ҚазаҚстан республикасыныҢ білім жӘне Ғылым министрлігі

 

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Айтжанов Н.М, Абдикулова З.Қ, Рахимжанова П.Т, Шукенова Ғ.А

 

Электрмеханикасы және электртехникалық жабдық

 

 

 

 

Түркістан-2015

Пікір жазғандар: 1. ҚККА - т.ғ.к.,доценті Утешкалиева Л.

2. ХҚТУ- т.ғ.д.,профессор Қойшиев Т.Қ.

 

 

Оқу құралы жоғары білім беретін оқу орындарының «Электрэнергетика» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған. Оқу құралында электр энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі, электрлік оқшаулама және кабельдік техника, түрлендіргіштер, жарық техникалық қондырғылардың ерекшеліктері қарастырылған. Электржетектерінің автоматтандырылуы, электронды және компьютерлік басқарылуы анықталған.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

4

I тарау. Электрмеханика

6
1.1. Тұрақты тоқ электр машинелері 6
1.2. Арнайы қызметке арналған электр мәшинелері және шағын машинелері 10
1.3. Синхронды машинелер 22
1.4 Асинхронды қозғалтқыштар 24

2 тарау. Электрлік оқшаулама және кабельдік техника

28
2.1. Электрлік оқшаулама 28
2.2. Жоғары кернеулі күштік кабель 47

3 тарау. Электртехникалық қондырғылар және жүйелер

58
3.1. Электр доғалық разряд 58
3.2. Электролиздің физикалық негіздері 60
3.3. Төмен температуралы плазма 71
3.4 Плазматрондағы қуатты реттеу 77

4 тарау Жарық техникасы және жарық көздері

80
4.1. Жарықтандыру 80
4.2. Сыртқы жарықтандыру қондырғылары 89

5 тарау. Технологиялық кешендердің автоматизациясы және

электр жетегі

98
5.1. Электржетектерінің құрылымы және типтері 98
5.2. Электржетектерінің жіктелуі 100
5.3. Электржетектің типтік статикалық жүктемелері. Статикалық орнықтылық. Тәуелсіз қоздырудың тұрақты токтағы қозғалтқыштың электрмеханикалық және механикалық сипаттамалары 101
5.4. Электр жетегі қозғалысының теңдеуі 106
5.5. Автоматтандырылған электржетек жүйесінің қозғалысының теңдеуі 110  
5.6. Электржетектерінің бұрыштық жылдамдығын реттеу 114
5.7. АҚ-ты реттелетін электржетектер 116
5.8. Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары. ЭҚ-ты қыздыру және салқындату 122

Қолданылған әдебиеттер

127

 

 

 

 

Кіріспе

Электржетегі деп электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіріп, түрлендірілген энергияны басқаратын электрмеханикалық қондырғыны атайды.

Өнеркәсіптегі техникалық прогресс технологиялық процестер, олардың тағайындалуы бойынша механизмдер мен әрекет ету принциптерінің көптүрлілігінің ұлғаюымен, өндірістік процестердің режимдік сипаттамаларының қаталдығымен, технологиялық циклдің қысқаруымен, өңдеу дәлдігін жоғарылатумен қатар жүреді. Бұл жағдайларда энергияны алып жүруші ретінде электр энергиясының артықшылығы, оның өзіне тән қасиеттері бойынша жоғары өндірістік еңбек құралдарын және осы техникалық прогресті қамтамасыз ететін жаңа технологиялар жасау мәселелеріне толық сәйкес келеді. Электр энергиясының бірден-бір негізгі тұтынушылары - электр жетегі – машинаның жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіретін және оның технологиялық процесін басқаратын электр механикалық құрылғы. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі технологиялық процестердің көпшілігі электр механикалық түрлендіру көмегімен алынатын механикалық энергияның көмегімен іске асады. Энергияны электр механикалық түрлендіру жүйесінің, электр жетегінің кемелдену нәтижесі қоғамдық өндірістің тиімділігімен байланысты. Кемелденген электр жетегін жасау электр механикалық құрылғыны және технологиялық процестің ерекшелігін есепке алып оның басқару жүйесін, машина жұмысының шарттары мен осы процесте әрекет ететін оның бөлек механизмдерін таңдау бойынша принциптік шешімдерді қабылдауға негізделген. Бұл технологиялық процестердің көптігімен, олардың өзара байланысуымен және олардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларына жатуымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, бір технологиялық процесте көптеген әртүрлі жұмысшы машиналары қатысуы мүмкін, сол сәтте бір машинаның өзі тіпті бөлек технологиялық процестерде жұмыс істеуі мүмкін. Келісілген жұмысшы бөліктері бар механикалық құрылғы ретінде анықталатын, энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіру үшін белгілі бір мақсатқа бағытталған қозғалыстарды орындайтын машиналар атқаратын функцияларының түрі бойынша энергияны түрлендіру үшін алдын-ала тағайындалған энергетикалық (мысалы, электр қозғалтқыштары, электр генераторлары, турбиналар, және т.б.) және еңбек өнімінің пішінін, қасиетін, күйін өзгертуді немесе ақпаратты жинау, қайта өңдеу және қолдануды орындайтын жұмысшы болып екіге бөлінеді. Жұмысшы машиналарға технологиялық машиналар – құралдар (металл кесуші станок типтері, ауыл шаруашылық, тігін, құрылыс машиналары) жатады.

Берілген күштер әсерімен белгілі бір мақсаттағы қозғалыстарды жасайтын қозғалмалы - қосылған денелердің бір тұтастығы ретінде механизмдер басты (жұмысшы) немесе басты қозғалыспен бірге технологиялық немесе көтеру - транспорттық амалдарды іске асыратын көмекші қозғалыстарды орындайды. Атап өту керек, белгілі бір механизм әртүрлі технологиялық немесе жұмысшы машиналар құрамында болуы мүмкін.

 

1 тарау. Электрмеханика