Ақпарат алу тәсіліне қарай көрсеткіштік, тіркеуші, сигналдаушы, интегралдаушы,реттеуші болып бөлінеді.

көрсеткіштік аспап аспапта өлшенетін шаманың мәнін бақылаушыға беруді жүзеге асырады.

тіркеуші аспап көрсеткішті автоматты түрде жазу қондырғысымен жабдықталады.

сигналдаушы аспап өлшенетін шама белгіленген мәнге жеткенде дыбыстық немесе жарықтық сигналы қосылатын арнайы құралмен жабдықталған.

интегралдаушы аспапта уақыт бойынша интегралданатын шама немесе басқа тәуелсіз айнымалы және есептеу механизмі бойынша өлшенетін шаманың (анықталынатын) суммалық мәні анықталады.

реттеуші аспап процесс параметрлерін реттеу құрылғылары арқылы автоматты басқару қондырғысымен жабдықталады.

Іске асырылуына қарай аспаптар қашықтыққа беру және орнындағы аспаптар болып бөлінеді:

орнындағы аспаптар объектіде немесе объектінің маңайында орналасады. Мысалы, шыны термометр, тахометр.

№ 38 билет

1. Негізгі әсер тізбегі

АБЖ нің не оның қарастырылатын бөлігінің шартты түрде бөлінген кірісінен шығысына қарай бағытталған әсер тізбегін жүйенің негізгі әсер тізбегі деп атайды. Негізгі әсер тізбегіні автоматты жүйені немесе жүйе бөлігін қандай мақсат үшін пайдаланылатынына қарай іріктелінеді. Жалпы алғанда автоматты жүйенің басқарушы құрылғысы негіхзгі әсер тізбегіндегі функционалдық құрылығысының, қосымша байланыс құрылғысына және қоысмша кері байланыс құрылғысынан тұрады.

2. Лагорифмдік жиіліктік критерийі

Бұл критерий тұйықталмаған жұйенің ЛАЖС және ЛФЖС бойынша тұйықталған жүйенің орнықтылығын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйенің орнықтылық шекарасында болу шарты келесі теңдеумен анықталады

и (14.2)

Логарифмдік жиіліктік сипаттамалардың өзара орналасуларына қарай жүйе орнықтылығы былайша анықталады (14.2 сурет)

Егер орнықты тұйықталмаған жүйе ЛФЖС φ(w)=- -1800 түзуін қиып өткен сәтте, жүйе ЛАЖС теріс таңбалы L(w) < 0 болса, онда тұйықталған жүйе де орнықты болады.

14.2 сурет а)-орнықсыз (1) және орнықты (2)жүйе, б)- жүйе орнықтылық шекарасында

-

Егер тұйықталмаған жүйе ЛФЖС φ(w)= -1800 түзуін бірнеше жерден қиып өтсе, онда тұйықталған жүйе орнықтылығы үшін, жүйе ЛФЖС-ың қию жиілігіне Wср дейінгі φ(w)= -1800 түзуін қиып өту саны жұп болуы шарт. Қию жиілігі Wср деп L(w) = 0 шартын қанағаттандыратын жиілікті айтамыз. 14.3 суретте орнықты жүйенің мысалы келтірілген (қиып өту саны екеу)

14.4 сурет Жүйе ЛФЖС φ(w)= -1800 түзуін бірнеше жерден қиып өтуі

3. Реттеуіштер

Автоматты реттеу деп- технологиялық процесстің параметрлерін алдын ала берілген заңдылықпен өзгертуді немесе берілген деңгейде ұстап тұруды айтады.

Автоматты реттеуішпен (АР) реттелетін объектінің (РО) жиынтығы автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) құрайды.

Автоматты реттеуіш деп- реттелетін шаманы берілген мәнде ұстап отыратын немесе берілген заңдылықпен өзгертіп отыратын техникалық құрылғыны айтады.

Реттеуіштердің негізгі міндеті-реттелетін шаманың нақты мәндері мен жоспарланған мәндердің арасындағы ауытқуға пропорционал, реттеуші ықпалды тудыру болып табылады.

Реттеу заңдары бойынша реттеуіштер пропорционалдық (П-реттеуіш), интегралдық (И-реттеуіш), пропорционалдық – интегралдық (ПИ-реттеуіш), пропорционалдық- дифференциалдық (ПД-реттеуіш) және пропорционалдық – интегралдық- дифференциалдық (ПИД-реттеуіш) болып бөлінеді.

 

№ 39 билет

1. Біртіндеп санау тәсілі дегеніміз не?

2. Қысымды реттеудің автоматтандырылған жүйесі

3. Потенциометрлік түрлендіргіштер

Потенциометрлік түрлендіпгіштер. Потенциометрлік түрлендіргіш сезгіш элементтің ығыстырылуын өзінің электр кедергісін өзгертуі нәтижемінде тұрақты не айнымалы токқа түрлендіреді. Жылжымалы жанаспалы бұрыштық және сызықтық ығысаты түрлендіргіштер бар. П.Т. жылжымалы жанаспадан және реахордтан тұрады. Реахордтың құрылысына қарай п.т. сызықтық және функцоналдық болып жіктеледі. Сызықтық п.т-ң қимасы,сым диаметрі және орам адымы өзгермейді. Функционалдық п.т-ң сым орамының қимасы біркелкі емес бейсызықты болып келеді.П.Т-дің пропорционал аймағы 20% және 100%-тік етіп жасайды. Өйткені олар өлшеуіш аспаптың бүкіл шкаласын қамтиды.П.Т-ң кемшіліктері жылжымалы жанаспаның болуы және сызықтық сипаттаманы алу қиындығы жатады, әйтседе құрылысының қарапайымдылығы мен күшейткішті қажет етпеуі аталған кемшіліктердің орнын басады.

№ 40 билет

1. Автоматты басқару құрылғысы

Автоматика - деп өндірісте процесстерді адамның қатысуынсыз басқаруға қажет техникалық құрылғылар мен басқару жүйелерін құруды қамтитын ғылым мен техника салаларын айтады.

Автоматика өндірісті автоматтандырудың негізгі саласы болып табылады. Автоматтандырудың міндеті- өндірілетін өнімнің сапасы мен еңбектің тиімділігін арттыру.

Кез келген өнірісте технологиялық процесстер белгілі бір физикалық шамалармен (параметрлермен) сипатталады. Өндіріс кезінде бұл шамалар алдын ала берілген бір деңгейде ұсталып немесе белгілі бір программа бойынша өзгеріске ұшырауы тиіс. Бұл міндетті әдетте автоматты басқару жүйесі (АБЖ) немесе автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) жүзеге асырады.

Автоматты басқару деп- қойылған мақсатқа жету үшін технологиялық процесске тиімді әсер ететін ықпалдардың жиынтығын айтады.

Автоматты түрде басқарылатын құрылғылар (АБҚ) мен басқарылатын объектінің (БО) жиынтығы АБЖ құрайды.

Автоматты басқару құрылғысы деп- адам қатысуынсыз басқару функцияларын жүзеге асыратын технологиялық жабдықты айтамыз.

2. Типтік динамикалық буындар

Буындарды сипаттаушы теңдеулердің түрлеріне қарай келесі типтік буындарды атап өтуге болады: пропорционалдық (рычаг, редуктор, потенциометр, жартылай өткізгішті күшейткіштер т.с.с..); апериодтық (жылу обьектілері, R-L контуры, термопара, термокедергі, электромагнитті реле т.с.с.); тербелмелі (пружиналы маятник, магнитоэлектрлік түрлендіргіштер, R, L, C – контуры т.с.с.); интегралдаушы (электрқозғалтқыш); дифференциалдаушы (тахогенератор) және таза кешігу буыны (транспортерлер). Әрбір типтік буындардың келесі динамикалық сипаттамалары болады: буын теңдеуі, беріліс функциясы , өтпелі және импульсті өтпелі функциялары , жиіліктік сипаттамалары

3. Температура түрлендіргіштері