Табиғи жарықтандыру


Рационалды табиғи жарықтандыру психологиялық комфорт қамтамасыз етеді, көру және жалпы шаршауды болдырмайды, көздің кәсіптік ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін көтереді және еңбек сапасын жақсартады, жарақаттану қауіптерін төмендетеді.

Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру обьектісі мен фон аралығында көлеңке болмауы, араларында біршама шектеу болуы қажет; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырмауы керек; жұмыс ауданын жарықтандыру дәрежесі үнемі бір қалыпта болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге залалсыз болуы қажет.

Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.
Табиғи жарық /күннің көрінетін жарық энергиясы/ организмнің жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезіне білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады.
Күннің жерге түсетін барлық жалпы энергиясы мөлшерінің шамамен 52% көзге көрінетін жарық, қалғаны – көзге көрінбейді: жылулық, инфрақызыл /43%/ және ультракүлгін /5%/.

Ультракүлгін сәуленің ұзақ мерзімде болмауы немесе оның қажетті мөлшерден аз дозасы адам организміне кері әсер етеді, патологиялық өзгерістер туғызады және олар ультракүлгін жетімсіздігі деп аталады /жарық сәуледен аштық/.

Табиғи жарықтандырудың келесі жүйелерін ажыратады: жанама -күндізгі жарық бөлмеге ғимараттың қабырғаларындағы тесіктер арқылы түседі; жоғарғы - жарық ғимарат төбесіндегі тесіктер арқылы енеді; комбинирлі - жанама және жоғарғы жарықтандыру бірге қолданылады; бірлескен - жарықтандыру тәуліктің жарық кезінде табиғи мен жасанды түрін бірге қолдану арқылы орындалады. Бұл жағдайда көру жұмысының жағдайларына табиғи жарықтың жеткіліксіз болуынан жарықтандыру үнемі табиғи жарық көздерімен толықтырылады, ол арнайы СНиП талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Біржақта жанама жарықтандыруды қарастырайық.

Табиғи жарықтандыру коэффициентінің /ТЖК/мөлшерленген мағынасын анықтау.
Мөлшерленген мағынасы /ТЖК/ келесідегідей анықталады:
ен = е * m * c

е – ТЖК мағынасы , %;

m- жарықтандыру климат коэффициенті /күннің тура сәулесін ескермейді/, ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;
с – күн климатының коэффициенті / тура күн сәулесі ескеріледі/, ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;
Оргтехникамен жұмыс кезінде көру жұмысының сипаты жоғары дәлділікті қажет етеді / айқындау обьектісінің ең аз размері — 0,3-0,5 мм/. е = 2 % деп қабылдаймыз.
Жобада біржақты жарықтандыру типі қарастырылған, қабылдаймыз: m = 1,00, с = 0,85.

Сондықтан:
е = 2 * 1,00 * 0,85 = 1,7 %.

 

Жарық ойықтары ауданын анықтау


Жанама жарықтандыруда жарық ойықтарының қажетті ауданы жуық мөлшермен келесі формула бойынша анықталады:


Sок = ен * ηо * Sn * Кзд / τо * τ1 * 100

Мұндағы:
ен – жанама жарықтандыруда ТЖК -ң мөлшерлі мағынасы,

τо- жарық ойығының сәулені өткізудің жалпы коэффициенті, ойық шынысы материалына, былғану дәрежесіне, конструкция типі мен күннен қорғау қондырғысына байланысты. Бұл коэффициент 0,15—тен 0,30 шамасы аралығында өзгереді. Есептеу үшін оны 0,30 тең деп аламыз.
Кзд -терезелердің қарсы тұрған ғимараттар көлеңкесінен қараң,ылануын ескеретін коэффициент. Кзд - 1,7- ден 1-ге дейін ғимараттар арасының бір ғимараттың биіктігіне қатынасымен анықталады. Есептеу үшін 1,0 тең деп аламыз.
ηо - терезенің жарық түсіру сипаттамасы;

τ1 - коэффициент, ТЖК-ң бөлімше қабырғаларынан шағылысып түскен және жанындағы ғимараттың төбесінен шағылысқан жарыққы байланысты өсуін ескереді;


Sn – бөлме ауданы:

Sn = 5,35 * 6,14 = 32,849 м2.

Бөлме ұзындығының Z оның тереңдігіне В ара қатынасы тең болады:

Z = 5,35 м,

В = b / 2, мұнда b – бөлменің ені,


В = 6,14 / 2 = 3,07 м,


Z / В = 5,35 / 3,07 = 1,74 = 2.


Жұмыс қабырғасынан терезеге дейінгі биіктігін анықтау үшін жұмыс қабырғасы еденнен 8 м биіктікте, ал терезенің төменгі жағы еденнен 1,2 м жоғары деп қабылданады. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып келесі мөлшерді анықтаймыз :

h1 = hок + 1,2 м – 0,8 м

 

мұнда hок – терезе биіктігі.


hок = 2,4 деп қабылдаймыз.


Сонда :


h1 = 2,4 + 1,2 м – 0,8 = 2,8 м


Бөлімше терңдігініңВ оның биіктігіне h1 жұмыс қабырғасынан терезенің жоғары жағына дейін ара қатынасы тең болады:


В / h1= 3,07 / 2,8 = 1,096 = 1,5.


Сол себепті 2.2 [1] Кестесы бойынша жарықтандыру мағынасы
ηо = 9,5.


ρср – төбеден, қабырға мен еденнен шағылысып түсетін орташа өлшенген коэффициенті;
а – ең жақын терезеден жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық, м. а = 1 м аламыз.
«а» қашықтығының бөлменің терңдігіне В ара қатынасы тең:
а / В = 1 / 3,07 = 0,326.


Жоғарыда көрсетілгеннен көреміз, коэффициент τ1 біржақты жанама жарықтандыруда 5.6 кетеде [1] сәйкес тең болады: τ1 = 1,1.


Sок = 1,7 * 9,5 * 32,849 * 1,0 / 0,3 * 1,1 * 100 = 16,076 м2.


Бір терезенің ауданы:


Sок = hок * b, (5.6)

мұнда b – терезенің ені:


b = Sок / hок


b = 16,076 / 2,4 = 6,698 м.


жобадағы бөлмелердің геометрикалық размерлерін ескере отырып нақтылы 6,698 м енді терезені шынылау үшін оның есептік мөлшерін анықтау мүмкін емес. Бір терезенің размерін қабылдаймыз:
S’1 ок = 2,4 * 4 = 9,6 м2 (нақтылық жарықтану).

Sок / Sn = 16,076 / 32,849 = 0,489 = 1 / 2,04,

Sок / Sn = 9,6 / 32,849 = 0,29 = 1 / 3,42,


Sок / Sn = 1 / 2 ÷ 1 / 4.