СіздіҢ ҮйіҢіз/ тӨтенше жаҒдайды Қалай ескерту.

* Барлық дәрі-дәрмектер мен қауіпті өткір заттарды (уксус, бензин, тұрмыс техникасында қолданылатын химиялық заттарды т.б.) кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау қажет.

* Егер үйде кішкентай бала болса, үстел үстіне дастарханды төсемегеніңіз дұрыс, ол дастарханды тартып қалуы мүмкін.

* Табаны маймен газдың үстінде қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шығып кетуі мүмкін.

* Байқаңыз, желдің әсерінен газдағы от өшіп қалуы мүмкін.

* Плитаға ешнәрсе кептірмеңіз.

* Электр шәйнекке су құйып жатқаныңызда, шәйнектің шнурын тоққа қоспаңыз.

* Қосылған үтікті қараусыз қалдырып кетпеңіз және де егер кішкентай бала болғанда да.

* Ванна бөлмесінде электр техникаларын қолданбағаныңыз абзал.

* Шнурды кілем, паластардың астына қоймаңдар.

* Ешқандай тоққа қосылып тұрған сымды, шнурынан тартып суырмаңыз.

* Жұмсақ жиһаздың үстіне пепильницаны қалдырып кетпеңіз.

* Үстел үстіндегі сөндірілмеген шамның жанына газет, журнал тұрмағаны жөн. Өрт шығып кетуі мүмкін.

* Төсекте шылым шекпеңіз.

* Есіктің задвижкаларын жоғары орнатқаныңыз жөн болар. Кішкентай баланың жоғарыға қолы жетпегені дұрыс.

* Химиялық тұрмыс заттарды балалардан алыс ұстаңыз.

СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗ/ ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ.

* Өткір заттарды балалардан алыс ұстаңыз.

* Аяқ астына тырна, шеге қалдырмаңыз.

* Механикалық заттармен жұмыс істегенде, киіміңізді жөндеп киіп (барлық төмелеріңізді салып), шашыңызды жинаныз.

* Аз уақытқа шықсаңыз да, электр приборларын токтан өшіріп кетіңіз.