2. Тау кен қазбасының негізгі элементтеріне анықтама бер.

3. Тау кен қазбасының қима пішіндері қандай болады.

4. Кеңістікте орналасуы бойынша тау кен қазбасының жіктелуі.

5. Қазбаның жарықтағы және қаранғыдағы көлденен қима ауданы нені білдіреді.

6. Тау кен қазбасының көлдене қима өлшемдері неге байланысты.

Ж ұмысты орындау тәртібі

1. Тапсырма алу.

2. Есеп жүргізу.

3. Көрсетілген өлшемдерімен қазбаның көлденен қимасының схемасын құру.

4. Тәжірибелік жұмыстың есебін жазу.

5. Жұмысты қорғау.

Есеп беру мазмұны

1. Тапсырманың берілгені.

2. Тапсырманы есептеу:

- қазбаның тік қабырға биіктігін анықтау;

- қазбаның енін анықтау;

- күмбез биіктігін анықтау;

- күмбездің остік және бүйірлік доға радиусын анықтау;

- қазбаның толық биіктігін анықтау;

- қазбаның жарықтағы және қараңғыдағы қөлденен қима ауданын анықтау.

Қолданылатын әдебиеттер

1. В. К. Щехурдин, В. И. Несмотряев, П. И. Федеренко. Горное дело. М. : Недра, 1987.

2. В. К. Шехурдин. Задачник по горным работам, проведению и креплению горных

выработок. М. : Недра, 1985.

Есептеу әдістемесі

Қазбаның көлденен қимасыының өлшемі оның қызметіне, келіп түсетін ауа мөлшеріне,

машинаның сыртқы өлшем іне, машинадан қазба қабырғасына дейінгі аралыққа байланысты.

Қазбаның көлденен қима өлшемі жарықтағы және қараңғыдағы болып бөлінеді.

Қараңғыдағы өлшемі жарықтағы өлшемімен бекітпе қалыңдығының қосындысымен, ал

жарықтағы өлшемі қауіпсіздік тәртібіне сәйке с анықталады.

Қозғалмалы құрам мен бекітпе арасы 200 мм артық болуы керек. Рельс басынан басталған

қазбаның жарықтағы биіктігі 2000 мм кем болмау керек. Контактылы сымды ілу биіктігі

1800 мм кем емес. Контактылы сыммен қазба бекітпесі арасындағы қашық тық 200 мм аз

емес.

Рель басынан басталған қазбаның қабырға биіктігі:

1 a h =1800 - h , мм

мұндағы: ha- балласт қабатынан рельс басына дейінгі биіктік, мм.

Балласт қабатынан басталған қазбаның қабырға биіктігі келесі формуламен анықталады:

2 1 a h = h + h ,мм

Қазба табанынан басталған қабырға биіктігі келесі формуламен анықталады:

3 2 б h = h + h , мм

мұндағы: hб-балласт қабатының биіктігі, мм.

Біржолды қазбаның жарықтағы ені келесі формуламен анықталады:

В=m+A+n,мм

мұндағы: m – қозғалмалы құрам мен қазба бүйіріне дейінгі аралық, мм;

А- электровоз ені,мм;

n-адам жүретін жол ені,мм.

Бекітпені тұрғызғаннан кейінгі қазба ені келесі форм уламен анықталады:

B1=B+2δ ,м

Күмбездің осьтік доға радиусы келесі формуламен анықталады:

F>12 болғанда R=0.905B , м

F ≤12 болғанда R=0.705B ,м

Күмбездің бүйірлік доғасының радиусы келесі формуламен анықталады:

F>12 болғанда r=0.173B ,м

F ≤12 болғанда r= 0,262B ,м

Күмбез биіктігі келесі формуламен анықталады:

F>12 болғанда h0=B/4 ,м

F ≤12 болғанда h0=B/3 ,м

Жарықтағы қазбаның жобалық биіктігін анықтау:

H=h3+h0 ,м

Бекітпені тұрғызғаннан кейінгі қазбаның жобалық биіктігі келесі формуламен анықталады

H0=h3+h0+δ,м

Контактылы сым мен қазба төбесіне дейінгі аралықты тексереміз

С=h1+h0-hкп

Егер С 200 мм болса онда қазба қабырғасының биіктігін h1арттыру керек.

Жарықтағы қазбаның көлденен қима ауданы

F>12 болғанда Sсв=B(h2+0.26B) ,м2

F ≤12 болғанда Sсв=B(h2+0.175B) ,м2

Бекітпені тұрғызғаннан кейінгі қазбаның көлденен қима ауданы

F>12 болғанда Sч=B1(h3+0.26B1) ,м2

F ≤12 болғанда Sч=B1(h3+0.175B1), м2

Есептің берілу шарты

нұсқа

Элект

ровоз

биікті

гі

h, мм

Элект

ровоз

ені

A, мм

Балла

ст

қабат

ының

биікті

гі

hб, мм

Балласт

қабатынан

рельс

басына

дейінгі

биіктік

ha, мм.

Рельс

басынан

контактылы

сымға

дейінгі

биіктік

hкп, мм

Тау

жыны

сыны

ң

бекем

дігі

Адам

жүре

тін

жол

ені

n, мм

Қозғалмалы

құрам мен

қазба бүйіріне

дейінгі аралық

m , мм

1 1300 1200 200 200 1800 12 700 200

2 1350 1230 200 210 2000 14 800 220

3 1550 1340 190 210 2200 16 850 300

4 1500 1300 180 200 1800 10 900 200

5 1300 1200 180 210 2000 13 800 220

6 1350 1230 190 190 2200 12 820 200

7 1400 1250 190 190 1800 11 700 300

8 1450 1270 200 200 2000 14 900 200

9 1500 1300 200 180 2200 15 700 340

10 1550 1340 180 200 1800 16 700 400

11 1600 1400 200 190 2000 10 900 350

12 1650 1450 210 190 2200 11 1000 200

13 1700 1500 200 210 2200 12 1000 300

14 1300 1200 190 190 2000 13 850 250

15 1350 1230 180 180 2200 14 700 250

16 1400 1250 180 210 1800 15 800 320

17 1450 1270 190 200 2000 16 850 300

18 1500 1300 190 200 2200 17 800 350

19 1550 1340 200 180 1800 18 850 250

20 1600 1600 200 180 2000 14 850 380

21 1650 1650 200 190 2200 13 1000 200

22 1700 1700 210 200 2200 12 850 300

23 1750 1750 210 210 2000 11 800 240

24 1300 1300 180 180 2200 10 900 300

25 1350 1350 180 200 1800 15 750 280

Сабақ №18

Бөлім 2.Тау-кен қазбаларын бекіту

Тау қысымы туралы түсінік.Тау қысымының түрлері

Тақырыптық жоспар:

1. Тау қысымы түсінігі

2. Тау қысымының пайда болу себебі

Тау қысымы-жер қабатындағы тектоникалық үдірістердің болуынан, гравитациялық және

тектоникалық кернеу әсері нәтижесінде тау жыныс массивінде пайда болатын күш.

Тау қысымының көрініс беруі-тау жыныс массивінде пайда болатын механикалық

процестер (ығысу, деформация, массивтің бұзылуы, бекітпеге түсетін жүктеме, тіректегі

қысым), яғни кен жұмыстарының жүруінен массивтегі басты кернеулік жағдайдың бұзылуы.

Тау жыныс массивінің ығысуы кез-келген қазба маңайында болады. Тау жыныс

массивіндегі ығысу мен кернеулік жағдайдың өзгеруі қазбаға әсер обльсты деп аталады.

Даярлау қазбасының қимасы үлкен емес. Сондықтан қазба еңі мен биіктігі шамамен бірдей.

Сондықтан массив жағдайына әсер обльсы да үлкен емес (шамамен оның радиусын қазбаның

барлық бағыттағы 2-3 габаритімен ( жоғары, төмен, қабырға) бағалауға болады). Масивтің

ығысуы қазба контурының өзгерісінен де байқауға болады: табаны -көтеріледі, қабырға –

жақындайды. Нәтижесінде қазба қимасы азайады.

Тазалау қазбасының өлшемдері даярлауғ а қарағанда үлкен. Массивтің ығысуы тазалау

қазбасынан үлкен қашықтыққа тарайды да, жер бетіне жетеді. Жер бетінде жылжу

мульдасы пайда болады.

Ығысудың бірдеңгейлі еместігіне байланысты тау жыныс массиві деформацияланады:

қысылады, созылады, ығысады. Қазба маңайында кернеу концентрациясы мен шамадан тыс

жүктеме (разгрузка) зонасы пайда болады. Шамадан тыс жүктеме зонасындағы кернеу

табиғимен салыстырғанда төмендейді; концентрация зонасында –артады. Егер қазба

бекітілсе бекітпе элементтері массивпен бірге деформацияланады,

Егер масивтегі кернеу тау жыныс мықтылығына жетсе массив бұзылады. Қазба төбесі

опырылады. Қазба бүйірі жаңшылады. Жаңшылу участігіндегі массив қатпарланады,

жылжиды, қазба опырылады. Тіректердің бұзылуынан кейін жабынды жын ыс қабаты

опырылады. Белгілі бір жағдайда опырылу жер бетіне дейін жетуі мүмкін.

Массивтің бұзылуы әртүрлі өлшемдегі жарықшақтардың пайда болу жолымен жүреді,

Жарықшақтың пайда болуы жарылумен (шытынау-трескпен) бірге жүреді. Жарылу

жарықшақтың пайда болу әсерінен массивте серпінді толқуды тудырады. Серпінді толқу

массивтің барлық бөлігіне тарайды. Күшті жарылуды адам естуі мүмкін, Адам еститін

жарылулар ондаған метрден жүздеген метрге таралуы мүмкін.

Серпінді толқу массивте бірнеше километрге таралады және адам атылыс дыбысы ретінде

қабылдайды. Егер датчик жербетінде орналасса оны сейсмикалық жүйелі бақылауға тіркеуге

болады.

Жүздеген метрге созылған жарықшақтың пайда болуынан жабынды жыныстың күшті

опырылуы жерсілкінісі сияқты массивтің күшт і толқуын тудырады. Төмен жиілікті қуатты

серпінді толқудан ірі опырылуға дейін мыңдаған километр жербетіне таралады және

техногендік жерсілкінісі ретінде сейсмостанцияда тіркеледі.

Сабақ №19

Тау жынысының кернеулік жағдайын бағалау

Тақырыптық жоспар:

1. Тау қысымының пайда болу формасы.