«ӨзіҢді физика Әлемінде таны»
«БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ БӨЛІМІ» ММ
«БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ №2 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ » КММ
«ӨЗІҢДІ ФИЗИКА ӘЛЕМІНДЕ ТАНЫ»
атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген
инновациялық (танымдық) курсы
Авторы: Макенбаева Гаухар Жакыпбайкызы
- физика пәні мұғалімі
Балқаш
Түсінік хат
«Өзіңді физика әлемінде таны» атты өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген курсын оқыту үдерісінде негізгі назар оқушыларға дайын білімдер жиынтығын беруге емес, оларды қоршаған әлемді танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстыруға, білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамытуға себептесетін, оқушыдан шешімін табу үшін өзбетінше әрекет етуді талап ететін проблемалар қоюға аударылуы қажет.
Оқушыларды эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі туралы, физика заңдарын техника мен технологияда қолданудың кең мүмкіндіктері туралы біліммен қаруландыру;
Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсіну математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.
Курсты оқытудың мақсаты:
- Оқушылардың ой-қабілетін дамыта отырып, физиканы қоршаған ортамен, өмірмен байланысын тереңірек түсінетін дарынды оқушылар қатарын көбейту.
Курсты зерделеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- оқушылардың ой-өрісін дамыту, олардың өз бетінше білім ала білуін және оны қолдана алуын, физикалық құбылыстарды бақылай алу біліктілігін қалыптастыру;
- қоршаған ортаны тану, қорғау, түсіну;
- оқушыларға материя құрылысының бірлігі туралы идеяларды және оны танып-білу процесінің шексіздігі, физикалық құбылыстар мен заңдарды танып-білудегі практиканың ролі жайлы білімдерді игерту;
- физикаға мен техникаға танымдық қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттіліктерін, оқуға деген саналы көзқарасты, білімді жалғастыруға және кәсіпті саналы таңдауға дайындықты қалыптастыру.
Курстың өзектілігі:
Негізгі білім берудің мақсат-міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Физиканы оқытудың өзектілігі тәрбиелік, дамытушылық, жалпы мәдениеттілік сипат ала отырып, әлемнің физикалық бейнесін, физика ғылымының даму жолдарын экономикамен, адамзаттық мәдениетпен, өмірмен философиялық ақиқатпен байланыстырып, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын, шығармашылықтарын дамытуға әсер етеді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ой – өрісін кеңейте отырып, ойлау қабілеті дамиды, ізденімпаздығы артады, ұқыптылыққа, жауапкершілікке бейімделеді. Өз бетінше жұмыс істеу белсенділігі мен логикалық ойлау қабілеті дамиды.