Прагмалингвистиканың әдіс -тәсілдері
Прагмалингвистика бірнеше үрдістен тұрады: жағдаят, коммуниканттардың стратегиясы, коммуникативтік ниетін жүзеге асыру үшін тілдік құралдарды талдау т.с.с. Осы жағдайлар негізінде прагматикалық талдау мәліметтері бір ғана операциямен жүзеге аспайды. Ол үшін бірізді операциялар жүйесі қажет. Ондай қатаң операциялар жүйесі қойылған міндеттерді шешуге әкеледі.
Прагмалингвистиканың негізгі әдіс-тәсілдеріне алгоритм жатады. Алгоритм дегеніміз белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы.
Негізгі ұғымдар
Алгоритм – белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы.
Дискурс (фр. Discours – логикалық байланыста айтылған сөз, сөйлем) – экстралингвистикалық факторларды (жағдаят, әңгімелесушінің мінезі, кинесика және фонация) есепке ала айтылған индивидтің ауызша мәлімдемесі.
Прагматика (гр.рragma-қимыл) коммуниканттардың бір-біріне және сөйлеу немесе сөз мазмұнына (ауызша немесе жазбаша) олардың коммуникативтік ниетін есепке алғандағы қатынасы.
Коммуникация (лат. сommunicare - байланысу) екі немесе одан да көп индивидтердің арасындағы вербалды немесе вербалды емес қатынастарды қолдана отырып мәлімет алмасуға немесе беруге негізделген байланыс.
Мәтін талдаудың әдіс-тәсілдері
Мәтінді зерттеуге қызығушылық өткен ғасырдан басталды. Мәтін талдау жазбаша дереккөздерден алынған сөйлемдерге талдау жасаудан басталды. Мәтін талдау теориясындағы коммуникацияның дискурсқа қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Мәтін үрдіс емес, ол жазбаша түрде сөйлеудің нәтижесі. Онда тек қана хабар бар да, адамдар арасындағы ақпарат алмасу жоқ. Мәтін авторы мәтінді қарым-қатынасқа түспей, оның мәтін мазмұныныа әсерін білмей-ақ орташа оқырманға бейімдейді.
Мәтін талдаудың негізгі мақсаттары:
1) мәтін типін, түрін анықтау; 2) мәтіндердің құрылымын зерттеу; 3) мәтін ішіндегі байланыс ерекшеліктерін анықтау; 4) мәтіннің семантикалық-прагматикалық ерекшеліктерін анықтау.
Мәтін талдаудың әдістері
Мәтін талдау кешенді сипатталған бағытта жүзеге асады. Ол алгоритм жүйесіндегі бірізді қадамдарадан тұрады. Кез келген мәтін талдаудың алгоритмі төмендегідей:
1) мәтінді межелеу (белгілеу);
2) мәтін типін анықтау;
3) мәтін тақырыбын анықтау;
4) мәтін құрылымын анықтау;
5) мәтін ішіндегі байланыс ерекшеліктерін анықтау;
6) мәтін стилистикасының ерекшеліктерін анықтау;
7) мәтіннің прагматикалық маңызын, мәнін анықтау.
Негізгі ұғымдар
Референт – ішкітілдік шындық объектісі ретінде айтушының сөйлеу үзіндісін айтуы.
Сөйлем – коммуникативтік деңгейдегі негізгі синтаксистік бірлік.
Когезия – деректер, уақиғалар және әрекеттердің өзара тәуелділігін қамтамасыз ететін мәтіндегі сөйлемдердің мағыналары арасындағы байланыс.
Кореференция – когезияның негізгі тілдік құралы. Мәтінде адамдардың немесе заттардың атауын қайталап атау үшін қолданылатын әртүрлі тілдік формалар.