Электролиз өндірісінің электр қондырғылары.
Электролиз қондырғыларын тұрақты токпен коректендіру генератордан келетін тұрақты ток немесе айнымалы токты өндірістік жиілікте тұрақты токқа түрлендіретін жартылай өткізгіш агрегатпен жүзеге асады.
Соның ішінде ең көп тарағаны кремнийлі түзеткіш агрегаттар (пәк 97-99 %), айнымалы токты тарату құрылғылар, кернеу реттеу қондырғысы бар күштік трансформатор, жартылай өткізгіш агрегат, тұрақты токты таратқыш қондырғы мен жеке қажеттілік қондырғысы.
Электр қондырғыларын коректендірудің үш фазалы күштік трансформаторлар жоғары кернеуде жүктеме астында және екінші орамалардың қасына орнатылуы мүмкін. Әрбір екінші орама түзеткіш фаза санына тәуелді, жартылай өткізгіш блогын қоректендіреді.
Электролиз өндірісі үшін күштік трансформаторды техникалық дамыту, экономикалық арттыру және орнату кезінде қоршаған ортаға улы заттар шығуын азайтады.
Экономикалық факторлар жалпы шығын мен энергия шығынын азайтады. Қоршаған ортаға улы заттар бөлінуінің азаюы жаңа суытқыш агент (силикон майлары) және шу азайюымен жүзе асады.
Күштік түзеткіш трансформатордың төменгі кернеулі орамасын алюминий табақшадан жасайды, ені магнитті ортаның ұзындығына сәйкес, жоғары кернеулі орамасы-алюминий сымынан немесе табақшалардан жасалады.
Реттегіш трансформатор ретінде үш фазалы автотрансформатор қолданылады, күштік трансформатордың номинальды қуатына тең кірмелік қуатқа есептелген.
Автотрансформатор ішінде кернеу ЖАР (жүктеме астында реттеу) қондырғысы көмегімен кернеу реттеу бір қалыпты ҚА (қозусыз ауысу) қондырғысымен бірнеше сатылы түрде реттеп отырады.
Түзеткіш агрегаттар басқарылатын және басқарылмайтын вентильмен орындалады. 5-суретте басқарылмайтын вентильді ауыстырғыштың күштік бөлім сұлбасы көрсетілген. Күштік трансформатордың желілік орамасы үшбұрышқа тізбектей және параллель ҚА ауыстырғыштарымен қосылады. Екі вентиль орамасы үшбұрышша, екеуі-жұлдызша қосылған.
3.4-сурет. Басқарылмайтын вентильді ауыстырғыштың күштік бөлімінің сұлбасы
3.3. Төмен температуралы плазма