Жоғары вольтты конденсатордың оқшауламасы
Әр типті конденсатордың тағайындалуы мен жұмыс режимдері олардың құрылымдық орындалуын және оқшауламасын анықтайды.
Конденсаторларды дайындауға кең қолданылатын материал тығыздығы жоғары (1,0-1,2 г/см3) конденсаторлық қағаз болып табылады, оның қалыңдығы 5-30 мк. Тұрақты кернеу конденсаторы үшін сонымен қатар қалыңдығы 0,08-0,17мм, онша қымбат емес кабельдік қағаз қолданылады. Конденсаторлық қағаздың екі сортын пайдалынады. КОН-1 және КОН-11, КОН-11 қағазы тығыз, диэлектрик шығындары үлкен және көбінесе тұрақты кернеу конденсаторларында қолданылады.
Қағазды сіңіру және конденсатор корпусын толтыру үшін хямиялық және жылулық төзімділігі жоғары конденсаторлық май қолданылады. Қағаз майлы конденсатор оқшауламасының диэлектрик өтімділігі 3,8 жуық. Тұрақты кернеуде минералды маймен салыстырғанда диэлектрик өтімділігі жоғары ( = 4,5) және электрлік беріктігі сол сияқты касторлық майды қолдануға болады. Айнымалы кернеуде касторлық май қолданылмайды, өйткені минералды майға қарағанда оның диэлектрик шығындары 5-7 есе артық болады.
Сонымен қатар синтетикалық полярлық сұйықтықтарды да қолдануға болады. Мысалы соволдың =5, ол конденсатордың салмағын 35-49%-ға төмендетеді. Алайда соволдың буы токсикалық (токсичный). Бұл соволдың қолданылуын шектейді және температура өзгергенде соволдық конденсатордың сыйымдылығы мен
тұрақты болмайды.
Күштік конденсаторлар айнымалы тоқ қондырғыларында қуат коэффициентін арттыру үшін, алыс электр жеткізу желілеріндегі бойлық компенсация үшін эуе желілеріне жоғары жиілікті байланыс аппаратурасын жалғау үшін және т.б. қолданылады. Тұрақты тоқ қондырғыларында соволдық конденсаторлар инвенторлы сұлбаларда жұмыс істейді. Тәжірибелік импульстік кернеу және тоқ генераторларында, сонымен қатар арнайы магнит қондырғыларында күшті магнит өрістерін, жоғары температуралы плазманы, электр гидравликалық эффектіні және т.б. алу үшін импульстік күштік конденсаторлар қолданылады.
Барлық жағдайда күштік конденсаторлар өз функцияларын оқшауламаның активті бөлігі арқылы іске асырады, яғни электродтар арасындағы оқшауламаға кейбір уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын энергия жиналады. Кодденсаторда жиналатын энергия мынаған тең
мұнда Vа – оқшауламаның активті бөлігінің көлемі, Ераб – оқшауламадағы жұмыс кернеулігі.
Қуат коэффициентін арттыратын күштік конденсаторлардың қондырғысы сұлбалық турде (7 - сурет) көрсетілген. Герметизацияланған корпуста хомут арқылы металдық беттер (щеки) арасында пакет түрінде жинақталған жазық престелген рулондық секциялар арасында электрокартоннан немесе кабельдік қағаздан болады. Конденсатордың ішкі көлемі сіңдіргіш қоспамен толтырылған. Коңденсатордың номинал кернеуі мен сыйымдылығына байлааысты секциялар параллель, тізбектей және аралас сұлбалар түрінде қосылады. Кейбір конденсаторларда секциялар жекеленген (индивидуалды) сақтандырғыштар арқылы қосылады. Мұндай жағдайда конденсаторлардың жұмыс қабілеті, бірнеше секция тесілсе де, сақталады.
2.8 - сурет. Қуат коэффицентін арттыруға арналған күш конденсаторының сұлбасы
Секция-электрод рөлін атқаратын диэлектрик таспаларынан немесе алюминиді фольгадан спираль түрде оралған (бұралған) рулон. Рулонды секцияларда электродтың екі бетіде активті болады, сондықтан электродқа келетін металл шығыны азаяды.