4 тарау Жарық техникасы және жарық көздері
4.1. Жарықтандыру
Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.
Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:
-жұмыс орындағы жарықтың «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар» 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет.
-жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтың мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;
-жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;
-түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету қажет;
-жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмау қажет, сондай-ақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.
Жасанды жарықтың есептеу әдістері:
Жарықтехникалық есептеу: пайдалану коэффициент, нүктелік және салыстырмалы қуат әдістермен есептеледі.
1. Нүктелік әдіс
Бұл әдіс бойынша симметриялы шеңбер сәуле тарату әр жарық шамының жарық ағыны 1000 лм-ге тең деп алады. Бұндай жарық шамының құру жарықтандыруды шартты деп атайды. Шартты жарықтандырудың шамасы шамның жарық тарату және геометриялық өлшемдеріне байланысты: нүктеден шамның жарық түсіретін жеріне дейінгі проекциясының ( α ) және жарық түсіретін дәрежесінен шамның орналасу биіктігі ( h ) дейінгі арақашықтығы. Әр шамдағы жарық ағыны анықталады. Ол үшін μ - жойылған шамдардың әрекетін есептейтін коэффициент және ∑Е – бақылау нүктесіндегі жалпы жарықтандыру, шамның минималды жарықтануы, қор коэффициенті шамалары ескеріледі.