2. Олардың сипаттамасы мен қолданылу жағдайы.
3. Әртүрлі тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі механикаландыру құралдары.
Тау кен жұмысы пайдалы қазбаны қазу мен қазбаны бекіту жұмыстарының кешені. Тау
кен жұмыстарына шахта алаңын ашу және даярлау кіреді. Тау кен жұмыстары ашық және
жабық жүреді. Жұмысты жүргізу әдісіне ба йланысты қол, машина, гидравликалық,
жарылыстық болып бөлінеді.
Қол жұмыстары қол аспаптарымен орындалады. Машиналық жұмыс электрлі,
пневматикалық, гидравликалық энергия әсерінен жұмыс істейтін кен машиналар көмегімен
орындалады. Негізінен электрлі машиналар қолданылады. Пневматикалық машиналар өте
газды шахталарда қолданылады.
Тау кен машиналары уату, бұрғылау, врубтық, тиеу, тасымалдау машиналары мен
комбайындарға бөлінеді. Бұрғылау машиналары теспені және ұңғыманы бұрғылауға
арналған болып бөлінеді. Тасымалдау машиналарына шығыр, науа, өздігінен жүретін
вагонетка, электровоз жатады.
Жарылыс жұмысы қазбаны жүргізу кезінде тау жынысын бұзу үшін қолданылады. Бұл
жұмыс ерекшелігі жарылыс кезінде пайда болатын газдың бірнеше ондаған мың МПа жетке н
қысымы тау жынысының белгілі бір көлемін лақтырып бұзады. Жарылыс жұмысы кез -
келген бекемділіктегі тау жынысқа қолданылады. Бекемдігі орташа және жоғары тау
жыныстары үшін тиімді. Оқтамдарды орнату үшін теспе, ұңғыма бұрғыланады. Сәйкесінше
жарылыс жұмыс әдісі теспелі, ұңғымалы, камералық заряд әдісі деп аталады.
Барлық тау-кен жұмыстары қаржыландыру көзі, жүргізу уақыты, қызметіне, шығындарды
жою әдістеріне байланысты бөлінеді.
1. Тау кен барлау жұмыстары
А) күрделі, қаржыландыру банк арқылы.
Б) тұтынымдық –негізгі істерден айналып келген құралдармен қаржыландырылады.