2. Тау-кен күрделі.

3. Тау-кен даярлау

Тау кен барлау жұмыстары

Күрделі тау-кен барлау жұмыстарына жатады:

- құрылған кеніштің кенорынын қоры мен контурын кеңейту мақсатындағы жұмыстар;

Бұл жұмыстар бекітілген жобамен орындалады.

Тұтынымдық тау кен барлау жұмысына кендегі металл құрамы мен қоры, кенді дене

контурын қайта қарау мақсатында қазбаны жүргізу бойынша жұмыстар жатады.

Тұтынымдық+барлау қазбаларына : шрек, қияқаз, квершлаг, өрлем е, рассечка жатады.

Тау кен күрделі ж ұмыстары

Тау кен күрделі жұмыстарына кенорынын ашу мақсатында жүргізілетін жұмыстар жатады.

Тау кен күрделі қазбаларына:

- шахтаның тік және көлбеу оқпандар;

- күрделі тауашар

- жекелеген кенді дене мен кенорынын ашушы квершлаг

- күрделі кенқұдық

- далалық штрек:

- оқпаналбары (оқпаналбары, насос камерасы, сутөкпе,);

- арнайы қызметке арналған камералар (машина камерасы, электровоз депосы, Жз

қоймасы, трансформаторлы камера, күту камерасы, медпункт);

- арнайы толтырма, желдету және сутөкпе қазбалары (шахта оқпаны, шурф, штрек,

өрлеме)

- негізгі жерасты бункері және дозатор камерасы.

Тау кен даярлау жұмыстары

Тау кен даярлауға ашылған кенорынын бір бөлігін даярлау мақсатында жүргізілетін қазбалар

жатады:

- негізгі және аралық горизонттағы тасымалдау штректері;

- бөлімшелік квершлагтар;

- негізгі және аралық горизонттағы қияқаздар;

- өрлеме.

Сабақ №12

Жерасты тау кен қазбасы туралы түсінікті анықтау.

Қазбалардың қызметі бойынша жіктелуі

Тақырыптық жоспар:

1. Жерасты тау кен қазбасы туралы түсінікті

2. Қазбалардың қызметі бойынша жіктелуі

Кен сілемінде немесе жанас жыныстарда кен қазу мақсатымен жүргізілген жұмыстар

нәтижесінде пайда болатын бос қуысты кен қазбалары дейді. Кен қазбалары ашық және

жабық кен қазбалары болып ажыратылады. Жерасты кен қазбаларының бір ұшы жер бетіне

шықпауы да мүмкін, яғни көлденең қимасының пішіні тұйықталып жер қойнауында өтетін

қазба.

Жерасты кен қазбалары: халық шаруашылығында алатын орынына байланысты барлау

және тұтынымдық ; жұмысты қаржыландыруына қарай күрделі және күрделі емес; кен қазу

жұмыстарының түріне байланысты ашу, даярлау, тазарту; кеңістікте орналасуына қарай

тік, көлбеу, жазық; көлденең қимасына қарай төртбұрышты, трапеция пішінді,

аркалы, дөңгелек, эллипсоида пішінді; атқаратын қызметіне байланысты көліктік,

жүрістік, толтырмалық, сутөкпе, желдетпе болып жіктеледі.

Кен жұмыстары қазбалар жүргізуден басталады. Жер бетінен бастап кен сілеміне дейін

ашу қазбалары өтіледі. Сосын кеннің ашылған тұсында даяр лау қазбалары жүргізіледі. Кен

қабатының ашылып даярланған жерінен кен қазыла бастайды. Кен қазу барысында пайда

болатын қуыстар құлап, қатер тудырмас үшін кен өндіру процесі тоқтап қалмау үшін оны

бекіту жұмыстары атқарылады. Сөйтіп. Кен қазу және соған б айланысты жер астында

атқарылатын барлық жұмыстар кен жұмыстарына жатады.

Жерасты тәсілімен кен қазуға қажет қазбалар күрделі, кен даярлау ж әне тазартпа

қазбалары болып үш топқа жіктеледі. Күрделі кен қазбаларын жүргізу нәтижесінде кен

немесе оның межелі тұсына жетіп, жер бетінен жол ашылады. Мұны ашу қазбалары немесе

күрделі кен қазбалар деп атайды. Бұған шахта оқпаны, тауашар, қылует жатады. Енді даярлау

қазбалары жүргізіле бастайды. Даярлау қазбаларына: қабаттық штректер мен қияқаздар,

блоктық өрлемелер, ал жайпақ кеніште панелдік қуақаздар жатады. Бірақ даярлау қазбалар

аяқталысымен кен қазу бірден басталып кетпейді. Ол үшін алдымен тілме қазбаларын өтуі

қажет. Тілме қазбалары даярлау және тазартпа жұмыстары арасында блок пен панель

ауқымында ғана өтетін дайындық жұмыстарының ерекше тобына кіреді. Кен қазу

жұмыстары қанат жайып, дамуы үшін тілме қазбалары өте қажет. Бұған блок, панель

ауқымында өтіп, кен өндіру барысында біртіндеп өшіп отыратын қазбалар жатады. Сөйтіп,

жерасты қазбалар күрделі-кен, даярлық-тілме және тазартпа қазбалары болып жіктеледі.

Сабақ №13

Тік және көлбеу қазбалар.

Қазбаның көлденен қима пішіні мен өлшемдері

Тақырыптық жоспар:

1. Тік және көлбеу қазбалар.

2. Қазбаның көлденен қима пішіні мен өлшемдері

Шахта оқпаны кенорынын ашу үшін арналған жербетімен байланысы бар тік немесе көлбеу

тау кен қазбасы. Басты және көмекші болып бөлінеді. Басты оқпан шахтаның орталық

ауданында орналасады және пайдалы қазбаны жер бетіне көтеру үшін арналған; көмекші

оқпан – адамдарды, бос тау жынысын, жабдықтарды көтеріп, түсіру үшін арналған. Көмекші

оқпан желдетуші – шахтаға таза ауа да береді немесе ауаны шығарады. Мұндай оқпандар

орталық өндірістік алаңда (қапталдық оқпан) орналасады. Шахта оқпаны скиппен, клетпен,

ал өту кезінде – бадьямен жабдықталады.

Шахта оқпанының жоғарғы бөлігі аузы (кейде воротник); төменгі ( оқпан албарынан төмен) -

сужима ( зумпф) деп аталады. Шахта оқпанының көлденен қимасы шеңбер, кейде –

төртбұрышты болады. Тік оқпан диаметрі 9 м жетеді, тереңдігі 3-3,6 км. Көлбеу оқпан

төртбұрышты, шеңбер, аркалы пішінді болады. Оқпан қабырғасы бетонмен, темірбетонмен,

металл немесе тюбингпен бекітіледі.

Шахта оқпаны – жер бетінен тік немесе көлбеу өтетін шахта алабы ауқымында кен

жұмыстарын атқаруға қызмет ететін басты күрделі кен қазбасы. Оның жер бетіне шыға

берістегі шегенделген тұсын оқпан аузы, ал ең соңғы тасымалдау деңгейжиектен төменгі

бөлігін , яғни түбін зумфп дейді. Бір шахтада кем дегенде екі оқпан болады, әйтпесе олардың

саны 5-6-ға жетеді. Оның бірін бас оқпан, ал қалғанын көмекші оқпан деп атайды. Бас оқпан

арқылы қазылған кен шығарылады, сонымен қатар адамдар, материалдар түсіріліп, таза ауа

берілуі де мүмкін, ал көмекші оқпандармен кеншілер түсіп -шығады: сондықтан осы

оқпанмен материал мен құрал жабдықтар, сондай -ақ толтырма түсіріліп, тау жынысы да

көтерілуі мүмкін, жерасты жұмысын желдетіп тұру үшін де көмекші оқпандар өтіледі. Егер

көмекші оқпанға желдеткіш қондырғысы орнатылып, соның көмегімен ластанған ауа тысқа

шығарылатын болса, онда мұны желдету оқпаны деп атайды. Көбінесе таза ауа бас оқпан

арқылы беріледі. Көмекші оқпандар қызметіне қарай желдету, сутөкпе, қосалқы, толтырма,

жүк түсіретін оқпан түрлеріне бөлінеді.Кен сілемінің өте терең қабатын ашу үшін бас

оқпанды одан әрі тереңдету тиімсіз болады да, оның қызметін толық атқарардай ең соңғы

деңгейжиектен бастап төмен қарай қазба жүргізіледі. Мұны тұйық оқпан дейді. Тұйық оқпан

көлбеу де тік те болады.

Өрлеме - төм еннен жоғары қарай жүргізілетін жер бетіне шықпайтын тік немесе көлбеу

қазба. Өрлеме бұл жоғары қабаттан қазылған кенді төменгі негізгі деңгейжиекке түсіретін

кенқұдығы үшін, кеншілердің түсіп шығуына және материалдар мен құрал жабдықтарды

көтеру немесе төменгі қабатқа түсіру үшін, кенжарларды жел детуге қажет таза ауа беру үшін

қосалқа шығу жолы ретінде және тағы басқа мақсаттарға пайдаланылады. Егер өрлеме тек

қазылған кенді төмен түсіруге арналса, онда мұны кенқұдық деп атайды.

Шурф – жер бетінен қазылатын онша терең емес (70-90м) қимасы шағын, көбінесе тік,

кейде көлбеу өтетін кен қазбасы.

Қазба өлшемі

Жазық қазба қимасы негізінен қоршаған тау жыныс әсерінен қазбаның бұзылуын сақтау

үшін қолданылатын бекітпе түріне байланысты. Жарықтағы ауданы қазбаның бекітпег е

дейінгі өлшемімен анықталады. Өту ауданы жобалық аудан деп аталады. Тау жыныс

бекемділігіне байланысты өту ауданы 1,04-1,12 еселікке арттыруға болады.

Жарықтағы қазба өлшемі тиеу құралдарының, рельс жолының санымен, науа еңімен,

ысырма немесе тиеп-тасымалдау машиналарының сыртқы өлшемімен, машина мен бекітпе

аралығына байланысты. Рельс көлікті

қазбада көліктен бекітпеге дейінгі

аралық 200 мм кіші болмау керек..

адам жүретін жол еңі 700 мм жоғары

болу керек.

Рельс басынан бекітпеге дейінгі қазба

биіктігі 2000мм кіші болмау керек,

контактылы сымды ілу биіктігі

1800мм тең. Контактылы сым мен

бекітпе аралығы 200 мм жоғары болу

керек. Оқпан албары қазбаларында

контактылы сымдарды ілу биіктігі

2000 және 2200мм тең.

Тау-кен

қазбалары

Тік және көлбеу

қазба

Оқпан

Өрлеме

Шурф

Жазық қазба

Қылует

Қияқаз

Штрек

Тұйық оқпан Тауашар

Жерасты тау-кен қазбасы: 1-оқпан; 2-қылует; 3-тұйық оқпан; 4-штрек; 5-қияқаз; 6-

тауашар, 7-шурф; 8-қима

Сабақ №14

Жазық тау кен қазбасы. Оқпан албары

Тақырыптық жоспар:

1. Жазық тау кен қазбасы.

2. Оқпан албары

Штольня ( нем. Stollen) жер бетіне шықпайтын жазық қазба. Қызметіне байланысты

тасымалдық, желдету, сутөкпе. Барлау және тұтынымдық штректер де болады.

Тауашар – сыртқа шығатын жазық жүргізілетін қазба. Мұнын кен

өндірісіндегі атқаратын қызметі шахта оқпанына парапар. Себебі

таулы жерлерді тау етегінен кенішке қарай жүргізілетін тауашармен

ашу анағұрлым тиімді болады. Тек кен сілемі тау етек деңгейінен

жоғары жату керек. Тауашар да атқаратын қызметіне қарай бас

және көмекші болып ажыратылады.

Сурет 1 Тауашармен ашу

Квершлаг (нем. Querschlag), - бос тау жынысымен жүргізілетін жер бетіне шықпайтын

жазық қазба. Пайдалы қазбаны ашу, жүкті тасымалдау, адамдардың қозғалысы, желдету

үшін арналған. Қылует – жер бетіне шықпайтын оқпаннан кен сілеміне кесе-көлденең

немесе қиғаш бағытта бос жыныспен жүргізілген жазық қазба. Қылует атқаратын жұмыстың

түріне, пайдаланатын мақсатына қарай тасымалдық, желдетпе, қабаттық болып

ажыратылады.

Штрек ( нем. Strecke—қашықтық) тау жынысы

бойымен немесе пайдалы қазба созылымы

бойымен орналасқан жер бетімен байланысы

жоқ жазық қазба. Қызметіне байланысты :

басты, панельді, қабатты, аралық, тасымалдық,

желдету. Штрек – кен сілемінің созылым бойын

қуалай жүргізілетін жазық қазба. Кен сілемімен

жүргізілетін штректі кеніштік штрек, ал жанас

тау жынысымен жүргізілетін штректі далалық

штрек деп атайды. Штрек тасымалдық,

желдетпе,қабаттық,аралыққабаттық, панелдік

болып бөлінеді.

Сурет 2. күмбез пішінді штрек.

Орт (нем. Ort, — орын) – жер бетіне шықпайтын жазық қазба.

Қияқаз кен сілемін қиып өтетін, оның екі бетін қосатын жазық

қазба. Қияқаз қалың кен қыртысын дайындағанда өтеді. Ол

сілемнің төну және жату бүйірлері арқылы өтетін штректерді

байланыстырады.

Сурет 3. 1-оқпан;2-қияқаз

Камера – ұзындығынан еңі ұзын болып келетін, түрлі машиналармен қондырғыларды,

материалдар мен мүлік, жарылғыш материалдар қоймасы үшін, санитарлық және басқа да

мақсаттар үшін өтетін қазба түрі. Тазартпа жұмысында шағын -шағын кенжарлардан

тұратын, бүйір беттері кентіректер немесе шыңтастармен шектелген көлемді қазбаны да

камера дейді.

Оқпан албары – жерасты жұмыстары атқарылатын, барлық жүкті сыртқа шығарып

тұратын, ал сырттан түсірілетін түрлі жабдықтар мен материалдарды қабылдап, жұмыс

орындарына жөнелтіп тұратын бас жерасты бекеті болып саналады.Оқпан албары шахта

оқпанын, желдетпе, тасымалдық тәрізді қазбалармен қосатын жалпы шахталық қызмет

атқаратын түрлі қазбалар: электровоз депосы, насос және электроподстанциясы, сужима, кен

уатқыш медпунк, түрлі техникалық материалдар қоймасы, диспетчер тағы басқалардың

жиынтығы.

Кенжар – кен өндірісінде алды тұтас кен шыңтасымен шектеліп, өне бойы кен

жұмыстарының атқарылуына байланысты жылжып ілгерілеп отыратын жерді айтады.

Күндік өнімділігі 4000-6000 т шахтадағы оқпаналбарының схемасы:

1- скипті оқпан, 2- клетті оқпан; 3-өртке қарсы поезд депосы; 4- Жарылғыш материалдар

қоймасы; 5-гараж; 6-подстанция; 7- жолаушы поезд тұрағы; 8- жөндеу шеберханасы; 9-

сужинағыш; 10-орталық электроподстанция; 11- басты сутөкпе камерасы; 12- медпункт

Оқпан албары – жерасты жұмыстары атқарылатын, барлық жүкті сыртқа шығарып

тұратын, ал сырттан түсірілетін түрлі жабдықтар мен материалдарды қабылдап, жұмыс

орындарына жөнелтіп тұратын бас жерасты бекеті болып саналады.Оқпан албары шахта

оқпанын, желдетпе, тасымалдық тәрізді қазбалармен қосатын жалпы шахталық қызмет

атқаратын түрлі қазбалар: электровоз депосы, насос және электроподстанциясы, сужима, кен

уатқыш медпунк, түрлі техникалық материалдар қойма сы, диспетчер тағы басқалардың

жиынтығы.Оқпан албарының көлемі 3000 -20000 м3 жетуі мүмкін. Кенді көтеру әдісіне

байланысты оқпан албары скипті, клетті, скипті клетті оқпаналбарлық қазбалардың

орналасу сипаты бойынша тұйық, айналмалы, біржақты және екіжақт ы болады. Оқпан

албары кешенінің негізгі элементі тиеу торабының қазбалары болып табылады. Тиеу

қондырғысы кенді скипке түсіру үшін қызмет етеді. Тиеу қондырғысының кешеніне

опрокид, грохот, дробилка, бункер, дозаторлы қондырғы кіреді. Опрокид тасылым

деңгейжиегінде ал басқа қондырғылар одан төмен орналасады.

Кен опрокидпен грохотқа түседі, кіші фракция бункерге, ірі фракция ұсақтағышқа түседі.

Ұсақталған өнім сол бункерге түседі. Бункерден төмен екі өлшеу жәшікті дозаторлы

қондырғы орналасқан, ондағы кен лотка (науа) бойымен скипке келуі мүмкін. Өлшеу

жәшігін толтыру үшін бункердің төменгі бөлігінде пневмоцилиндр көмегімен

басқарылатын тықпақақпақты (затвор) люк бар. Өлшеу жәшігі мен науаша арасында

пневмоцилиндр көмегімен басқарылатын жапқыш орналасқан.

Скипке түсіру кезінде кеннің кейбір мөлшері шашылады, сондықтан скиптен төмен

кенұстағыш құрылған. Кенұстағышқа төгілген кен арнайы өрлеме бойымен төменгі

деңгейжиекке түседі. Кенұстағыштан кен периодты түрде шығарылады. Және вагонеткамен

әкетіледі. Мұндай түсіру қондырғысы ірі кеніштерде құрылады.

Өнімділігі аз шахтада сыйымдылығы аз түсіру қондырғысы қолданылады. Вагонетка

сыйымдылығы скип сыйымдылығына тең болу керек. Ұсақтағыш үшін камера мен қосымша

құрылымдар көлемі 800-2700м3 құрайды.

Насосты камера, подстанция, сужинағыш шахта оқпанына жақын орналасады.

Сужинағышқа шахта алаңындағы су жиналады. Сужинағыш келесі талаптарға сәйкес келу

керек:

- сужинағыш көлемі сегіз сағаттық су ағынына тең болу керек.

- Сужинағыш насосты камерадан төмен орналасқанда сору тереңдігі 5,5м аспау керек.

Сужинағыш қима ауданы 5-10м2 бір немесе екі жазық қазба түрінде жасалады. Насосты

камера сужинағышпен құдық арқылы қосылған. Насосты камера ұзындығы 9 -18 м қима

ауданы 12-15 м2 жазық қазба. Электровозға арналған гараж кезекті жөндеу майлау, тазалауға

арналған орын. Оның көлемі 200-400м3. гаражда электровоздв қарау және жөндеу шұңқыры

бар. Гараж ұзындығы электровоз санын қамтиді. Жөндеудегі электровоздарға байланысты.

Дәрігерлік орын жарақат алған адамға ал ғашқа көмек көрсету үшін арналған. Камерада

кушетка, носилка, медикоментті шкаф құрылған. Камера көлемі 30-85м3.

Диспетчер камерасы екі бөлімшеден тұрады: біріншісі –қозғалысты басқаратын диспетчер

үшін; екіншісі –аппаратты жөндеуге арналған шеберхана үшін.

Өнімділігі 300мың т дейінгі шахта үшін камера көлемі 30м 3 құрайды, ал өнімділігі одан

жоғары болса 60 м3.

Күту камера клетті күтуші жұмыскерлердің орналасуына арналған. Камера ұзындығы 15м,

еңі 1,5м -3,8 м дейін, күту камера көлемі 40-150 м3.

Өртке қарсы материалдар мен жабдықтар камерасы өнімділігі 300 мың т/жыл дейінгі шахта

камерасында материалдармен толтырылған 10-12 вагон составы, өнімділігі 300-800 мың

т/жыл шахта үшін 6-8 вагон, өнімділігі 800 мың т/жыл артық шахта үшін 8 -10 вагон жолы

болады. Камерада кірпіш, цемент, саз тіреу, газды және желдету құбырлары болу керек.

Өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған камера көлемі 100 -200м3 құрайды.

Сабақ №15,16

Тәжірибелік жұмыс №2,3

Қазбаның көлденең қимасының ау мағын анықтау

Тақырып : Жазық тау кен қазбасының көлденен қимасының өлшемдерін анықтау.

Мақсаты: Жазық тау кен қазбасының көлденен қимасыының өлшемін анықтаудың

тәжірибелік дағдысын қалыптастыру

Тапсырма: Рельс көлікті тікбұрышты күмбезді пішінді жазық та у кен.қазбасының көлденен

қимасының ауданын және өлшемін есептеу .

Бақылау сұрақтары

1. Халық шаруашылығында алатын орнына байланысты қазбалардың жіктелуі.