еңбекті экономикалық ынталандыру мен жұмылдыру

 

232.Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесінің кемшілігін табыңыз

А)Нарықтың тауарлар мен қызметтерге толығуы

Б)Азаматтардың жеке ынталарының төмендеуі

В)Сенімсіздік және тұрақсыздық

Г)Мемлекеттің басты рөлі

 

233.Нарықтық қатынастардың негізгі қатысушылары болып табылатындар

А)Үй шаруашылығы және фирмалар

Б)Үй шаруашылығы және мемлекеттік кәсіпорыңдар

В)Үй шаруашылығы фирмалар және мемлекет

Г)Мемлекет және шет елдер

 

234.Нарық – бұл

А)Сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастар жүйесі

Б)Айырбас саласындағы әлеуметтік экономикалық қатынастар жиынтығы

В)Нақты тауардың сатып алушылары мен сатушыларын біріктіретін кез келген институт немесе механизм

Г)Барлық жауап дұрыс

 

235.Мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты –дегеніміз не?

А)Ассигновация

Б)Субсидия

В ) Сувенция

Г)Дотация

 

236.Фискалды қызмет дегеніміз не?

А) Бөлу қызметі

Б ) Жұмылдыру

В) Ынталандыру

Г) Реттеуші

 

237.Жалақы, акция дивиденті, жер рентасы – қай қаржы түрі?

А) Шаруашылық қаржы

Б) Тұрғындардың қаржысы

В) Мемлекеттік қаржы

Г) Кәсіпорын қаржысы

 

238.Қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, әлеуметтік қорғау шығындары?

А)Трансформациялық

Б) Әскери

В ) Трансферттік

Д)Шаруашылық

 

239.Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады?

А ) Фискалды

Б) Бөлу

В)Реттеуші

Г)Ынталандыру

 

240.Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалатын салық?

А)Тұрақты

Б ) Пропорционады

В)Регрессивті

Г)Жанама

 

241. Салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәнділікті зерттеген ғалым?

А)Артур Вексель

Б ) Артур Лаффер

В) Давид Рекардо

Г) Джойн Кейнс

 

242.Адамның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін не деп атайды?

А)минималды тұтыну бюджеті

Б ) өмір сүру минимумы

В)лаффер қисығы

Г)атаулы тұтыну бюджеті

 

243Егер өндіріс жылдан-жылға бір көлемде жаңарып отырса, онда бұл:

А) кеңейтілген ұдайы өндіріс

Б) кең көлемде өндіріс

В) негізгі өндіріс

Г) қарапайым ұдайы өндіріс

244өспелі көлемде өндірістің жаңаруы бұл:

А) қарапайым ұдайы өндіріс

Б) жай ұдайы өндіріс

В) өспелі ұдайы өндіріс

Г) кеңейтілген ұдайы өндіріс

245өндіріс деген не?

А) материалдық емес игіліктерді жасау процесі

Б) еңбек заттар мен құралдардың жиынтығы

В) мақсатқа жету үшін адамдардың өзара әрекет процесі

Г) материалдық игіліктерді жасау мақсатында адамдардың табиғи заттарға әсер ету процесі

246Қоғамдық өндірістің ерекше факторлары

А) еңбек, жер, капитал

Б) кәсіпкерлік мүмкіншілік, ғылым ақпарат

В) жер, кәсіпкерлік мүмкіншілік

Г) еңбек, жер, ғылым

 

247Төмендегі түсініктердің қайсысы макроэкономикада қарастырылмайды?

А) жеке тұтынушының нарықтағы әрекеті

Б) халықаралық экономикалық қатынастар

В) экономикалық өсу

Г) инфляция

 

248 «Ресурстар» мен «өндіріс факторлары» түсініктері нені білдіреді?

А) өзара синоним болып табылады

Б) өзара байланысты емес

В) ресурстар шектеулі, ал өндіріс факторлары шектеусіз

Г) ресурстар өндірісте қолданылуы мүмкін, ал факторлар оған тікелей қатысты

249«Өндіріс мүмкіншілігін шектеу» экономикалық үлгісі нені көрсетеді?

А) қоғамда шектеулі ресурстармен қандай тауарларды өндірген ұтымдырақ екендігін

Б) қоғам меншігіндегі барлық ресурстарды толықтай іске қоса отырып, екі тауар өндірудің баламалы нұсқаларын

В) екі тауар өндірісіне қандай технологияларды пайдалану қажеттігін

Г) дұрыс жауап жоқ

 

250Егер экономика тұтас жүйеде зерттелсе, онда бұл атау:

А) микроэкономикалық

Б) макроэкономикалық

В) позитивтік

Г) нормативтік

 

251Ресурстардың шектеулілігі таңдау қажеттілігі .... қатысты.

А) тек кедей елдерге

Б) кедей елдерге де, бай елдерге де

В) қандай елдер үшін екендігі бәрі бір, тек сол елдердегі кедей адамдарға

Г) бай адамдарға қатысты

 

252.Экономикадағы «ресурстардың шектеулілігі» түсінігі нені білдіреді?

А) ресурстардың көп болғандығы соншалықты, оларда тауарлар мен қызметтер өндірісіне толықтай қатыстыруға қоғамның мүмкіншілігі жоқ

Б) қоғамда бар ресурстарды жоғары табыстылықпен пайдалану мүмкін емес

В) қоғамда бар ресурстар оның барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз

Г) экономикалық ресурстар толықтырылмайды

 

253.Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім қалай бөлінеді?

А) номиналды және нақты

Б) номиналды және жалпы

В) ықпалды және номиналды

Г) Ішкі және сыртқы

 

254Ұлттық өнімінің дефляторы деген не?

А) номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасы

Б) шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі

В) амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы

Г) белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

 

255Таза ұлттық өнім дегеніміз?

А) өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады

Б) бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал

В) шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі

Г) Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі

 

256Жиынтық сұраныс дегеніміз?

А) қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

Б) ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі

В) бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі

Г) жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі

 

257Нарық экономикасы қанша дәрежеде қызмет атқарады?

А) «макроэкономика» және «микроэкономика»

Б) ашық және жабық

В) кесінді және қарқынды

Г) «маркетинг» және «менеджмент»

 

258 қайта жұмыс табуға үміттенетін адам қай санатқа жатады?

А) жұмысбастылар

Б) жартылай жұмысбасты

С) жұмыссыздар

Д)жұмысшы күш» санына кірмейтіндерге

 

259.Жұмысшы күші құрамына қайсысы кіреді?

А) зейнет демалысына шыққан тәтті тағам жасайтын маман

Б) жартылай мөлшерде еден жуушы болып жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел

В) жұмыс табудан күдер үзген мұғалім

Г) дұрыс жауабы жоқ

 

260 Уақытша жұмыссыздық ненің құрамына енеді?

А) жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейіне

Б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне

В) жеделдетілмейтін инфляциялы жұмыссыздық деңгейі

Г) барлық жоғарғы жауап дұрыс

261 Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өседі егер:

А) жалақының төменгі мөлшері азайса

Б) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшері артса

В) кәсіби қайта дайындай жүйесі құрылса

Г) барлық жауап дұрыс

 

262 Жұмыссыздар санатына келесілердің қайсысы жатады?

А) бұдан былай істегісі келмейтін көліу механигі

Б) жұмыспен қамту орталығымен бағдарламашылар курсына жіберілген хатшы

В) қатты аязға байланысты жұмыс істемейтін құрылысшы

Г) дұрыс жауабы жоқ

 

263. Экономикалық белсенді емес халық- бұл:

A ) Жұмыс күшіне жатпайтын халық саны.

B) Жұмыс күшіне жататын халық саны.

C) Еңбекке қабілеттілігі бар адамдар.

D) Жұмыс істейтін зейнеткерлер.

E) Жұмыс істейтін студенттер

 

264. Жеке табыс дегеніміз:

A) Салық төлегеннен кейінгі табыс.

B ) Салық төленбегенге дейінгі табыс .

C) Жалақы.

D) Пайда.

E) Процент.

 

265. Банктің актив операциясына қатыстысы:

A) Халықтан салық қабылдау.

B) Банктерден несие алу.

C ) Несие беру.

D) Бағалы қағаздар шығару.

E) Бағалы қағаздарды сақтау.

 

266 Жұмыссыздықтың түрлері нешеге бөлінеді?

А) бөлінбейді

Б) 2

В) 3

Г) дұрыс жауабы жоқ

 

267 Төмендегілердің қайсысы Қазақстандағы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғаныс министрі?

А) Гүлшара Наушақызы

Б) Ербол Тұрмаханұлы

В) Кәрім Қажымұқанұлы

Г) дұрыс жауабы жоқ

 

268 Жұмыссыздыққа қарсы саясат бұл:

А) жұмыссыздарға қаржы бөледі

Б) жұмыссыздарды әлеуметтік тұрңыда қамтамасыз етеді

В) жұмыссыздарға жұмыс табуға көмек береді

Г) жұмыс күшінің қабілетін арттыру және дамыту

270.Уақытша жұмыссыздық деген не?

А) жұмысқа қабілетсіз жандар

Б) жұмыс істегісі келмейтіндер

В) жұмысынан қанағаттанбай жаңа жұмыс іздеушілер

Г) барлық жауап дұр

 

271.Экономикалық өсу деп нені есептеуге болады?

А)алдыңғы жылмен салыстырғанда атаулы ЖҰӨ─нің артуын

Б)алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты ЖҰӨ‒нің артуын

В)10 жыл бойы атаулы ЖҰӨ артуын

Г)дұрыс жауабы жоқ

272.Экономикалық өсудің басты мақсаты ─бұл :

А) экономикадағы капитал қорының атауы

Б) жиынтық жинақтаулар көлемінің артуы

В)елдің эконномикалық әлуетінің артуы

Г)адамдардың тұрмыс жағдайларының артуы

273.Экономикалық өсудің абсолютті көрсеткіші болып қай өсу көрсеткіші табылады?

А)өткен жылғы нақты ЖҰӨ‒мен салыстырғандағы ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ

Б)мерзім басындағы нақты ЖҰӨ ─мен салыстырғандағы мерзім соңындағы ЖҰӨ

В)ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ‒нен өткен жылдың нақты ЖҰӨ‒мін алып,өткен жылдың нақты ЖҰӨ‒не бөлу

Г)мерзім соңындағы нақты ЖҰӨ‒нен мерзім басындағы нақты ЖҰӨ‒ді алып,мерзім басындағы нақты ЖҰӨ─ге бөлу.

 

274.Экономикалық қарқынды өсудің қайнар көзі не болуы мүмкін?

А)Солтүстік теңізде мұнай шығатын жерді ашу

Б)астық өсіретін жерлерді игеру

В)жұмыс аптасының ұзақтығын арттыру

Г)робот‒станоктарын ойлап табу

275.Экономикалық өсудің баламалы шығындары ненің азаюынан тұрады?

А)ағымдық инвестициялардың

Б)ағымдағы тұтынудың

В)ағымдық жинақтаулардың

Г)салықтардың

 

276.Методология дегеніміз не?

А) экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс

Б) Экономиканы зерттейтін сала

В) Жалпыдан жалқыға байланысты зерттейтін сала

Г) Экономикалық теорияларды зерттейтін әдіс

 

277.Экономикалық теорияда қандай әдістер елеулі рөл атқарады?

А) Синтез

Б ) Схема және синтез

В ) методология

Г) Эксперимент және экономикалық реформа

278.Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың қанша амалы бар

А )3

Б )5

В ) 2

Г)1

 

279.Синтез дегеніміз не?

А )экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс

Б) Экономикалық теорияларды зерттейтін әдіс

В) Микроэкономика мен макроэкономиканы зерттейтін әдіс

Г)құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

 

280.Зерттеудің екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттерге байланысты қандай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады?

А )өндіріс құрал жабдықтары

Б) Жұмыс күші

В) Жұмыс және бос уақыт

Г) Жоғардағы барлығы

281. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігін қандай нарық қарастырады:

A) Еңбек нарығы .

B) Қаржы нарығы.

C) Еңбек институттары.

D) Ақша нарығы.

E) Еңбек нарығын реттеушілер.

282. Ақшаның сандық теориясының тепе-теңдігі:

A) MV=NY.

B) MP=VY.

C) MV=PY.

D) M=PY/V.

E) PV=M/V.

283. Эмиссиялық жүйе - бұл:

A) Ақша мен бағалы қағаздарды шығаратын мекеме .

B) Ақша айналымын реттеуші ұйым.

C) Ақша айналымын бақылаушы ұйым.

D) Мемлекеттік емес мекеме.

E) Кәсіпорындар қызметінің жиынтығы.

284. Ақшаның мәні қандай категория бойынша анықталынады:

A) Ақша жүйесі.

B) Ақша айналымы.

C) Ақша массасы.

D) Ақша функциялары (қызметтері).

E) Ақша түрлері бойынша.

285. Ақша айналымының жылдамдығы есептелетін формуланы көрсетіңіз:

A) P=VM/Y.

B) M=VY/P.

C) V=PY/M.

D) MV=PY.

E) PY=MV.

 

286. Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады:

A) Ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы .

B) Өндірілген өнімдерге энергетиканың, еңбектің аз мөлшерде жұмсалуы.

C) Мемлекеттегі фискалды саясаттың ықпалы.

D) Тауар бағасының тұрақтылығы.

E) Ақшаға деген тапшылық.

 

287. Жиынтық сұраныс (AD) – бұл:

A) Шет мемлекеттің алғысы келетін тауарлардың экспортқа қажет ауданы.

B) Шет мемлекеттен келетін импорт тауарларының көлемі.

C) Үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.

D) Нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.

E) Кәсіпорын тауарларының сұранымы және ұсынымы.

 

288. Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл:

A) Шет мемлекеттің алғысы келетін тауарлардың экспортқа қажет ауданы.

B) Шет мемлекеттен келетін импорт тауарлар ауданы.

C) Үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.

D) Нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.

E) Кәсіпорын тауарларының сұранымы және ұсынымы.

289. Мультипликатор (көбейту, көбейткіш) - бұл:

A) Инвестициялардың тұрақтылығын көрсететін коэффициент.

B) Пайданы анықтайтын коэффициент.

C) Инвестициялардың өзгеруі мен ұлттық табыстың өзгеруінің өзара байланысын көрсететін коэффициент.

D) Инвестицияның өсімін көрсететін коэффициент.

E) Корпорация пайдасын есептейтін коэффициент.

290. Экономикадағы кезеңдік (циклдық) ауытқуларға әсер ететін сыртқы факторлардың қатарына не жатпайды:

A) Саяси оқиғалар.

B) Соғыс.

C) Халық санының өсуі.

D) Технологиялық өзгерістер.

E) Монетарлық саясат.

 

291. Экономикадағы кезеңдік (циклдық) ауытқуларға әсер ететін ішкі факторлардың қатарына не жатпайды:

A) Тұтыну.

B) Инвестициялау.

C) Соғыс.

D) Үкіметтің қызметі.

E) Кәсіпорын қызметі.

 

292. Экономикалық кезеңнің (цикл) фазалары:

A) Дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.

B) Тұтыну, өрлеу, кәсіпорынның жабылуы.

C) Экономикалық құлдырау.

D) Кәсіпорындардың саясаты.

E) Мемлекеттік шаралар түрлері.

 

293. Орташа шығын (AC):

A) AC=TC/Q.

B) AC=TC/P*Q.

C) AC=VC+FC/Q.

D) AC=P/Q.

E) AC=∆MC/Q.

 

294. Фирманың пайдасы қандай формуламен анықталады:

A) П =TR-TC.

B) П=MR-MC.

C) П=MR-MC-P.

D) П=MC+P+Q.

E) П=TR-MC.

 

295. Орташа ауыспалы шығындар (AVC):

A) AVC=FC+VC.

B) AVC=ATC/Q.

C) AVC=ATC/P*Q.

D) AVC=VC/Q.

E) AVC=MC*P/Q.

 

296. ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімді) “шығындар” ағымы бойынша есептеу:

A) ЖҰӨ=C+I+NX.

B) ЖҰӨ=NX+P+I.

C) Ж ҰӨ =NX+C+I+G.

D) ЖҰӨ=W+R+I+P.

E) ЖҰӨ=W+C+I.

 

297. ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімді) “табыстар” ағымы бойынша есептеу:

A) ЖҰӨ=C+I+NX.

B) ЖҰӨ=NX+P+I.

C) ЖҰӨ=NX+C+I+G.

D) Ж ҰӨ=W+R+I+P.

E) ЖҰӨ=W+C+I.