226. Ревматоидты артриттің базистік терапиясына қолданылатын дәрілер://
қабынуға қарсы стероидсыз бейспецификалық дәрілер (диклофенак)//
глюкокортикостероидтар (преднизолон)//
антибиотиктер (пенициллин)//
+цитостатик (метотрексат)//
хондропротекторлар
***
227 // Жүрек ақауы диагностикасына қажетті зерттеу әдісі//
+эхокардиография//
электрокардиография//
компьютерлік томография//
сцинтиграфия//
коронароангиография
***
228.:/ Жүйелі васкулитке жататын ауруды көрсетіңіз://
жедел ревматикалық қызба//
жүйелі қызыл жегі//
+бейспецификалық аортоартериит//
жүйелі склеродермия//
тромбоцитопениялық
/
***
229. Науқас 25-те, жақында жедел дизентериямен ауырғанан кейін, сол тізе артриті белгілері пайда болды. Ішкі мүшелер патологиясы жоқ. Қосымша тексергенде лейкоцитоз және ЭТЖ тездеуі анықталды. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз://
жедел ревматикалық қызба//
ревматоидты артрит//
септикалық артрит//
+реактивті артрит//
құяң
***
230. Әйел адам, 27-де, қол саусақтарының қысқа мерзімге бозаруына, алақан сүйектері-саусақтар және білезік буындарының ауруына, ентігуге шағымданады. Қарағанда: қол саусақтары терісі тығыз, жылтыр, қыртыстанбайды; алақан сүйектері-саусақтар және білезік буындары пішімі аз-кем өзгерген (дефигурацияланған), жүрек тондары тұйықталған, өкпеде крепитацияланған сырылдар бар. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз://
жүйелі қызыл жегі//
+жүйелі склеродермия//
жүйелі васкулит//
жедел ревматикалық қызба//
дерматомиозит
***
231. Тексергеннен кейін науқаста жүректің құрамалы ревматикалық ақауы бары анықталды. Қолқа қақпақшасы жетіспеушілігі барын қандай белгілер көрсетеді//
оң жақта II қабырға аралығындағы систолалық шу//
+оң жақта II қабырға аралығындағы диастолалық шу//
жүрек ұшы тұсындағы систолалық шу//
жүрек ұшы тұсындағы диастолалық шу//
мойын тамырларындағы систолалық шу
***
232. Остеоартроздың зертханалық диагностикасына тән белгі://
анемия//
лейкоцитоз//
эозинофилия//
тромбоцитопения//
+қан көрсеткіштері қалыпты
***
233. / Науқас 19 жаста, баспадан кейін жедел ревматикалық қызба пайда болды. Екіншілік алдын алу үшін қажеттісі://
дәрумендер (аскорбин қышқылы)//
қабынуға қарсы бейспецификалық дәрілер (ацетилсалицил қышқылы)//
глюкокортикостероидтар (преднизолон)//
+«әсері ұзартылған пенициллиндер (экстенциллин)//
жүрек гликозидтері (дигоксин)
***
234. Құяң диагнозын нақтылау үшін қанның қандай зертханалық көрсеткішті анықтау қажет://
билирубин//
креатинин//
+зәр қышқылы//
жалпы ақуыз//
оксипролин
***
235.:// Дерматимиозит диагнозын анықтау (верификациялау) үшін орындалуы тиіс зерттеу://
+тері-бұлшық ет биопсиясы//
рентгенологиялық зерттеу//
электромиограмманы орындау//
спирографияны орындау//
қанның биохимиялық талдауы
***
***
236.Жүйелі склеродермияны диагностикалау үшін қандай көрсеткіш анықтау керек?:// Жүйелі склеродермия диагностикасына қанның қандай көрсеткіші маңызды://
жалпы ақуыз//
гемоглобин//
билирубин//
+оксипролин//
креатинин
***
237.Бейспецификалық аортоартериит диагнозын қоюда қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз://
+ангиография//
эхокардиография//
электрокардиография//
велоэргометрия//
коронарография
***
***
238.Базальды пневмофиброз, жайылмалы (диффузды) гломерулонефрит, эзофагит және Рейно синдромы тән патологияны көрсетіңіз://
жедел ревматикалық қызба//
+жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі//
дерматомиозит//
түйінді периартериит
***
239Қолқада систолалық шудың есітілуі://
+қолқа сағағы стенозында//
митральды стенозда//
трикуспидальды стенозда//
қолқалық жетіспеушілікте//
өкпе артериясы қапақшасы жетіспеушілігінде
***
***
240. Ревматикалық шабуыл белсенділігін анықтау үшін ескерілетіні://
стрептококкты инфекциямен байлаыстылық//
+қанның зертханалық зерттеулері//
аспапты зерттеулер//
жүрек ақауының болуы//
жүрек декомпенсациясы болуы
***
241.Науқас әйел адам, 28 жаста, босанғаннан кейін бір айдан соң бетінде эритема, 39 градусқа дейінгі қызба, жүдеу, ірі буындарындағы ауру сезімдері, ісіктер және артериальды қан қысымының көтерілгенен байқады. Тексергенде табылғандары: Нв – 90 г/л, ЭТЖ – сағатына 50 мм , фибриноген – 6 г/л, альбуминдер – 30%, лейкоциттерде LE - жасушалары 5:1000. Сіздің диагнозыңыз://
жүйелі склеродермия//
+жүйелі қызыл жегі//
дерматомиозит//
жайылмалы эозинофильді фасциит//
ревматикалық полимиалгия
***
242.Созылмалы іріңді ринит, отит, артрит, миалгиялар, геморрагиялық васкулит, ыдыраған өкпедегі инфильтраттар тән ауру://://
Вегенер гранулематозы//
түйінді полиартериит//
Такаясу ауруы//
Гудпасчер синдромы//
склеродермия
***
243.Жүрек ақауы бар науқаста физикалық жүктемеден соң пайда болатын естен тану ұстамалары, жүрек аймағының барлық жерінде қатты систолоалық шу бар және сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз
митральды стеноз//
митральды жетіспеушілік//
+қолқалық стеноз//
қолқалық жетіспеушілік//
үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі
***
244.Науқас 25 жаста, дағдарысты (критический) митральды стенозы бар, жүрек декомпенсациясы жоқ. Осы науқасты жүргізу тактикасын көрсетіңіз
+хирургиялық ем//
амбулаториялық бақылау//
бициллинмен емдеу//
антибиотиктармен стационарда емдеу//
жүрек гликозидтерімен емдеу
***
***
245.Науқаста остеоартроз салдарынан тізе буынының айтарлықтай деформациясы және функциясының ауыр бұзылуынан кәсіби қызметін атқаруға кедергісі болса, оны жүргізудің ең тиімді тактикасын атаңыз
амбулаториялық бақылау//
санаториялық-курорттық ем//
медикаментозды ем//
+ортопедиялық ота//
физиотерапия
***
246.Науқас 45 жаста, Рейно синдромы, жұтынудың бұзылуы, өкпелік гипертензия, қол саусақтарының бүгуінің қиындауы, соңғы фалангы зақымдалуынан саусақтардың қысқаруы бар. Осы ауруды емдеуде ең тиімді тағайындаманы атаңыз:// стероидсыз қабынуға қарсы дәрілер//
антибиотиктер//
+цитостатиктер//
дәрумендер//
иммуномодуляторлар
***
***
247.Дәрігерде жас әйелде жүйелі қызыл жегі болуы мүмкін деген күдік пайда болды. Диагнозды нақтылау үшін алдыменен орындалуы тиіс зертханалық көрсеткішті атаңыз:// КФК анықтау//
антистрептококкты антиденелер титрін анықтау//
+антинуклеарлы антиденелер титрін анықтау//
ревматоидды факторды анықтау//
хламидияларға антиденелер титрін анықтау
***
248.Ер адам, 72 жаста, шағымдары: жалпы әлсіздік, жоғарғы қабақтарында және қолдары басында эритематозды бөртпе. Науқас үш ай шамасында аурады, соңғы 2 аптада артралгия және проксимальды бұлшық ет топтарының әлсіздігі пайда болды. Қан анализінде: АСТ, АЛТ және КФК деңгейінің аз-кем өсуі. Болуы мүмкін диагнозды атаңыз.
полимиозит//
+дерматомиозит//
гипотиреоз//
миастения//
Кон синдромы
***
249.Науқас 60 жаста, онкологта простата безінің рагіне байланысты есепте тұрады. Екі ай бұрын табиғатта дем алып, күнге күйгеннен, салқын суға шомылғаннан соң пайда болған жедел респираторлы аурудан ем алған. Соңынан дерматомиозит диагнозы қойылған. Осы ауру қалыптасуына әсері бар ең ықтимал себепті атаңыз:// дәрілік препараттарды қабылдау//
вирусты инфекция//
қатерлі ісік//
бактериальды инфекция//
инсоляция
***
250.Бейспецификалық аортоартериитпен ауыратын науқаста бас айналуы, есінен тануы, құрысу ұстамалары бар. Осы симптомдар қандай синдром белгісі болады:// интоксикационды//
+синокаротидті//
вегетативті тамырлық дистония//
артериальды гипертония//
истериялық синдром
***
251.Дәрілерді қабылдау және HBs-антигені болуы қай жүйелі васкулиттің этиологиясы бола алады
Вегенер гранулематозы//
Такаясу ауруы//
Гудпасчер синдромы//
+түйінді периартериит//
геморрагиялық васкулит
***
252.Тұрақты артериальды гипертензиямен анықталатын бүйрек зақымдалуы, асимметриялы полиартриті, тыныс демікпесі және жүдеу қандай аурудың белгісі болып табылады? ://
Вегенер гранулематозы//
Такаясу ауруы//
Гудпасчер синдромы//
+түйінді периартериит//
геморрагиялық васкулит
***
***
253.Науқаста базальды пневмофиброз, диффузды гломерулонефрит, эзофагит болса дамуы мүмкін ауруды атаңыз://
+жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі//
дерматомиозит//
түйінді периартериит//
геморрагиялық васкулит
***
***
254.Науқаста қол саусақтарының тырнақты фалангасының остеолизисі, тырнақтар деформациясы, қол басының бүгу контрактурасы және Рейно синдромы бар. Алдын ала қойылатын диагноз:/
/ +жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі//
дерматомиозит//
түйінді периартериит//
геморрагиялық васкулит
***
255.Жүйелі қызыл жегі дамуының негізгі патогенездік механизмі:/
/ +антиденелердің бақылаусыз өндірілуі//
тіндердегі бейспецификалық қабынулар//
бактерийлер токсиндерімен улану//
вирустар токсиндерімен интоксикация//
экзоаллергендерге аллергиялық реакция
***
***
256.Люпус-нефрит белгісін көрсетіңіз://
+бүйрек жетіспеушілігі//
бүйрек шаншуы//
дизуриялық синдром//
бүйрек амилоидозы//
бүйрек поликистозы
***
257.Он бестегі науқасты тексергенде жүрек шектерінің солға және жоғары ығысқаны, жүрек мықынының жазылуы бары анықталды. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тонның әлсіреуі және систолалық шу, өкпе артериясында 2-і тонның акценті, рентгенографияда – жүректің сол бөлігінің үлкейгені анықталады. Сіздің диагнозыңыз://
митральды стеноз//
+митральды жетіспеушілік//
қолқалық жетіспеушілік//
қолқалық стеноз//