2. Есептік және есептік емес қор

3. Жоғалым түрлері

4. Құнарсыздану

Әрбір кенорындары кен қорының саны, сапасы және пайдалы бөлік мөлшерімен

сипатталады. Кен қоры деп жер қойнауында белгілі бір орын алып жататын кенді айтады.

Кен қоры шаруашылық мәніне қарай : геологиялық, есептік, есептік емес, өнеркәсіптік

болып ажыратылады.

Геологиялық қорға сол кенорынында ашылған барлық кен қоры жатады.

Есептік қорға белгілі техника және технология деңгейінде өндіру экономикалық тиімді

болатындай, яғни соңғы өнімді пайдаланғанда қазу және оны үлгертуге жұмсалатын

шығысты қайтаратындай пайдалы бөлігі бар кен қоры жатады. Есептік емес қорға кен көлемі

шағын, жұқа, пайдалы бөлігі төмен, қазу жағдайы қиын, өңдеу кү рделі болатындықтан

белгілі техника және технология деңгейінде экономикалық тиімсіз болатын кен қоры

жатады.

Кен жұмыстарының жобасына не жоспарына сәйкес есептік қордың жер қойнауындағы

жоғалуға жуық бөлігінен басқасы қазып алынуға тиіс. Мұны өнеркәсі птік қор дейді.Кеніш

алабын қазу кезінде есептік қордың барлығы алынбауы мүмкін. Олардың бір бөлігі жер

қойнауында қалады және жоғалымды құрайды. Жоғалым мөлшері % не еселікпен

белгіленеді. Жоғалым еселігі жоғалған пайдалы қазба көлемі мен есептік қорлар қ атынасы

арқылы табылады. Пайдалы қазбалар жоғалымы үш топқа бөлінеді:

1. Жалпы кеніштік-бөліп алынбайтын сақтандырғыш кентіректеріндегі жоғалым

(ғимараттар, үйлер, көлдер, тағы басқа астында қалатын кентіректердегі жоғалым).

2. Кенорынының нашар геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына

байланысты жоғалым. Қазу жұмыстарының қалыпты жүруіне бөгет болады.

3. Тұтынымдық-қазу жұмысы кезінде тау-кен жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен

болатын жоғалым (төбеде, қабат астында қалдырылатын, опырылу, су басу кезінде

қалып қоятын қорлар)

Құнарсыздану-қазып алынған кен массасындағы пайдалы компонент мөлшерінің кен

сілеміндегі мөлшерден төмендеуі.

Барлану дәрежесіне байланысты кенорын қоры төрт категорияға А, В,С 1,С2 бөлінеді. А

категория –барлық жағынан барлау ұңғымасымен шектелген контурда есептелген қор. А

категориялық қорлардың кенді денелер құрылымы, пішіні, жайғасу жағдайы толық

анықталып, участок толық контурланады, бағалы және зиянды компоненттер құрамы,

құрлымы, қасиеттері, таралу заңдылықтары анықталады. А категориялық қорларды

контурлау және бағалау барлау ұңғымасының өте тығыз торлары бойынша жүргізіледі.

В категориялық қорлар үшін пайдалы қазба денесінің өлшемдері, пішіні, құрылымы,

жайғасу жағдайының негізгі элементтері анықталады.

В категориялық қорлары белгілі барлау торы бойынша бағаланады.

С1 категория- кенді дене құлауы, созылуы бойынша өлшемдері орташаланып есептеледі.

Әртүрлі типті өндірістік сортты пайдалы қазба анықталады. Қорлары сирек тор бойынша

контурланып есептеледі.

Жезқазған кенорынын барланған категориясы

Болжап барланған С2 категориялық қорлары төменгі дәрежеде барланады.

Жезқазған кенорынын барлау арақашықтығы 300 -75м дейінгі ромбы тор бойынша тік

ұңғымаларды бұрғылау жолымен жүргізілді. Тұтынымдық барлау кеннің сапсы мен

сорттылығын, кенді дененің ішкі құрылымы мен гипсометриялық белгісін бағалау

мақсатында жүргізіледі. Жерасты кеніштерінде жерасты қазбасынан ұңғымамен, ал ашық

жұмыстарда шарқашааулы станок пен өздігінен жүретін қондырғылармен терең емес

ұңғымаларды бұрғылаумен жүзеге асырылады. Ба рлану дәрежесіне байланысты баланстық

кенді әртүрлі категорияға жатқызу барлау торының тығыздығына, геологиялық құрылымға

байланысты жүргізіледі.

А категориялы мыс кенінің ауданына ірі және орташа кенді (I,II группа) денеде 75 х 75-

100м , ұсақ кенді денде (III группа) 37,5 х 37,5 -75м тор бойынша барланған қор жатады.

С1 категориясы арақашықтығы 75-100м ұңғымамен бұрғыланған флексуралық бөлімшедегі

қор, 150-300х300м тор бойынша барланған қор жатады.

С2 категориясына 300м және одан жоғары қашықтықтағы ұңғымалармен барланған мыс

кен қор жатады.

Жезқазған кенорының қоры ашық (Солтүстік) және жерасты (Шығыс, Оңтүстік, Батыс,

Анненск Ақши-Спасск) кеніштеріне бөлінген 01.01.1987 жыл жағдай бойынша қайта

есептелген қордың нәтижесі бойынша КСРО ГКЗ (протокол №10671 23,06,1987жыл)

бекіткен. Жезқазған кенорын қорын есептеу үшін КСРО ГКЗ тұрақты кондиция бекіткен.

Кенорынын қазуды жүзеге асыру және жобалау үшін жазық және флексуралық кеншоғыры,

активті жіне активсіз баланстық кен қоры бөліп бөлінеді.

Жезқазған кенорын үшін келесі кондиция құрылған:

Баланстық қор үшін:

А) жерастымен қазу

- Мыс кені. Контурлық қазбадағы ең кіші мөлшері 0,4 %болғанда мыстың бортовое құрамы

0,3 %.

- Комплексті мыс кені. Контурлы қазбадағы қорғасын мөлшері 0,5% болғанда мыстың

бортовое құрамы 0,3%.

- Қорғасын мырышты кен. Контурлы қазбадағы және бортовое мөлшері қорғасын 0,6% және

мырыш 0,8%.

- Кенді дененің ең кіші қалыңдығы 3м.

- Кен типі (мысты, комплексті, қорғасын-мырышты) бойынша қорды есептеу үшін ең кіші

сорттық интервал -4м.

-Б) ашық қазу

- Мыс кені. Борттық мөлшері 0,2%

Геологиялық

қор

Есептік қор Есептік емес қор

Өнеркәсіптік қор Жоғалым

Жалпы кеніштік

жоғалым

Геологиялық

жағдайы нашар

Тұтынымдық

жоғалым

- кенді дененің ең кіші қалыңдығы 5м.

Баланстық кен үшін:

- Мыс кені. Мыстың борттық мөлшері 0,2%

- Комплекті кен. Мыс мөлшері 0,2-0,3 % дейін болғанда қорғасын 0,4% немесе мырыш

0,6%.

Темір кені млрд.т 600 230

Табиғи газ млрд.т 400 150

Мұнай млрд.т 550 140

Көмір млрд.т 14800 1100

Барланған

қор

Жалпы

геологиялы

қ қор

Өлшем

бірлігі

Пайдалы

қазба түрі

Сабақ №11

Тау-кен жұмысына түсінік.

Тақырыптық жоспар:

1. Кен жұмыстарының түрлері: кенді, машиналық, гидравликалық, жарылыстық.