2.3 - сурет. Белдеулік оқшауламалы үш орамды кабельдің орындалуы

 

Оқшауланған талсымдар арасындағы аралық төмен пробалы оқшауламамен 4 толтырылады. Белдеулік оқшауламанын үсті герметикалық қортасынды немесе алюминиді қабықпен 5 және болат таспаларынан немесе сымдарынан жасалған сақтандырғыш сауытпен 6 қапталады. Сауыт битумдық қоспа және сіңдірілген жіптің көмегімен тоттан сақтандырылады.

20 және 35 кВ кернеулерде жеке қорғасындалған немесе экрандалған талсымдары бар кабельдер қолданылады. Бұл кабельдерде радиалды өpic пайда болуы үшін және көпсымды дөңгелек (домалақ) талсым өрісінің жергілікті күшеюін балдырмау үшін талсымның 1 және фазалық оқшауламаның 3 үстінен фольгадан немесе метализацияланған қағаз таспасынан жасалған экрандар 2,4 қапталады. Белдеулік оқшауламасы бар кабельдерге қарағанда, радиалды өріс кабель оқшауламасындағы кернеуді екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Белдеулік оқшауламасы бар кабельдермен салыстырғанда, жеке қорғасындалған талсымды кабельдердің тоқтық жүктемесі 10-20% артық болады.

2.4 - сурет. Жеке қорғасындалған кернеуі 35 кВ үш орамды кабелдің орындалуы

 

Кернеуі 3-35 кВ құбырлықпен сіңдірілген қалылты кабельдерді деңгей айырмасы 10-15м вертикаль прокладкаларда немесе ұзақ, өте иілген трассаларда қолдануға болмайды, өйткені сіңдірілген салмақ ағып кетеді де, кабель қабығы бүлінеді.

Мұндай кабельдер жоғары температурада ағып кетпейтін битумдық қоспамен немесе синтетикалық смола негізіндегі қоспамен сіңдірілген қағаздан да жасалады.

Маймен толтырылған кабельдер. Кернеуі 110 кВ және одан да жоғары кабель талсымдарының қағаз оқшауламасы, кабельде артық қысымда болатын тұрақтылығы мен газ төзімділігі жоғары, таза газсыздандырылған маймен сіңдіріледі. Май толтырылған кабельдер әрдайым бірталсымды болып және майдың қысымына байланысты төмен ( 1 ати дейін) орта ( =3-5 ати) және жоғары ( =10-15 ати) қысымды болады.

Май оқшауламаға талсым ортасындағы май каналынан талсым саңылаулары арқылы өтеді. (кернеуі 220 - 500 кВ жоғары қысымды кабельдерде).

Май толтырылған кабельдің құрылысы 4- суретте келтірілген.

2.5 - сурет, Кернеуі 110-220 кВ маймен толтырылған орта қысымды кабель:

1-майөткізгіш жүйе, 2 - сым, 3 и 5 - жартылай өткізгіш қағаздан

орындалған экран, 4 - оқшаулама, 6 - қорғасын қабы,

7 - күшейткіш және қорғаушы қаптар

 

Төмен температураларда (0°С - тан төмен) май толтырылған кабельдің сипаттамалары нашарлайды, өйткені жоғары құбырлықта сіңу нашарлайды. Бұл май толтырылған кабельдердің солтүстік аудандарда қолдануын қиындатады.

Қысымды майы немесе газы бар болат құбырларындағы кабельдер. Бұл кабельдерді май толтырылған кабельдермен салыстыруға болады және олар 110-500 кВ кернеуде де қолданады. Құбырдағы майдың қысымы 15-ке дейін (2.6-сурет).