ҰрлыҚ / автокӨлегіҢізді айдап кету (угон автомашины).
1. Дер кезінде милицияға ол туралы хабарлаңыз.
2. Егер, автокөлігіңізді үйіңіздің алдынан айдап әкетсе, 02-ге қоңырау шалыңыз, кезекші бөліміне хабарласыңыз. Айдап алып кеткені туралы жеткізіңіз және өз атыңызды, адресті, нөмеріңізді, көлігіңіздің түсін және маркасын айтып, ерекше белгілеріне тоқталыңыз, ол оны іздестіруде көмектеседі.
3. Айдап алып кеткені туралы жазбаша арыз берердің алдын жағдайды нұсқап, автокөлікте болған заттарды аңықтаңыз. Аңықтама алуды ұмытпаңыз. Милиция бөлімшесі кезекшісінің қолы мен айдап кеткені туралы растайтын құжат.
4. Автокөлік табылған болса, бірақ бұзылған болып шықты, сізге тез арада акт жазу керек, бұзылған жерінің фиксировать ету үшін. Берілген акт автоинспекция бөлімшесіне ұсынылады, яғни автокөлігіңіз тіркелген, орнына келтірелген зақым үшін ақшаның мөлшерін аңықтау.
5. Автокөлігіңіз сақтандырылған болса, ақшаның мөлшерін сақтандыру компаниясында анықталады. Барлық құжатты дайындалмағанша, автокөлікті жөндеуден өткізуге асықпаңыз.
ҰРЛЫҚ / ПОЕЗДАҒЫ ҰРЛЫҚ.
Сіздің әрекетіңіз:
- Бірден затыңыздың жоғалғаны туралы вагондағы проводникке немесе бастығына ескертіп айтыңыз.
- Вагонда милиция қызметкерлері, вагоның бастығы мен проводник, жоғалған затыңызды тауып беруге көмектесуге тиіс.
- Егер, вагонда милиция қызметкерлері жоқ болған жағдайда, затыңыздың жоғалғаны жайлы, жақын маңайдағы транспорттық милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
- Берген арызыңызда, тұрақты мекен-жайыңызбен, барар жеріңізді және міндетті түрде затыңыздың дәл қай жерде, қай кезде жоғалғанын, купеңіздегі адамдардың сырт келбетін, қандай адамдардың купеге кіріп-шыққанын, купенің жанында қандай адамдардың жүргенін есіңізге түсіріп, анықтап, ақиқаттын жазыңыз.
ҰРЛЫҚ / ӘУЕЖАЙДАҒЫ ҰРЛЫҚ.
Сіздің әрекетіңіз:
- Егер, сөмкеңізді багаждан алғаныңызда, затыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, онда әуежайдың басқармасына және әуежайдағы милиция қызметкерлеріне хабарласыңыз. Мұндай жағдайда, сіз актті міндетті түрде жазуыңызды олардан талап етіңіз.
- Егер, сіз сөмкеңізді багаждан алған кезде, затыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, бұл жағдайда, әуежай компаниясы міндетті түрде сізге жоғалған затыңыздың ақысын төлеуі қажет. Сол үшін, сөмкеңізді багаждан алған кезде, бірден сөмкеңіздегі заттарыңыздың түгел екеніне көзінізді жеткізіңіз.
- Егер аз затыңыздың жоғалғаны, жайлы әуежай басқармасына немесе милиция бөлімшесіне барар да, қасыңыздағы куәгерді ертіп алғаныңыз жөн болар. Міндетті түрде, әрбір жазған өтінішіңізді кезекші бөлімшесіне тіркелгенің қадағалаңыз.
- Есте сақтаңыз! Кезекші бөлімшесіндегі милиция қызметкері аты-жөнін айтып, өзін таныстырып және сіздің өтінішіңізді орындауы қажет. Милиция қызметкерлердің аты-жөнін жазып алыңыз.
- Егер, милиция қызметкері қылмыскерді ұстаса, онда бұл ақиқаттың протоколға тіркелгенін қадағалаңыз. Сонда ғана сіз қылмыскердің сотқа тартылу жазасын ақиқат етіп, дәлелдей аласыз.
- Пртоколға тіркелген құжаттың 2-ші көшірмесін өзіңізге алғаныңыз жөн.
- Және де протоколды міндетті түрде затыңыздың қайтарылғаны туралы материал тіркелуі қажет.
ҰРЛЫҚ / ТӨЛ ҚҰЖАТТЫҢ ЖОҒАЛУЫ.
- Егер сіз, тұрғылықты қалаңызда төл құжатыңызды жоғалтып алсаңыз, онда бірден милиция бөлімшесіне төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы ескертіңіз. Содан сіз міндетті түрде паспорт столға барып, төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы арыз жазыңыз. Есте сақтаңыз, жаңа төл құжат, жоғалған құжат орнына немесе ұрланған жағдайда, арыз берілген күннен бастап 10 күннен кейін беріледі.
- Егер, сіз төл құжатыңызды отпуск уақытында немесе іс-сапарда жоғалтып алсаңыз, алдымен міндетті түрде қонақтаған қонақ үйіңізге болған жағдайды ескертіп, содан милиция бөлімшесіне төл құжаттың жоғалғаны жайлы арыз жазыңыз.
- Егер сізге, міндетті түрде ұшақпен немесе жай басқа аймаққа жол жүретін болып, төл құжатыңыз қажет болса, милиция бөлімшесіне барып, төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы уақытша аңықтама сұраңыз. Ол аңықтаманы алу үшін, алдымен сізге милиция бөлімшесінен төл құжатыңыздың жоғалған орнын білуіңіз қажет.
ҰРЛЫҚ / НЕСИЕ КАРТОЧКАСЫНЫҢ ЖОҒАЛУЫ.
Егер сізде несие карточканыз немесе чектік кітапшаңыз құжатыңыз жоғалса, бірден сол төл құжатты алған банктің телефонына хабарласып, жарамсыздығын ескертіңіз. Осы әрекетіңізбен сіз карточкадағы шотыңызда ақшаңыздың айырылып қалуыңыздан сақтанасыз. Хабарласқаннан кейін, сізге бәрі бір міндетті түрде банкке барып, төл құжаттың жоғалғаны туралы және жаңасын алуыңыз жайлы аңықтаманы қолмен жазуыңызға тура келеді.
Несие карточканы және оның идентификациялық нөмерді бірге сақтауға болмайды. Есте сақтаңыз, бұл нөмерсіз кепілдік карточкасы жоғалған немесе ұрланған болса, ешқандай құндылығы болмайды.