Жасанды жарықтандыру
Жасанды жарықтандыру көбінесе электр жарық көздерінің екі түрінің көмегімен орындалады: қыздыру лампасы және люминесцентті лампа, олардың қыздыру лампасына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
● сәуленің спектрлік құрамы табиғи, күндізгі жарыққа жуық;
● КПД жоғары /1,5- 2 есе қыздыру лампасының КПД-н артық/;
● жарықты беруі жоғары / қыздыру лампасынан 3 есе артық/;
4.2. Сыртқы жарықтандыру қондырғылары
Жарықты шығарудың үш әдісін бөлуге болады: термосәулелену, жоғары және төмен қысымды газ разряды.
Термосәулелену. Барынша жоғары температураға дейін электр тоғының өтуі кезінде өткізгіштің қыздырылуы. Бұл үшін металдар арасында анағұрлым жоғары балқыту температурасы бар (3683 K) вольфрам элементі келеді. Мысалы: қыздыру лампалары және галогенді қыздыру лампалары.
Газ разряды. Газ, металл булары және жиі кездесетін элементтерімен толтырылған жабық шыны ыдыста, кернеу пайда болған кезде доға разряды пайда болады. Бұл уақытта пайда болатын газ тәріздес сәуле тарату жарықтың қажетті түсін береді.
Мысалы: сынапты, металлогалогенді және натрий лампалары.
Люминесценатты процесс. Шыны түтікке толтырылған электр разрядының әсерімен сынап булары көзге көрінбейтін ультракүлгін сәулелерді шығара бастайды, олар шынының ішкі бетіне жағылған люминофорға түсе отырып, көзге көрінетін жарыққа айналады. Мысалы: люминесцентті лампалар, компактты люминесцентті лампалар, жарық диодтары (Light Emitting Diodes (LEDs). Лампалардың әр түрі жарық берілісі, спектралды сипаттамалары сияқты параметрлерімен (мысалы, түс берілісі), электрлік сипаттамаларымен (жұмыс кернеуі, тұтынатын қуаттылығы), сындарлы сипаттамаларымен (мөлшері), жұмыс істеу мерзімі және құнымен ерекшеленеді.