III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: §25. Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары.
Мақсаты: 1. Білімділік: Қосжарнақтылар класына жататын көкнәр, алабота тұқымдастарының тобына енетін өсімдіктер түрлерімен таныстырып, олардың адам өміріндегі пайда, зияндарын үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды дәрілік өсімдіктердің қасиеттерін біліп, өсіп-көбеюіне жағдай жасауға баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың өз өлкесінде өсетін өсімдіктер жайындағы білімдерін молайтып, өз ойларын толық айта білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: технология, жаратылыстану, валеология.
I . Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу,түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Берілген гүлдерді анықтап, формуласын жазыңдар және диаграмасын сызыңдар.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жабық тұқымды өсімдіктер ағаш, бұта, шөптекті болып келеді. Ең негізгі ерекшелігі – олардың тұқымбүршігі аналық жатынының ішінде өседі. Сондықтан бұларды жабық тұқымды өсімдіктер деп атайды.
Жабық тұқымды өсімдіктер | Басқаларынан айырмашылығы | Гүлді өсімдіктер бөлімі |
Тұқым әрқашан жеміс ішінде өседі. | Гүлі мен жемісінің болуы | Жеміс пен тұқым гүлдеу нәтижесінде ғана түзіледі. Гүлді өсімдіктердің маңызды ерекшелігі – қосарлы ұрықтану. |
Гүлді өсімдіктер 2 класқа жіктеледі.
Қосжарнақтылар | Даражарнақтылар |
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Көпшілігінде жүзуші ұлпа – камбий болады. | Шашақ тамырлы,жапырақтары қатар және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы пияз бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер. |
Даражарнақтылар көкнәр, алабота тұқымдастар болып екіге бөлінеді
Көкнәр тұқымдастар | Алабота тұқымдастар |
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Ғаламшарда 700-ге жуық түрлері бар. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың 44 түрі өседі. Көкнәрдің гүлі қосжынысты. Жемісі – қауашақ, тұқымдары – ұсақ, түсі қара болып келеді. Сирек кездесетіндіктен, жіңішке көкнәр Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Ол шөптекті көпжылдық өсімдік. Көкнәр тұқымдастардан жабайы көкнәр, сеппе көкнәр, т.б.көбірек белгілі. Ұйықтататын көкнәр дәрі ретінде пайдаланылады. Көкнәрдан ас әзірлейтін май да өндіріледі. Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп - бұлар да қөкнар тұқымдас өсімдіктер. Көкнәр тұқымдас үлкен сүйелшөп – улы өсімдік. Ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланылған. Сондықтан «сүйелшөп» аталған. Көкнәрлар тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр Т2К2+2АЖ | Басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы кейде бұта кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар. Алабота тұқымдастар – кіндік тамырлы,көпшілігі көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты болып келеді. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды. Олардың түсі жасыл жасыл немесе сары болып келеді. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады. |