Автоматты реттеу деп- технологиялық процесстің параметрлерін алдын ала берілген заңдылықпен өзгертуді немесе берілген деңгейде ұстап тұруды айтады.
Автоматты реттеуішпен (АР) реттелетін объектінің (РО) жиынтығы автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) құрайды.
Автоматты реттеуіш деп- реттелетін шаманы берілген мәнде ұстап отыратын немесе берілген заңдылықпен өзгертіп отыратын техникалық құрылғыны айтады.
Реттеу объектісінде технологиялық процесстің параметрлерлері реттеліп отырады.
2. Автоматты басқару жүйесінің құрылымы
Автоматты басқару жүйесі құрылымы жағынан әртүрлі болуы ықтимал жалпы жағдайда бұл құраламға белгілі бір ерекше қасиеттерімен және аралық әсер беру жолдарымен шектелген автоматты жүйені түзетін дербес бөліктердің жиынтығы жатады. АБЖ алгоритмдік, функционалдық және конструкциялық құрылымдары болады.
3. Автоматты реттеу жүйесінің қозғалыс теңдеуі
Автоматты реттеуішпен (АР) реттелетін объектінің (РО) жиынтығы автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) құрайды.
Автоматты реттеуіш деп- реттелетін шаманы берілген мәнде ұстап отыратын немесе берілген заңдылықпен өзгертіп отыратын техникалық құрылғыны айтады.
Реттеу объектісінде технологиялық процесстің параметрлерлері реттеліп отырады.
Тәжрибе жүзінде реттеудің негізгі 2 түрі бар:
1. Қозу әсері бойынша реттеу принципі (компенсациялау принципі).
Бұл принциптің ерекшелігі, реттеуші ықпал реттеу объектісіне әсер ететін қозуларға тәуелді түрде туындайды:
Бұлай туындаған реттеу әсері нәтижесінде, РО қозу әсерлері бейтарапсыздандырылады.
Кемшілігі: Реттеу жүйесінің шығысынан кірісіне реттелетін шамалардың нақты мәндері туралы деректердің түспеуі (себебі- жүйедегі кері байланыстың жоқтығы).
2. Ауытқу бойынша басқару принципі.
Бұл принципті жүзеге асыру үшін, жүйеде кері байланыстың болуы шарт.
Реттеу әсері жүйе шығысындағы реттелетін шаманың нақты мәні
мен жүйе кірісінің жоспарланған мәнәінің
арасындағы ауытқуға
тәуелді туындайды.
Артықшылығы: Реттеу жүйесінің шығысы мен кірісіне кері байланыстың нәтижесінде келіп түскен реттелетін шамалардың мәндері реттеу әсерін туғызуға тікелей әсерін тигізеді.
Кемшілігі: Егер жүйеде үлкен беріліс коэффициентіне сәйкес режимде жұмыс істесе, жүйенің орнықтылығы нашарлайды және автотербеліске бейім болып келеді.
№ 22 билет
1. Басқару алгоритмі деген не?
Басқару объектісі деп- технологиялық процесстерді жүзеге асыратын жабдықтарды айтады. Жалпы технологиялық процесстер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектілеріне жатады. Технологиялық процестің өзі де басқару объектісі бола алады, әр объектіде физикалық шаманың берілген мәнін тұрақтандырып, немесе оны берілген бағыттта өзгертіп отыратын басқарғыш құрылғысы болады. Технологиялық процесті берілген қызымет алгоритмі бойынша өткізу мақсатында объектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді.
2. Орнықтылық қоры жайлы түсінік
Жүйенің орнықтылығы деп оның тепе-теңдік күйінен ауытқуына себеп болған әсерді алып тастағаннан кейін, баспатқы орнықтылық қалпына оралу қабілеттілігін айтады.
Автоматты реттеу жүйесінің статикалық тепе-теңдік күйі әртүрлі болады. Жүйенің орнықтылық режиміндегі тепе-теңдік күйі үш түрге ажыратылады (12.1 - сурет):
12.1 сурет. Тепе теңдік күйдің үш түрі: а – орнықты; б – орнықсыз; в – бейтарап.
Тепе теңдік күйдің мүмкін болатын түрлерін алдымен беттің әртүрлі нүктелерінде орналасқан шариктің қозғалыс бағытынан қарастырайық: а) шарикті бастапқы тепе теңдік күйіне қайтарушы F күші шарик беттің қай жерінде жатса да пайда болады; б) шарик тепе-теңдік күйінен сәл ауытқыса F күші пайда болып, оны одан әрі тепе теңдік күйінен ауытқытуға тырысады; в) шарик беттің қай нүктесінде жатса да орнықты күйінде қалады.
3. Құрылымдық схеманы парапар түрлендіру әдісін сызып көрсет
Көп контурлы жүйелердің беріліс функциясын анықтау үшін, оларды бір контурлы жүйеге түрлендіреді. Түрлендіру барысында құрылымдық схемаларды түрлендіру ережелері қолданылады. Төменде (8.3 сурет) құрылымдық схемаларды парапар түрлендіру ережелері келтірілген
Қосу элементін жылжыту
Түйінді жылжыту
8.3 сурет. Қосу элементін және түйінді жылжыту
Қосу элементін сигналдың өту бағытымен жылжыту барысында косу элементінің кірісіне аттап өткен буынның беріліс функциясы тіркеледі, ал сигнал бағытына қарсы бағытта жылжыту барысында косу элементінің кірісіне аттап өткен буынның беріліс функциясының кері шамасы тіркеледі. Схемаларды түрлендіру барысында қосу элементін сигналдарды алу түйіні арқылы секіртуге болмайды. Түйіндерді жылжыту ережесі суретте көрсетілгендей, қосу элементін жылжыту операцияларына керісінше іске асады. Түйіндердің орнын ауыстыруға болады.
№ 23 билет
1. Автоматты реттеу жүйесі деген не?
Кез келген өнірісте технологиялық процесстер белгілі бір физикалық шамалармен (параметрлермен) сипатталады. Өндіріс кезінде бұл шамалар алдын ала берілген бір деңгейде ұсталып немесе белгілі бір программа бойынша өзгеріске ұшырауы тиіс. Бұл міндетті әдетте автоматты басқару жүйесі (АБЖ) немесе автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) жүзеге асырады.
Автоматты реттеу деп- технологиялық процесстің параметрлерін алдын ала берілген заңдылықпен өзгертуді немесе берілген деңгейде ұстап тұруды айтады.
Автоматты реттеуішпен (АР) реттелетін объектінің (РО) жиынтығы автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) құрайды.