СУДА / ПАРУСЫ БАР ҚАЙЫҚТЫҢ АУДАРЫЛУЫ (Опрокидывание парусного судна).
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
- Парусқа қатты қысым түспеу үшін, қатты жел болғанда шкоттарды әлсірету керек.
- Қайықты желге өткір бұрыш жасайтындай етіп қою керек.
- Қайықтың тұрақтылығын күшейту үшін, оның ортасына отырыңыз.
- Қатты жел соққанда шкоталарды босатыңыз.
СУДА / КӨП УАҚЫТ СУЫҚ СУДА БОЛУЫ (Пребывание в холодной воде).
Абайсызда суық суға құлаған адам сасқалақтап қалады. Бірінші минуттардан оның демі, жүрек соғысы көбейіп, қысымы жылдам артады. Осындай қалыпта адам 2-3 минут болады. Дәл осы уақыттарда адам су жұту қауіпі көбейіп, дем алыуы де көбейе түсіп, аяқ-қолы тартылуы мүмкін.
Суық суда адам денесінің жылуы өте тез төмендейді. Осындай уақыттарда адам денесі сыртқа шығарған жылуынан 2 есе аз өндіреді. Адам ағзасы суыққа қарсы қорғана бастайды. Сондай жағдайда адамның аяқ қолы қозғалысын жоғалтады. 100С суық суда ең жақсы жүзуші, дәрігерлік дайындықтан өтпеген жағдайда 15-20 минут болып кетеді.
150С суық суда адам су астында дем тоқтатуы да азаяды. Жалпы айтқанда 15-20 сек.
Сөзімізді түйіндей келсек дайындықсыз суға түспеуге тырысу керек. Ал кей жағдайда амалсыз түсу керектігі туады. Сондай уақыттарда мынандай ережелерді сақтау керек:
- Суға бірден түспей ақырындап денеңізді үйретіп түсіңіз.
- Басыңызды судан жоғары ұстауға тырысыңыз. Тым болмағанда алғашқы уақыттарда.
- Деміңізді бір қалыпта сақтауға тырысыңыз.
- Суық суға түскенде арнайы киім киіңіз, ол дене жылуын сыртқа шығуды азайтады.