2. Тау жынысының үймелі тығыздығы неге байланысты?
3. Қопсу еселігі дегеніміз не?
4. Кеуектілік көрсеткіші бойынша тау жынысы қандай топтарға бөлінеді?
5. Тау жынысы тұрақтылығы бойынша қандай топтарға бөлінеді?
Жұмысты орындау тәртібі
1. Тапсырма алу.
2. Есеп жүргізу.
3. Көрсетілген өлшемдерімен тығыздықты анықтау.
4. Тәжірибелік жұмыстың есебін жазу.
5. Жұмысты қорғау.
Есеп беру мазмұны
1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
2. Тапсырманы есептеу.
Қолданылатын әдебиеттер
1. В. К. Щехурдин, В. И. Несмотряев, П. И. Федеренко. Горное дело. М. :
Недра, 1987.
2. В. К. Шехурдин. Задачник по горным работам, проведению и креплению
горных выработок. М. : Недра, 1985.
Есептеу әдістемесі
Тау жынысының тығыздық қасиеттеріне: тығыздық, меншікті салмақ,
көлемдік салмақ, жалпы кеуектілік, ашық кеуектілік жатады. Тау жынысының
тығыздығы бірлік көлемінің салмағы, келесі формуламен анықталады:
g = m/V, кг/м3 (1.1)
мұндағы m-тау жыныс салмағы, кг;
V-тау жыныс көлемі, м3 .
Тау жынысының көлемдік салмағы келесі формуламен анықталады :
gв = g × g ,Н/м3 (1.2)
мұндағы gв -тау жыныс тығыздығы, кг/м3 ;
g-еркін түсу үдеуі, м/с2.
Кеуектілік тау жынысының құраушы қуыстардың салыстырмалы
көлемі.Кеуектілік кеуек көлемінің тау жынысының толық көлеміне
қатынасымен анықталады:
П = Vп /V, % (1.3)
Кеуектілік еселігі кеуек көлемінің тау жынысын құраушы минералдық зат
көлеміне қатынасы:
0
п
п V
K = V (1.4)
Жалпы кеуектілік тау жыныс тығыздығы мен минералдық зат тығыздығы
бойынша есептеледі:
( ) П =100 gв - g / gв (1.5)
Жалпы кеуектілік еселігін келесі формуламен есептеуге болады:
( ) Kп = gв - g / gв (1.6)
Қопсыған тау жынысы үймелі тығыздықпен, қопсу еселігімен,
гнанулометриялық құраммен, табиғи үйкеліс бұрышымен, ішкі үйкеліс
бұрышымен сипатталады.
Қопсу еселігі қопсыған тау жыныс көлемінің массивтегі көлеміне қатынасы:
Kр = Vр /V (1.7)
Үймелі тығыздық массивтегі тау жыныс тығыздығы мен тау жыныс қопсу
еселігіне байланысты:
gн = g /Kр (1.8)
Қопсу еселігі мен үймелі тығыздық қопсыған массаның гранулометриялық
құрамына, бұзылған тау жыныс кесектерінің өзара орналасуына және пішініне,
қысымға байланысты. Құмтасты жәнесазды тау жыныстарының қопсығыштығы
төмен 1,15-1,2, қатты тау жыныстар қопсығыштығы 1,3 -1,8. Тау жынысының
тығыздық қасиеттері нақты жағдайда (массивтегі тығыздық, үймелі тығыздық,
қопсу еселігі, ашықкеуектілік), зертханалық жолмен (үлгідегі тығыздық,
кеуектілік) және есептеу жолымен (жалпы кеуектілік, жалпы кеуектілік еселігі)
анықталады.
Тапсырма1
Массивтегі тау жыныс тығыздығын, үймелі тығыздық, кеуектілік және
қопсу еселігін анықтау керек.
Есептің берілу шарты
№
Қа
зб
аны
ң көл
денен
қима
ауданы S, м2
Кенжарды
ң
жарылыстан
жылжуы Lу,м
Вагонетка
көл
емі
Vв ,м3
Вагонетканы
толтыру еселігі
Kн
Вагонетка саны
Nв , дана
Тау жынысыны
ң
жалпы салма
ғы
m,кг
Кесектегі
(үлгідегі)
тау жыныс
тығыздығы
g к кг/м3
1 12 1,9 4,5 1 10 60534 2750
2 10 1,7 4 1 8 46000 2800
3 8 1,9 4 0,95 10 30000 2700
4 9,5 1,65 2 0,95 9 25000 2000
5 7 2 2,5 0,9 7 20540 1800
6 15 2,1 4 0,96 14 50100 3000
7 16 2,2 4,5 0,97 9 38700 2200
8 17 1,8 4,5 0,98 8 36150 2400
9 14 1,75 2 0,99 14 43000 2800
10 19 2,3 2 1 27 58000 2100
11 18 1,85 2,5 0,91 15 56610 1900
12 11 2,1 2,5 0,9 12 64680 3200
13 10 2,3 2 0,85 16 59800 3000
14 12,5 2,4 2 0,93 17 70500 2600
15 14,5 2,5 4 0,94 11 88100 2850
16 16 2,6 4 0,92 13 116480 3100
17 20 2,7 4,5 0,94 15 148500 2900
18 17,5 2,8 4,5 0,95 14 129850 2950
19 18,5 2,9 5 0,99 16 112665 2350
20 10,5 3 5 1 8 69300 2450
21 7,5 1,6 2 1 9 20400 1950
22 8,5 1,7 2 1,1 10 27455 2150
23 15,5 1,8 2,5 0,93 14 55800 2250
24 16,5 1,9 4,5 0,9 1 58000 2300
25 14 2,7 4 0,96 13 79380 2400
Тапсырма 2
Тау жынысының үймелі тығыздығын, кесектегі тығыздықты, қопсу еселігін
анықтау керек. Тау жынысы өте сулы. Вагонетканы толтыру еселыгі 1 тең.
Есептің берілу шарты
№ нұсқа Вагонетка
көлемі
Vв , м3
Вагонеткадағы
таужыныс
салмағы
mп ,кг
Сулы тау жыныс
салмағы
m, кг
1 2,2 3950 4682
2 2 5000 6200
3 2,5 4800 5480
4 4 11200 12000
5 4,5 8775 10000
6 4,5 9900 11400
7 4 8400 10600
8 4 12000 13000
9 2 3400 4100
10 2 5600 6200
11 2,2 4290 5000
12 2,5 7025 7800
13 2,5 6100 6800
14 4,5 8190 10100
15 2,4 6360 7000
16 4 10000 10810
17 4,5 9900 10500
18 2,5 7000 7600
19 2,5 6350 7100
20 4 6800 7400
21 2 5400 6100
22 2,2 6600 7250
23 2,2 5500 6300
24 4,5 9675 10000
25 4 8400 9000
Тапсырма 3
Тау жыныс массивінің жалпы кеуектілігін және таужыныс үлгісіндегі
кеуектілікті анықтау.
Есептің берілу шарты
№ нұсқа Зертханалық
сынақ бойынша
тау жыныс
үлгісінің
тығыздығы
g , кг/м3
Минералдық зат
тығыздығы
gв , кг/м3
Массивтегі тау
ыныс тығыздығы
gм , кг/м3
1 2750 3000 2600
2 2420 2700 2310
3 2180 2400 1090
4 3000 3250 2730
5 2800 3120 2670
6 2710 2900 2540
7 2400 2670 2250
8 2380 2750 2200
9 2460 3090 2320
10 3040 3400 2760
11 1720 2000 1540
12 1950 2350 1820
13 2610 2800 2430
14 2730 3100 2670
15 2860 3150 2700
16 2100 2430 1860
17 1680 2080 1590
18 3250 3600 2900
19 1970 3220 1870
20 2520 2760 2460
21 1670 2100 1480
22 1800 1900 1670
23 1530 1740 1370
24 2060 2500 1840
25 1730 2140 1520
Сабақ №7
Тау жынысының жіктелуі
Қазіргі уақытта тау жынысының бұрғыланғыштығы бойынша жіктелуі белгілі: шкала
Мингео КСРО, бұрғыланғыштықтың бірегей шкаласы және тағы басқа.
Тау жынысының жіктелуі
Бұрғ
ылан
ғышты
қ
класы
Тау жынысыны
ң
бұрғ
ылан
ғышты
ғы
Тау жынысыны
ң
жарыл
ғышты
ғы
Бұрғ
ылау
жылдамды
ғы мм/мин
Тау жынысын
қопару
-
ға шы
ғындалатын №6
ЖВ аммониті,кг
Қо
псу еселігі
Массивтегі орташа
ты
ғызды
ғы, т/м
3
СНИП бойынша
категория
М.М. Протодьяконов
шкаласы бойынша
бекемдік категориясы
0 Жоғары
дәрежелі
қиын
бұрғыланатын
Жоғары
дәрежелі
қиын
жарылатын
25 8,7 2,2 3,3 XI >20
1 31 8,3
2 40 6,7
3 50 5,3 20
4 өте қиын
бұрғыланатын
өте қиын
жарылатын
60 4,2 2,1 3,2 X 18
5 75 3,8 3 15
6 90 3 12
7 Қиын
бұрғыланатын
Қиын
жарылатын
110 2,4 2 2,9 IX 10
8 130 2 2,8 XIII 8
9 Жоғары
орташа
бұрғыланатын
Жоғары
орташа
жарылатын
160 1,5 2 2,7 VII 6
10 200 1,25 2,6 5
11 Орташа
бұрғыланғыш
Орташа
жарылатын
250 1 1,8 2,5 VI 4
12 300 0,8 V 3
13 Төмен орташа
бұрғыланғыш
Төмен
орташа
жарылатын
350 0,6 1,7 2,4 IV 2
14 400 0,5 2,15 1.5
15 Жеңіл
бұрғыланатын
Жеңіл
жарылатын
500 0,4 1,6 1,95 1
16 600 0,3 1,6 1,5 0.8
Тау жынысының бұрғыланғыштығы стандарттық жағдай бойынша анықталады. Тау кен
жұмыстарын жобалау кезінде М.М. Прододьяконов жіктемесі мен СНиП бойынша тау
жыныс категориясы қолданылады. Жерасты қазбасындағы жарылыс жұмысын есептеу үшін
зарядтауға шығындалатын №6ЖВ аммонитінің мөлшерін білу керек. Тау кен жұмыстарын
нормалау кезінде тау жынысының бірегей жіктелуі қолданылады. Бұл қазбаның нормасы мен
жіктелуі барлық геологиялық ұйымдарда қолданылады. Тау жынысының бірегей
классификация бойынша жіктелуі қол, телескопты және колонкалы бұрғылау машиналары
бойынша құрылған. Бұрғылау уақыты хронометриялық байқау жүргізу жолымен
анықталады. Бақылау бойынша теспе тереңдігін бұрғылау уақыты жазбаша қағазға
түсіріледі. Жұмыс көлемі мен уақыты 20 -30 см тереңдікке теспені бұрғылағаннан кейін ғана
өлшенеді. Уақыт дәлдігі 1 с дейін, жұмыс көлемі 1см дейінгі дәлдікпен оры ндалады.
Категорияны анықтау келесі стандарттық жағдаймен жүргізіледі:
v Қысылған ауа 0,5 МПА;
v Коронка ВК-15,ВК-8В, ВК-11В қатты қорытпадан жасалған;
v Қолмен, телескоппен, колонкалы бұрғы машинасымен бұрғылағанда коронка
диаметрі 40 мм құрайды;
v Бұрғылауға 4-5 л/мин су шығындалады;
v Ауа қысымы әрбір 5 минут сайын манометр көрсеткішімен тіркеліп отырады.
v Бұрғылау уақытында қысымның төмендеуі 0,02МПа
v Бір кенжардан теспені бұрғылау кезінде әрбірінің тереңдігі 1,3 -1,5м 3-6 теспе
бұрғыланады.
1 м теспені таза бұрғылау уақыты есептеліп ЕНВ бойынша тау жыныс категориясы
анықталады. Бұрғылаған кезде стандартты жағдайдан ауытқыса сәйкесінше түзету еселігі
қолданылады: коронка диаметріне, теспе бағытына, қысылған ауа қысымына. Бұл еселіктер
ЕНВ-ның «қол, телескопты, колонкалы машиналармен бұрғылағанда тау жынысының
категориясын анықтау нұсқауында» көрсетілген. Бұл жұмыс түрін жүргізу үшін түзетілген
келесі жабдықтар мен аспаптар болу керек: бұрғы машинасы (балға), штанга мен коронка
кешені, манометр, водометр секундомер, болат рулетка, виброахометр және
пневмоподдержка ( қол перфораторы үшін). Тау жыныс категориясын анықтайтын комиссия
құрамында : бөлім бастығы, геолог, нормировшик пен бұрғылаушы.
Сабақ №8
Пайдалы қазба кенорындары және оның жіктелуі
Тақырыптық жоспар:
1. Пайдалы қазба түсінігі
2. Жезқазған кенорынының пайда болу генезисі
Пайдалы қазба халық шаруашылығына пайдалану мақсатымен жер қыртысынан қазылып
алынатын тау жынысы мен минералдар. Табиғатта пайдалы қазбалар газ, сұйық, қ атты зат
күйлерінде кездеседі.
Пайдалы қазбалар физикалық күйіне байланысты келесі топтарға жіктеледі:
Газ сұйық қатты
Табиғы жанармай мұнай, минералды су
Жанғыш кенді кенсіз
Көмір, шымтезек, темір, мыс, күкірт,
алтын құр. Материалы
Кен құрамындағы металдар мен басқа да минерал заттарды белгілі техника-экономика
деңгейде бөліп алғанда өнеркәсіп мұқтажын өтейтіндей кеніштегі пайдалы қазбаларды
айтады. Құрамында ешқандай пайдалы қазба кездеспейтін немесе металға өте кедей кенді
бос тау жынысы дейді. Бос тау жынысына кен қыртысын қоршап жатқан жанас тау
жыныстары жатады.
Кенорыны деп қазып алғанда экономикалық жағынан тиімді болатын жер қыртысындағы
кен байлықтардың табиғи шоғырлануын айтады. Кенорыны кенді және бейкенді болып
бөлінеді.Кенорыны өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік деп қазіргі техникалық, экономикалық жағдайда қазып алу тиімді кенорынын
айтады.
Өндірістік емес деп геологиялық құрылымының қиындығы, қалыңдығының аздығы,
пайдалы компонент мөлшерінің аздығынан қазып алу экономикалық жағынан тиімсіз, бірақ
болашақта өндірістік пайдалану обьектісі болуы мүмкін кенорындары жатады.
Кенорынын қазудың технологиялық процестеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі:
- мұнай және газ кенорыны;
- көмір кенорыны;
- кенді және бейкенді кенорыны;
- сусымалы кенорыны;
- шымтезек кенорыны.
Қара, түсті металдар сондай-ақ бейметалды кендердің пайдалы бөліктер деңгейі
процентпен, ал сирек кездесетін және асыл металдар мен шашыранды элементтер 1т/граммен
өлшенеді. Мөлшерлік деңгейден төмен болатын пайдалы бөлікті өндіру тиімс із, яғни ондай
мөлшердегі пайдалы бөлік өнеркәсіптік минимумнан төмен болады. Егер алынатын өнім,
түсім кенді өндіруге және оны өңдеп пайдалы бөлікті бөліп алуға жұмсалатын қаржыны
толық қайтаратын болса, онда пайдалы бөлік өнеркәсіптік минимумнан не жоғар ы не тең
болады. Өнеркәсіптік минимум техника мен экономика деңгейінің өзгеруіне байланысты
және сол кенде шаруашылық мұқтажына сай өзгеріп, шамасы кеміп отырады.
Құрамындағы пайдалы бөліктің бағасы, кеннің құндылығы жағынан бай, орташа, кедей
болып жіктеледі. Мысалы: құрамындағы металы 2% -дан асатын мыс кені бай, ал 1-2%
аралығындағы орташа, 0,04% кені кедей. Құрамындағы металдардың санына қарай кен
монометалды, бірнеше металдар қатар кездесетін кен полиметалды болып ажыратылады.
Осылардың ішінде ең көп тараған полиметалды кен. Егер кеннің қоры өндіруге жеткілікті
болса, онда оны өндірістік кен деп атайды. Қазылған кенді кен массасы дейді. Себебі қазу
процесінде кен бүйір қабырғалардан жарықшақтанып түсетін және әрбір кен қабатында
қабаттасып жататын бос тау жыныстарымен араласып кетеді. Былайша айтқанда кен массасы
таза кеннің өзі емес. Кен массасын тау массасымен шатастыруға болмайды. Тау-кен массасы
шахтадан тысқа көтерілетін кен массасы және бос тау жынысының жалпылама атауы.
Жезқазған кенорыны
Қазіргі уақытта Жезқазған кенорынының пайда болу туралы үш негізгі генезисі бар :
1) гидротермальық
2) шөгінді
3) гидрогенді
Кен химиялық құрамы бойынша барлық кенорыны бойынша бірдей. Құмтас кварцтан,
дала шпатынан, кремний-карбональ ценменттен тұрады. Құрамындағы SiO2 64-75%, Al2O3
11-14%, Na2O 3.8-4%, K2O 1.3-2.1 %, Fe 1-2.5%. Кабонат мөлшері ұсақтүйіршіктіден (6%)
орташа және ірітүйіршікті (9-10 %) және конгломератта (28-29 %) жоғары мәнге дейін
жетеді.
Кенорыны радиоактивсіз, газсыз, өздігінен жанбайтын, бірақ силикоз қауіпті ( SiO2
құрамы 60-70%).
98% жоғары кен сульфитті болып табылады. Кенқұрайтын минералдар халькозин, борнит,
халькопирит, галенит, сфалерит болып табылады. Халькозин, борнит үлесіне 90% жуық
мыс қорының үлесі келеді. Екінші дәрежелі және аз тараған домекейт, альгодонит, саф күміс,
бетехтинит болып табылады.
Кенорын ауданының солтүстік қапталындағы негізгі бөлігінде қорғасын (60 пайызға
жуық), оның шығыс бөлігіндегі Анненск бөлімшесінде 50 % жоғары мырыш бар . Күмістің
орналасуы да белгілі бір заңдылықпен белгіленген. Күмістің ең жоғары концентрациясы
халькозин, содан кейін халькозин-борнит және борнит кені үшін сипатталады. Күмістің аз
мөлшері халькопирит, одан аз мөлшері қорғасын -мырыш кендерінде.
Кендегі әрбір шоғырдағы күмісті құрайтын минерал түрлері тікелей мыс құрамына
байланысты, яғни мыс құрамы қаншалықты жоғары болса күміс құрамы да соншалықты
жоғары.
Рений құрамының артуы кенорынының кешенді кені үшін сипатталады. Жезқазған
кенорынынң пайдалы қазбасы түсті металл кені болып табылады. Кендегі негізгі пайдалы
қазба мыс, мырыш және қорғасын. Қоспа кешендер күміс, рений, кадмий, осмий және
күкірт.
Жезқанған кенорының кендері технологиялық қатынаспен төрт өндірістік типке жіктеледі:
1) мыс тотығы ( 20% және одан жоғары тотықты мыс құрайды);
2) сульфитті мыс ( 20% аз тотықты мыс құрайды);
3) комплексті (мысты-қорғасынды, мысты –қорғасынды-мырышты, мысты-мырышты);
4) қорғасын-мырышты ( қорғасынды, мырышты, қорғасын -мырышты).
Кенорынының баланстық қорындағы тотықты мыс кенінің үлесі 1,8 %, сульфитті мыс кені
86,6%, комплексті кен 5,5 % және қорғасын-мырышты кен 6,1 %.
Жезқазған мыс кен орынының тау жыныстары пайда болу негізіне қарағанда шөгінді тау
жыныстарының комплексіне жатады. Тау жыныстарының құрылымы сұр және қызыл түсті
құмшық тастар (песчанники) бір-бірімен қабат-қабат болып араласқан екі үлкен қатпардан
тұрады. Бұл құмшықтар арасында жіңішке қабаттармен (прослойка) араласқан аргилиттер
мен аревролиттер және линза тәрізді формадағы конгломераттар мен роговиктер, әктас
(известняктар) кездеседі. Қатпарлар (толща) екі Тасқұдық және Жезқазған свиталарынан
құралған. Тасқұдық свитасы жоғарғы қатпарда орналасқан.
Сабақ №9
Кенді дене шоғыр элементтері және пішіні
Тақырыптық жоспар:
1. Кенді дененің құлау бұрышы бойынша жіктелуі
2. Кенді дененің қалыңдығы бойынша жіктелуі
Бүйір жақтары, екі беті параллель не соған жуық келетін кен сілемдерін пласт, жұқа кен
сілемдерін желі дейді. Кенді дененің жату элементтері: қалыңд ығы, созылу ұзындығы, құлау
ұзындығы, құлау бұрышы. Құлау бұрышының шамасына қарай кенді дене жазық- 0-220-250;
көлбеу 20-25-450 дейін; күрт құлама 450 асатын болып бөлінеді. Кенді дене қалыңдығы
нақты, жазық, толық, пайдалы, толық алыну, пайдалы алыну, бол ып ажыратылады. Көлбеу
немесе күртқұлама сілемнің екі бүйір бетінің ең қысқа қашықтығын, яғни нормаль
бағытымен өлшенетін қалыңдығын нақты, жазық бағыттағысын жазық қалыңдық дейді.
Жазық кенді дене қалыңдығы тік бағытымен мөлшерленеді. Толық қалыңдық- кен
сілеміндегі жыныс қатпаршақтарын қоса есептегендегі төбе табан арақашықтығы. Пайдалы
толық қалыңдық-кен қатпарын қоса есептегендегі қалыңдық. Алу немесе алынар қалыңдық
деп барлық кен қыртыстарымен қоса қазылатын жыныс қатпаршақтарын біріктіріп есептеген
кездегі кен сілемінің қалыңдығын айтады. Пайдалы алу қалыңдығына нақтылы қазылатын
кен қыртысының қалыңдығы жатады.
Кен сілемдері қалыңдығының шамасына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жұқа қуатты 0,6 -
0,8метрге дейін; шағын қуатты 0,6-0,8м-3м дейінгі; орташа қуатты 3м-6-8 м дейінгі; қалың
қуатты 6-8м -15-20м дейінгі; өте қалың қуатты15-20м асатын.
Пайдалы қазба табиғи түрінде немесе арнаулы өңдеуден өткеннен кейін халық
шаруашылығында пайдалануға болатын жер қыртысындағы минералдық шикізат.
Кен жер қойнауынан қазып алу экономикалық жағынан тиімді, техникалық жағынан мүмкін
минералдық зат құрамындағы пайдалы компонент.Құрамында ешқандай пайдалы минералы
кездеспейтін немесе мөлшері жеткіліксіз тау жынысы бос тау жынысы деп аталады.
Руда мен бос тау жынысының техника және экономикалық даму деңгейіне байланысты
өзгеріп отыратын салыстырмалы ұғым.
Кенорыны деп жер қабатындағы пайдалы қазбаның шоғырлануы қазіргі уақытта темір
кендеріндегі темір мөлшері 16-17 пайыз, бұрында бос тау жыныс саналып келген 1 т кендегі
құраушы пайдалы компонент құны бағалылықпен анықталады. Кендегі металл мөлшері көп
болса соншалықты бай, яғни бағалы.
Қазып алуға жеткілікті кенорын қоры өндірістік деп аталады. Кеннің құрамында пайдалы
компоненттер мен зиянды компоненттер және қоспа элементтер болады. Жезқазған
кенорындағы кен құрамындағы бағалы компонент мыс, зиянды компонент күкірт, қоспа
элементтер мырыш, қорғасын, күміс. Шикізаттың ең аз мөлшері бағалы компоненттің ең аз
мөлшері зиянды қосындылардың шектелген ең көп мөлшері жа ңа ашылған кенорынына
қойылатын талаптар құрамына кіреді. Осы талаптар жиынтығы кондиция деп аталады.
Өндірістік кондиция мәні. Мыс 19 ғ кендегі орташа мәні 18 пайыз, 20 ғасырда υ пайызды
құрайды,қазіргі кезде 0,5 пайыз құрайды. Ғылыми техника жетістігі , әртүрлі табиғи
жағдайлар үшін өндірістік кондиция бірдей емес. Сондықтан экономикалық есептеулер
арқылы анықталып отырады.
Минералдық шикізат құны өскен сайын өндірістік кондиция мәні де төмендей береді.
Қазылған кенді кен массасы дейді. Тау кен массасы-шахтадан тысқа көтеріліп кен массасы
мен бос тау жынысы араласқан түрі. Кенорыны бір немесе бірнеше кенді денеден тұруы
мүмкін және шоғырлану пішіні әртүрлі. Бүйір жақтары параллель болып келетін кенді дене
пласт пішінді деп аталады. Кенді денені қоршаған тау жынысы жанас тау жыныс деп
аталады. Пластын өлшемдері жатыс элементтерімен анықталады: қалыңдығы, құлау
ұзындығы, созылым ұзындығы, бұрышы.
Созылу ұзындығы- пластың жазық кеңістікпен қиылысуы. Созылым ұзындығы мен
магнитті меридиан арасындағы бұрыш созылым бұрышы деп аталады. Созылым сызығына
перпендикуляр пласт бетінде жатқан сызық құлау ұзындығы деп аталады. Осы сызық пен
жазық кеңістік арасындағы бұрыш құлау бұрышы деп аталады.
Пайдалы кен денелерінің жатыс қалыптары:
а) желі (1-қарапайым түрі; 2 – күрделі орналасқан
түрі); б) шток; в) жаңқа (линза); г) ұя
Сабақ №10
Пайдалы қазба қорының жіктелуі
Тақырыптық жоспар:
1. Кен қорының түрлері