Ұлттық байлық құрамы және ұлттық экономикадағы қызмет етуі

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіліктер санасына жатады және мемлекеттік экономикалық даму деңгейінің айнасы деп болады.

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани иліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам иеншігінде болады.

Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді.

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

б) материалдық реезрвтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры

г) тұрғындар мүлкі

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің Республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82 %-ауыл шаруашылығы жүйесі жатады.

Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи иісліктер 11 мың өзен, 7 мыққан астам көп су қоймалары бар. Минералды ресурстар ұлттық табыстық төрттен үшін құрайды.

Ұлттық экономикадағы ұлттық байлықтың қызмет етуі, экономиканы данытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай-ақ елдің ұлттық байлығының үздікссіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлықтың екң маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартылысынан астамы тәсілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басындағы мүлкін енгізеді.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғыдардың мүлкі де жатады. Байлық динамикасының қорлану мөлшері және көп қайтарумен байланысының ұлттық байлық индексі аша түседі.

Ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. қамтуы қажет. Шын мәнінде ақпарат әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі болып табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық әлеуметін толық іске асыруға болады. Кәсіпкерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттық құна шексіз, сатылуы да мүмкін, деп кезінде өткерілшендіктен уақыт бойынша құнын жоғалтады. Мысалы, АҚШ-да жыл сайын фирма-ғылыми-техникалық ақпаратты үшін орташа 10-15 млрд долл, шығын жұмсайды. Сондықтанда ақпарат өндірістің негізі болып табылады. Кез-келген экономикалық жүйені далытады және оның өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық байлық өзінің аса мауыздылығына қарабай-ақ, оны білім-бағамдаудың мәселесі әлі кезге дейін қоғам тұтылысынан эконоикалық басқа да жұмыстарын жасау мәселелері деңгейінен қалып отыр. Ұлттық байлықтың теориялық мәселелерін жасаудың артта болуына байланысты, оны болжау мен есептеудің көптеген практикалық сауандалы шешілмей отыр.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсарумен, табиғи байлықты рациональды игерумен қоғамның барынша қоршаған ортаны сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Онеркәсібі далынған елдерде бірінші таудағы салалық құралым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндер ауысуда.

Ұлтық байлықтың құрамының деңгейінің негізгісі ғылыми-зерттеу және конструктарлық сынақ жұмыстары саласында атқарылған құн оны таза сатудан түскен санадан 3,1 процент артық болуы шарт.

Ұлттық экономикадағы қолданылатын технолгия орташа дәрежені күрделіктен жоғары болуы керек, яғни экспорттық бағалау әдісімен анықталады.

Сыртқы саудағы бағалардың негізінде нарықтық баға жатыр. Дамыған қоғамдың еңбек бөлінісі және халықаралық сауда жағдайында ұлттық құндар өндірістік ұлттық бағасына, ал интернационалдық құндар өндірістің интернационалдық бағасына айналады.

Ұлттық құнның (сол сияқты өндіріс бағасының) интернационалдық құннан ерекшелігі бар. Оған жекеленген елдердің экономикалық дамуының жалпы деңгейі, табиғи және тарихи жағдайылары, ұлттық ерекшеліктері жатады. Ұзақ уақыт бойы жұмыс күші құнындағы өзгешіліктер шешуші фактор болып келді. Бірақ қазір бірінші кезекке басқа себептер, әсіресе технологиялық артықшылықтар, рыноктың коньюктурасына бейімдеу жылдамдығы және т.б. себептер шықты.

Ұлттық зұндардың айырмашылықтарынан еңбек өнімділігі мен тиімділігінің деңгейілері көрінеді.

Тауалардың дүниежүзілік рынокта өткізілген кезінде жекелеген елдердегі еңбек, дүниежүзілік шаруашылықтары жиынтық еңбектің бөлігі, ретінде қоғамдық мойындауға ие болады. Нәтижесінде ұлттық қоғамдық жұмыс уақытының орташа қатынасы, бір елдегі жеке жұмыс уақытының қоғамдық жұмыс уақытына қатынасы сияқты көрінеді.

Еңбектің шығындары мен нәтижелерінің салыстырмалы айырмашылықтарын икемді пайдалану халықаралық айырбасқа қатысушы елдер үшін экономикалық тиімділікті қалыптастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы құн заңының әкереті дүниежүзілік рыноктағы тауарлар айырбасы ұлттық қоғамдық қажетті еңбек шығындарының негізінде емес, орташа әлемдік шығындар негізінде анықталады.

Басқаша айтқанда ұлттық тауарлардың құны әлемдік баға және қоғамдық қажетті шығындар арқылы анықталады. Халықаралық тауар айырбаса, өндіргіш күштердің өсуі мен еңбек қарқындылығы, орташа әлемдің қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталатын өндірістің шығынына негізделген.

Бұл жағдайда даму деңгейі мен еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары елдердің өнімдерінің ұлттық құны интернационалдық құмнан төмен болады, ал даму деңгейі төмен елдердің өнімдерінің ұлттық құны жоғары болады. Дүниежүзілік нарықтық ерекшеліктерінің бірі – қоғамдық қажетті орташа жұмыс уақыты жекелеген тауар өндірушілердің жұмыс уақытының орташа арифметикалық шығындарының нәтижесінде емес, халықаралық деңгейде белгілі бір тауардың басты жеткізушілері басып табылатын елдердің ұлттық құндарының негізінде жасалады.

Кейбір жағдайда, дүиежүзілік нарыққа жекелеген тауарлардың басты жеткізушілері қатарында әлемдік өдірісте үлесі төмен тауар өндірушілер де болуы мүмкін. Дүниежүзілік рыноктағы халықаралық бағалардың ұлттық экономикадағы бағалардан айырмашылығы бар.

өндіріс факторларының елдер арасында толық ауысуы мүмкін емес. Демек, халықаралық айырбасқа бәсекеге қабілетті, өндіріс шығындары төмен, тұтыну қасиеттері өте жоғары өнімдер ғана шығарылады.

Экскорттық тауарларда өндіру үшін алдыңғы қатарлы технология қолданылады, ерекше табиғи немес жағрафиялық жағдайлар интенсивті түрде пайдаланылады.

Дүниежүзілік бағалардың деңгейі, қатынасы және динамикасы көптеген ерекше факторларымен анықталады. Бұл факторларға монополиялар мен бәсекенің кері, биржалық алыпсатарлықтар, ұсыныс пен сұранысқа кезеңдік немесе басқа ауыиқулардың әсер етуі, инфляциялық процестер, өнімнің өмірлік кезеңі, мемлекеттік және халықаралық реттеулер және т.б. жатады. Ішкі ұлттық экономикадағы жеке тауардың дүниежүзілік бағасы ұсыныс пен сұраныстың әсерімен нарықтық құннан ауытқиды. Ұлттық экономикадағы тауардың құны өзгермеген және тауар орынбасарлары болмаған жағдайда ғана ұсыныс пен сұраныс көлемдерінің өзара әрекеті нәтижесінде тепе-теңдік бағасые қалыптастырады. Пайда табу мүмкіндігі де әртүрлі факторларға байланысты, өндіріс шығындарының ең төмен деңгейіне алдымен ірі корпорациялар ғылым мен техникалық жаңалықтарын монополиялық пайдалану, ғылыми зерттеулерге көп қаржы жұмсау, өндірісті ірілендір, басқару мен маркетигтің жаңа әдістерін қолдану және т.б. арқылы жетеді. Осы шаралар арқылы өндіріс шығындарын кемітіп, жоғары еткізу бағасын қалыптастыруға жағдай жасалады.

Экономиканың сыйымды саласының қарқынды дамуы жиынтық еңбек массасын олардың пайдасына қайта бөлуді талап етеді. 1950 жылдан 1986 жыл аралығында өнеркәсіптің барлық дәстүрін салаларында жұмыс істейтіндердің саны салыстырмалы да, абсолютті де азайды. Егер 1950 жылы екі саланың үлесіне (тамақ және тоқыма) жалпы жұмыс істейтіндердің 20% келсе, ал 1986 жылы олардың үлесі екі есе қысқарып -11,2% құрады, ал абсолюттік мөлшерде жұмыс істейтіндер саны 1,5 есе азайды. Қара металлургияда жұмыс істейтіндердің үлесі едәуір қысқарды. 1950 жылы 8,2%-дан, 1986 жылы 3,8%-ға дейін.

Сонымен бірге ғылыми сыйымды біз атаған 5 (бес) ішкі салада жұмыс істейтіндер үлесі осы мерзім ішінде 25,5%-дан 37,9 пайызға дейін артты. Ал абсолюттік есептеуде осы 35 жылда жұмыс істейтіндер саны прибор өндірісінде -2,4 есе электроникалық және машина өндірісінде -2 еседей, химия өнеркәсібінде және транспорт машинасы өндірісінде -1,4 есе өсті.

Еңбек өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі экономиканың қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз етіледі, әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өндеуші өнеркәсіптен ғылыми зерттеулерге қаржының 75-80% экономикалық үлесіне тиеді. Болжам есептеу жиынтық өнеркәсіп сыйымды салалар үлесі -33-34% жетеді, ал 1980 жылы бұл көрсеткіш -29,8 пайызды құраған.

Дамыған елдердің өнеркәсібінде машина жасау өндірісі кешендері маңызды орын алады, оған мына саналар тобы жатады:

- жалпы машина жасау өндірісі;

- транспорттық машина жасау өндірісі;

- приборлар жасау өндірісі;

- метан өңдей өндірісі.

 

Машина жасау кешендері ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін материалдық жүзеге асырудың экономикалық кез-келген саласының материалдық базасын жаңартудың, өндіріс пен басқарудың және автоматтандыру професін тереңдетудің негізі. Күрделі қаржының өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталының активті бөлігіне жұмсалғанының басым көпшілігі өндіріс процесін автоматтандыру жабдықтары,

Дамыған елдердің көпшілігінің ұлттыө экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық рефолюция анықтайды. Қазіргші құрылымдық өндірістер жәй сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.

Ұлттық экономиканың деңгейін зерттеумен байланысты халыө шаруашылық көрсеткіштеріндің категорияларын; ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т.б. талдауда тепе-теңдікті қолдана беруге болады. Бүкіл экономика көлемінде қоғамның кірістері мен шығыстарының тепе-теңдік бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс өндірілген ұлттық табыс пен сұраныстың пайдаланылған ұлттық табыс арасындағы тепе-теңдіктің өзіндік көрінісі. Мұнадығ маңызды мәселе: жұмыспен толық қамтылған жағдайда кіріс пен шығыстың тепе теңдігін нарықтық тетік мемлекет көмегімен нарықтық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды.

Қоғамның жиынтық табысы дегеніміз – бұл ұлттық табыс. Ал жиынтық шығын бұл ұлттық табысты тұтыну мен қор жинауға жұмсау. Ұлттық экономикада халықтың тапқан табысының бәрі жұмсалмайды, оның бір бөлігі жинақталады, яғни кейінге қалдырылады. Ұлттық табыс, инвестиция, тұтыну ғана емес, қор жинауды талдау да ұлттық экономикада қызмет етуінде де орын алады. Аталып өткен мәселелердің әр қилы жақтары Дж.м. Кейненің көптеген еңбектерінде қарастырылған. Ұлттық байлықты зерттеу, оның дәрежесін анықтауға қарастырылған белгілермен сипатталып көрсетілді.

Айлар табыс Тұтыну шығыны Тұтынуға шектеулі бейімділік Жинақ S Жинаққа шектеулі бейімділік … S:…y
1. қаңтар 2. ақпан 3. наурыз 4. сәуір 5. мамыр 1000 1100 1200 1300 1400 1000 1090 1180 1270 1350   0 10 20 30 50    

Кестеден көріп отырғандай, ай сайын кіріс өседі, алайды қосымша әрбір 100 доллардан тұтынуға салыстырмалы өз үлес жұмсалады да, басым көпшілігі сақталады. (жинаққа кеиеді). Мысалы, ақпанда қосымша 100 доллар тауып, оның 90 долларын тұтынуға жұмсады, ал 10 доллар жинақ ретінде сақтауға қалдырды. Наурыз айында қосымша 100 доллардан, 80 долларды тұтынуға, 20 долларды сақтауға бөледі, т.б. нәтижесінде тұтынудың жалпы шығыны өседі, алайда табыстың өсу қарқынынан төмен.

Табыстың өсуімен адам жақсы ішінеді, киінеді, саяхаттайды, сонымен бірге оның жинақ мөлшері де өседі. Тұтыну да, жаоақ та абсолютті мөлшерде өседі, алайда тұтыну үлесі салыстырмалы бірте-бірте азаяды да, жинақ үлесі ұлғаяды, яғни

Формуладан көріп тұрғандай жинаққа шектеулі бейімділік, жинақ мөлшерінің өзгерісінің табыс өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады.

1) тұтынуға шектеулі бейімділік;

2) жинаққа шектеулі бейімділік.

Жалпы табыс өсетін болса, өнімнің бір бөлігі тұтынуға, ал қалған бөлігі сақтауға кететіне түсінікті.

Ұлттық экономикада қызмет ету деңгейі тұтыну мен жинақ өзгеріс сомасы табыстың өзгерісіне тең болары сөзсіз. Сонымен 1-кестеден көргендей, онда .

Табыс 4000-нан 5000 долларға өскенде абцисса өсімін оңға қадам жасалады. Мұнда тұтыну сызығында (1-сурет) В нүктесінен С нүктесіне дейін ауысу орын алады. Шектеулі өлшемге талдау шектеулі табыс, шектеулі шығымдар бөлімдерінен таныс.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуінің деңгейі

 

Ұлттық экономикадағы тепе-теңдіктің экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу бағыттарының өз ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агригаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін экономикалық өсудің қарқынын, т.б. зерттеуді көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға-жиынтық өндірушілер деп қаралады:

Ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол пайдаға ие болғаны сипатталады.

Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа иүскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің аәтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрос.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін а.Маршалдың неонлассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынады: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндіушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немес, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызадыү бұл жағдайда, экономикалық субъектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмысының практика жүзінде қандайы болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады.

Ал экономикада рационалды субъектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері, әдетте, орынды деп есептеледі және тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

Ұлттық экономикалық қызмет ету нәтижесін өлщеу үшін теория мен шаруашылық практикада әр түрлі көрсеткіштер қолданылады.

Бұл көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің қосымды көлемінің шамасын бағалау үшін пайдаланылады. Бұған жататындар: жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ), түпкі қоғамдық өнім (ТҮҚӨ), таза қоғамдық өнім (ТҚӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ), арадағы өнім (АӨ).

Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953ж. бастап қолданылып келеді.

Ұлттық экономиканың қызметі елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен; олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында бөліну мөлшерімен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу процесінде, оны бөлуде, айырбастауда, тұтынуда қалыптасқан құрамдық бөлінумен сипатталады. Ұлттық экономиканың бүкіл әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесімен тығыз бірлесіп, іс-әрекеттер жасау дәрежесі өндіргіш күштердің даму дәрежесі, ғылыми техникалық прогрестің масштабы, сипаты және темпі, өндірістік ресурстардың сапасы, территорияның көлемі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі әсер етеді.

Батыстық экономикалық теория мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық емес өндірістегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пайдаланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.

Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол жалпы ішкі өнімнің белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметтерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтмиды. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысын жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елдің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызмет ету орны жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасауды негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланады. 1988 жылдан бері жалпы Ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімізде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп, халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді. Жалпы ұлттық өнім ағындағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады. Мысалы, АҚШ-тың 1990 жылы жалпы ұлттық өнім, өнім көлемі ағымдағы бағамен – 4254млрд.долл. болды. Экономист С.Шаталиннің есептеуі бойынша бұрынғы КСРО-ның сол жылғы ұлттық өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 940-960млрд. сом болды.

Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақыт ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есебін жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді және оны жалпы ұлттық өнім дефляторв деп атайды. Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономисттер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепцмясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды.

Жалпы ұлттық өнімді сол елдің өндіріс алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәоірек сипаттайтын өлшемі ретінде батыс экономисттері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды:

1. Өнім ағымының әдісі

Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеңіндегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Соынмен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықталғанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.

2. Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әлістің де бірдей бағаны.

Дегенмен АҚШ-тың сауда министрлігінің экономикалық таңдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық өнімді есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Жалпы ұлттық экономикадағы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта ұлттық есептей жүйесінің шеңберінде есептеледі, ұлттық өнім мен ұлттық табыстан басқа, тамақ пен күрделі қаржылау салааралық балансын, финанс ағыстарының балансын, ұлттық байлық пен еңбек ресурстарының баланстарын дамытады.

Ұлттық экономикадағы өнім тауарлар мен қызмет көрсетуді есепке алады, яғни жалпы ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем қайтып оралмайтын немес еңбек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтып оралатын өнім түлері жатады.

Еліміздегі атқарушы үкіметтің экономикалық саясатының нәтижесін бағалау, яғни жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі. Бүкіл халықтың 6-7 процентінен асып кетсе потенциалды жалпы ұлттық знім нақтылық дәрежеден жоғары болады да, олардың ара қашықтығы ұлғаю тенденциясына ұласады. Экономикадағы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім жиынтық өлшем қозғалысын сипаттайтын ұлттық есептеу жүйесінің бір ғана көрсеткіш емес. Ұлттық экономикадағы табыстың едәуір бөлігі салық арқылы қайта бөлінетін «араласы экономика» жағдайындағы мемлекеттің финанс жүйесі мен әлеуметтік саясатының мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.

Таза экономикалық ұлттық өнім көрсеткіші елдің жылдық өндіріс көлемін өлшеу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім кейбір жағдайлармен байланысты ұлттық қаржы экономикалық тұрмыс-тіршілік толық сипаттай алмайды.

Барлық елдерде дерлік қоғам мүшелерінің де ауқымының жақсаруына ықпал ететін қызмет түрлерін, атап айтқанда, науқас адамдар мен балаларға қамқорлық жасау, жеке құрылыс, репититорлық жұмыс т.б. есепке алынатын, жүйелі статистикалық мәліметтер жоқ. Қоғамның «таза экономикалық әо-ауқатына» теріс ықпал ететін «көлеңкелі экономика» секторының салдары самогон қайнату, есірткілерді сату т.б. жағымсыз факторлар есепке алынбаған. Жалпы ұлттық өнім халық тұрмысын көтеруге қатысты, үй жұмыстарын да қамтымайды (пәтерді, электр, радио жабдықтарын, аяқ киімді, автомашинаны жөндеу).

Бұл көрсеткішке қоғам мүшелерінің тұмсысын жақсартуға кедргі келтіретін, қоғамдық өндірісті ұлғайтуға кері әсер ететін жағдайлар енбейді (ресурстардың азаюы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы).

Сонымен бірге елдің экономикасы дамыған жағдайда табыс деңгейі өсіп ойдағыдай демалуға, халықтық басым көпшілінің демалыс уақытын ұзартуға мүмкіндік туады, ал соңғысы қоғамның әл-ауқатын арттырумен пара-пар.

Осы факторлардың қоғамның, оның мүшелерінің әл-ауқатына ықпалын ескеру, тұтас алғанда, қоғамның тезе экономикалық хал-ахуалын жақсартуға негіз қалайды.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесі – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептеудің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданып келеді, 70-жылдың аяғында ұлттық есептер әлемінің 100-ден астам елінде жасалынады. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, есептіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардың т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Бұдан басқа ұлттық есептер жүйесіне жиынтық көрсеткіштерді айқындап ашып көрсететін немес өзіндік, жеке дара маңызы бар баланс кестелері кіреді.

Қазақстанда көп салалы экономика, оын нарық жолына салуға бағытталған қайт ақұру 1990 жылдардың басында басталды.

Қазақстанды нарыққа көшірерде мемлекеттің экономикалық дамуында өзіне тән ерекшеліктер бар.

Олар ең алдымен Қазақстан, ұлттық экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да болды. Мұнда мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі өте төмен болды. 1987 жылы рефомаға кірісерде мемлекеттің қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса, Қазақстанда 46% ғана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді.

Республикада КСРО 6 пайызы тұрғанмен Одақ бойынша өндірілетін өнімнің 4,5 пайызы өндірілді. Республика экнономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан адам басына шығатын өінм өте төмен болды. Халық тұтынатын товарла өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді. Ол өнімдердің 60 пайызына дейін республикаға сырттан әкелініп отырды.

Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда мемлекеттің экономикасы иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында жүргізіледі. Экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен асуды және жекелендіруді қиындата түсті.

Ұлттық экономиканың бастапқы капитал дәрежесң төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кірісте аө болатын.

Экономиканың негізгі қадеттерін бойына сіңірген және пайда табу мақсатымен нарықтың кейбір элементтері бар болып саналады.

Шаруашылық бюрократиясы мен кәсіпорын әкімшілгінің қасында қалған ерекге қызықтар бүгінде бұйрықтың диктаторын олын әрі жалғастыруда. Жергілікті органдар мен бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың иелері тіл табысып, ұлттық экономикалық даумына өте керемет ықпал жасады.

Елімізде ұлттық экономикалық кейбір элементтері белең алған, ал нарықтық экономика классикалық үлгімен дамып келеді.

Экономикалық қатынастар мен байланыстарды методологиялық тетіктерді пайдалану керек. Әсіресе ұлттық экономика халық қызмет ету дкеңгейінде хаықаралық қарым-қатынастар мен алыс берістерді тиімді жүргізуде жалпы теориялық мәселелерді шешіп алсақ, күнделікті өмірден ұлтаралық экономикалық қатынастардағы қателіктер байланыстардағы ұтылыстар азаяр еді.

Осындай методологиялық алғы шарттардың қатарында сыртқы экономикалық қатынастарға жол ашатын дұрыстығын қажеттілігін дәлелдейтін теорияларды да ьілу керек.

Мемлекттің, үкіметтің саясаты тауар өткізу кезінде көрінуі мүмкін, бірақ ол өз алдына мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық валюта қоры, басқа да әлемдік экономикалық қоғамдастықтар мен ұйымдар байланыстардың баяндылығына айтарлықтай ықпал жасады. Бұл жерде сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін өкімет заңдары кеден заңы да өте қажет.

Ұлттық экономикалық қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуында өзіне тән бір қатар ерекшеліктер бар еді.

Кеңес елінің саясат экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды.

Жиынтық өнім матриалдық өндңрңс саласы, өнімдерінің қосындысы ретінде анықталд, материалдық техникалық жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау. Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасындағы сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылады, сөйтіпжалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.

Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамның бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежені қоғамдық өндіріс орнаизмі осы мамандағы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырущыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетиг т.б. бойынша мамен кадрларды талап етуде. Бұо қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.

Материалдық емес игіліктерді өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сапа (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуды. Аталған салаларлдың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады.

Экономикалық қызме деңгейі көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді, яғни мұнда ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі жалпы қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы декес, онла тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды. Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішіде еңбек заттары екінші рет есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.

Ұлттық экономикалық статистикада қайталама есептеуді болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке жіне қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Сонымен қатар, оның құрамында заттанған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жағартудың көзі болып табылады.

Қоғамның таза өнімі – жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланатын амортизация жармасын машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік объектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі.

Таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды.

Ұлттық табыс елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол ақшалай формада есептеледі.

Ұлттық экономикадағы экономикалық қызмет ету деңгейі ұлттық табыстық абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндірістің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әо-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өнімінің 50пайызын құрайды. Ұлттық экономиканың бағыты, дамуы, деңгейі, өсуі – ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары арқылы жүзеге асады. Ұлттық табыс қоғамдық өнім өндіретін барлық салалардың таза өнімі, бөлу сатысында - әр қилы алғашқы және қайьалама табыстар, айырбас сатысында - өндіріс құрал-жыбдықтары мен тұтыну заттары түріндегә тауарлар сомасы, тұтыну сатысында түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады.

Ұлттық табысты зерттеумен әр қилы бағыттағы экономисттер айналысты. Ағылшын экономисі У.Бетти 1664 жылы капиталистік қоғамның табыстарын және оны бөлугше, талдау жасауға әрекет жасады. Ол сол кезеңдегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтың, жерден, үйлерден капиталдар және еңбек шығындарынан түсетін табыстар саласы деп анықталады. Кез-келген іс-әрекеттің түрі табыс әкеледі. Ұлттық табыс – ұлттық экономиканың қызметін жалпы ұлттық өнімнен экология тұрғысынан қоғамдық өндіріс процесіне тікелей қатынасы жоқ, тек ерекше қызмет көрсетумен шектеледі. Ұлттық экономикалық құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады. Ұлттық экономиканың қызметі – ұлттық экономиканың құрылымы негізгі салалар арасында еңбекті бөлудің сандық пропорцияларымен негізделеді. Қазіргі кезеңде ұлттық экономикалық құрылымына ғылыми-техникалвқ революция шешуші ықпал етеді. Ұлттық экономика - өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр.

Сонымен, ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі, қазіргі жағдайда материалдық өндіріс салаларының интенсивті даму жолына көшуімен байланысты, өндірістік емес салада еңбек өнімділігінің қарқындырақ өсуіне жол ашады, яғни өндірістік емессаланың жанды және затқа айналған еңбегін үнемдеу есебінен де мүмкін болады. Осының бәрі ұлттық экономикалық тиімділігін көтерудің қажетті шарты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Ұлттық экономика қызмет етудегі тәселдері» Ихданов Ж.О., Орманбеков Э.О., Алматы 1997 жыл.

2. «Экономика және өзекті мәселелері», Әлімахун Э.

3. «Ұлттық экономикадағы даму стратегиясының алатын орны» Жомартов О.Ш.

4. «Экономиканы есептеп білген ғана ұтады» Думанұлы Р. Алматы 2002жыл.

5. «Ұлттық байлықты жетілдіру» Егемен Қазақстан 2004 жыл.

6. «Ұлттық байлықтың құрамы» Егемен Қазақстан 2004 жыл.

7. Қазақстан экономикасы 2001-2003 жж.

8. Ақиқат журналы 2002. №2.