2.6 - сурет. Болат түтікгегі май толтырылған кабель
Алдын-ала вакуумдалған және құрғатылған құбырдың 2 ішінде үш оқшауланған фаза 5 тартылады. Кабель диаметрімен салыстырылғанда диаметрі 2,6-2,8 есе үлкен құбыр оқшауланған қабатты жақсы сақтандырады, сондықтан кабельдің қабығы жеңілдетіліп жасалады. Жартылай өткізгішті қағаз экранының үстінен екі перфоридтелген мыс таспалары 4 (жүргізіледі) қапталады. Құбырға тарту кезінде кабель бүлінбеу үшін, мыс таспаларына мыстан немесе қоладан жасалған жартылай домалақ сымдар 1 спираль түрінде қапталады. Монтаждан кейін құбыр оқшауламаны 6 сіңдіретін маймен 3 толтырылады. Құбырдағы қысымды бір-бірінен 10-15км қашықтықта орналасатын сорғы станциялары автоматты түрде ұстап тұрады.
Газ толтырылған кабельдер. Бұл кабельдер кернеуі 35 кВ және одан да жоғары қатты иілмелі трассаларда кең қолданылады. Бір талсымды кабельдің құрылымы май толтырылған кабельдің құрылымына ұқсас. Құрғатылған азот немесе 20% элегаз қосылған азот қысым берілгенде талсым ортасындағы өткізгіш арнаны толтырады және сіңдірілген оқшауламаға өтіп кетеді. Газ қысымы оқшауламаның электрлік беріктігін жоғарылатады және ионизациялық процестердің жүруін қиындатады. Төмен ( 2 атм дейін) орташа (
=3-6 атм) және жоғары (
=12-15 атм) қысымды кабельдер қолданылады. Кабельдердегі қысымды арнайы муфталар арқылы біріктірілген сығылған газға толтырылған балондар автоматты түрде ұстап тұрады. Мұнда арматура май толтырылған кабельдермен салыстырғанда қарапайым және арзан болады.
35 кВ кернеуге сонымен қатар үшталсымды кабельдер шығарылады (3.6 -сурет). Газ өткізгіш арналар 1 қорғасын қабығы 3 жанындағы талсымдар 2 арасында орналастырылады.
2.7- сурет. 35 кВ-тік үш орамды газ толтырылған орта қысымды кабель
Резеңке жэне пластмасс окшауламасы кабельдер кеңінен қолданылады.
Бұл кабельдердің оқшауламасындағы кернеуліктері үлкен емес -2-2,3 кВ/мм дейін, 35 кВ кернеуге шығарылады. Полиэтиленді кабельдер жеңіл және ылғал өткізбейтін қапты керек етпейді, полиэтиленнің жоғары меншікті кедергісі және диэлектрлік шығындары аз болады.
Полихлорвинил және резеңке оқшауламасы бар кабельдер 6 кВ кернеуге дейін шығарылады және полиэтиленді оқшауламасы бар кабельдермен салыстырғанда электрлік сипаттамалары нашар.
Кабельдік муфталар. Кабельдің жеке бөліктерін (учаскелерін) бір-бірімен жалғастыру соңғы кабельдік муфталар арқылы жүзеге асады. Олар кабельді қою кезінде жасалынады. Құбырлықпен сіңдірілген кабельдер үшін, жалғастырушы муфталар кабельдің қабығына герметикалық паятталған металл сырттыққапта дайындалады. Талсымды оқшамалау сіңдірілген оқшауламалы қағазды бұрау (орау) арқылы жүзеге асады. Оқшауланған талсымдар мен корпус арасындағы кеңістік битумдық мастикамен және эпоксидті смоламен толтырылады. Талсымдардың гильзалық қосылулары престеледі (опрессовываются).
6-10 кВ кернеуге дайындалған соңғы кабельдік муфталар битумдық компаундпен толтырылған металдық воронка немесе перчатка түрінде жасалады.
Бекітпелі және жартылай бекітпелі жалғастырушы муфталар жоғары қысымда герметикалықты және электрлік беріктікті сактау керек, сондықтан май мен газ толтырылған кабельдерде олардың құрылымы өткерме оқшаулатқыштардың құрылымына ұқсас келеді.