Тікелей құрастырушылар бойынша талдау

Бұл әдістің мақсаты сөйлемді екі бөлікке бөліп, суреттеу әдісі арқылы зерттеу. Аталмыш әдіс бойынша сөйлем екіге бөлінеді, кейде тіпті бөлінбейтін соңғы құрастырушыға дейін бөледі. Бұл бөлуді дихотомиялық бөлу (гр.dicha-екі бөлікке + tome-бөлу) деп атайды.

Негізгі ұғымдар:

Конструкция – тіл сызықтығында орналасқан кез-келген бірліктер тобы. Ол сөйлем, сөз тіркесі, композита (күрделі сөз) немесе туынды сөз (кітап/кітап-ша) болуы мүмкін.

Тікелей құрастырушы (ағылш. immediate constituents)конституэнттер ретінде конструкцияға кіретін элементтер.

Соңғы құрастырушылар – (ағылш. ultimate constituents) – тікелей құрастырушылардың (фонема, морфема) әрі қарай бөлінбейтін бірліктері.

Аллофон – фонема нұсқасы, альтернат. Фонеманың нақты манифестациясының бір түрі.

Алломорф – морфеманың нақты манифестациясының бір түрі, нұсқасы, альтернаты (орыс. друг-, друз-, друж-.).

Дистрибутивті әдіс

Лингвистика әдіснамасында дистрибутивтік әдіс маңызды орындардың бірін алады. Бұл әдіс бойынша мағынаның парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарын есепке ала отырып, басты назар семантикаға аударылады.

Дистрибутивті әдіс (ағылш. distribution-бөлу, распределение) сөйлем ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің аймағын жасанды түрде өзгерте отырып олардың семантикалық байланысын анықтау. Ол үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:

1) Кез-келген конструкция ішіндегі лексика-грамматикалық байланыстарды зерттеу;

2) Жеке сөздер мен сөздер кластарының мағынасының құрамын айналасындағы сөздер негізінде анықтау;

3) Сөздер мен сөз кластары ерекшеліктерінің сандық мөлшерін анықтау.

Негізгі ұғымдар

Дистрибуция – берілген сөздер класындағы барлық элемент қоршауының жиынтығы немесе аталмыш элементтің сөйлем ішінде кездесетін барлық лексика-грамматикалық қоршаудағы жиынтығы.

Қоршау Мыс. Бала су ішіп жатыр. Бұл сөйлемде «бала» және «су» сөздері, «ішу» етістігінің қоршауын құрайды.

Сөздің лексикалық класы конституент (гипоним) ретінде нақты бір сөздің жалпы ұғымын беретін сөздердің жиынтығы. Мысалы, қайың = ағаш; ұл бала = адам; су = сұйық зат;.

Сөздердің семантикалық маркері (фр. marquer-белгілеу, белгі жасау) сөздердің семантикалық немесе грамматикалық класын білдіретін шартты белгілер.

Семантикалық өрісмағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы.

Тіркесім (сочетаемость) сөздің грамматикалық ерекшеліктерді ескермей белгілі бір семантикалық класс сөздерінің айналысында болу қабілеті. Бұл сөздердің конструкция ішіндегі сапалы түрде шектелуі.

Валенттілік сөздің басқа сөз тұлғаларымен байланыса алу потенциясы, басқаша айтқанда оның грамматикалық және лексикалық семантикасын ашатын, нақтылайтын басқа бірнеше сөз тұлғаларын иемдене алу қабілеті.

Актант етістік қоршауындағы семантикалық элементтер. Олар етістікпен берілген әрекетте міндетті түрде қатысады. Актанттар саны валенттілікті анықтайды. Мысалы, ішу етістігі. Бала су ішіп жатыр. Бұл етістік екі валентті.

Валенттілік түрлері. Етістіктің актанттармен байланысу қабілетінің күшіне қарай валенттіліктің үш түрін айыруға болады:

1) Міндетті валенттілік. Бірде бір актант түсірілмейтін жағдай. Мысалы: Студент сабаққа қатысады

2) Факультативті валенттілік. Бір актант түсіріліп айтылуы мүмкін. Мысалы, Бала (нан) жеп отыр.

3) Еркін валенттілік. Актанттар етістікпен байланысты болмаған жағдайда және олар сөйлемнен оңай алынып тасталынады немесе оңай қосылады. Мысалы, Арман түскі асты (асханада) сағат үште (досымен) ішті.

Дистрибутивті талдау тәсілдері

Субститутция – семантикалық класты анықтау мақсатында актанттардың орнын ауыстыру. Мысалы, Бала кітап оқып отыр. Сол жақтағы актант: бала, қыз, студент, жұмысшы = адам. Оң жақтағы актант: оқу, ашу, алу = қимыл. Бала кітап оқып отыр деген сөйлемнің орнына Студент кітапты алып жатыр деп ауыстыруға болады.

Дистрибутивті кеңейту (развертывание) тәсілі

Бұл тәсіл сөздің мағынасын анықтау мақсатында конструкция ішіндегі элементтер санын ұлғайту үшін қолданылады.

Салыстырыңыз: сұр пальто, сұр күн, сұр адам т.с.с.

Дистрибутивтік жинау тәсілі (свертывание)

Қажетті минимумдағы актанттарды немесе өзекті сөйлемдердегі валенттілік түрін анықтау үшін қолданылатын әдіс.

Мысалы, Досым кеше маған Алматыға ұшақпен келді:

Досым келді.

Досым маған келді.

Досым кеше келді.

Досым Алматыға келді.

Досым ұшақпен келді.

Досым Алматыға ұшақпен келді.

Негізгі өзекті сөйлем: досым маған келді.

Кестелік тәсіл (лат. мatrix – негіз, қайнар көз) – зерттеліп отырған құбылыстардың арасындағы қатынас түрін анықтау мақсатында кесте жасау әдісі.

Лингвистикадағы өрістік тәсіл

Қазіргі таңда тіл білімінде сөздік құрамды сипаттауда негізге алынатын нәтижелі тәсілдердің бірі ,,өрістік” тәсіл, себебі бұл тәсіл семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алады.

Өріс – мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы.