Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау
Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады (кесте)
Қате түрлері
Маңызды | Маңызды емес |
Оқушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қаиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер | Анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде дәлділіктің болмауы |
Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі | Графиктерді салуда дәлділіктің болмауы |
Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі | Тиімсіз шешімді қолдануы |
Логикалық қателер | Түсініктеменің, шешуді негіздемеуінің жеткіліксіз болуы немесе болмауы |
Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы | Жазуларда, сызбалар мен графиктерді салуда ұқыптылықтың болмауы |
Жауапта қысқартылатын бөлшектің, бөлімінде иррационал өрнектің жазылуы |
Емтихан жұмысын бағалау кезінде маңызды және маңызды емес қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Маңызды және маңызды емес қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрде негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға келесі ұсыныстар беріледі.
Жазба емтихан жұмысын бағалау
«5» | «4» | «3» | «2» |
Жұмыс толығымен орындалған: 5 (ҚГБ), 6(ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма | Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес) | Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес) | Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалмаған |
Жұмыста математикалық қателер жоқ | Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген | Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ оқушы міндетті білім мен білікті меңгерген | Білім алушының тақырып бойынша міндетті білім мен біліктігін меңгермегенін көрсететін үштен артық қате жіберілген |
Материал мазмұнының логикалығы және толықтығы | Материалды беруде кейбір дәлелсіздіктер жіберілген. | Материалды беруде логикалық тұрғыдан қателер жіберілген, материал толығымен ашылмаған | Материалды беруде логика сақталмаған |
Алгебра және анализ бастамаларының жазба жұмысын рәсімдеу
Емтихан жұмысын рәсімдеуде емтихан тапсырмаларын орындау барысында келесі талаптар сақталуы тиіс:
- есептің шығарылуының дұрыстығы;
- есептің шығарылуының негізделуі;
- есептің шығарылуының толықтығы;
- есептің шығарылуының тиімділігі;
- емле ережесінің сақталуы.
Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қарындашпен салынады.
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттер арқылы жүргізіледі. Билет саны – 25. Әр билет 3 сұрақтан тұрады, оның ішінде 2 сұрақ Ежелгі Қазақстан тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалар мен кезеңдердің теориялық материалдарынан тұрады.
Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырамыз:
1-сұрақ ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы материалдарын;
2-сұрақ жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсын;
3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама т.б.) қамтиды.
Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны
Сұрақтар саны | Сұрақ бойынша ең жоғарғы балл | Жауап түрі | |
1 сұрақ Ежелгі немесе ортағасырлардағы Қазақстан тарихынан | 1 | 10 | Ауызша |
2 сұрақ Жаңа немесе қазіргі замандағы Қазақстан тарихынан | 1 | 10 | Ауызша |
3 сұрақ Практикалық сипаттағы тапсырмалар | 1 | 10 | Ауызша, жазбаша |
Барлығы | 3 | 30 |
Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:
– базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;
– жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.
Базалық деңгей:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыра білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей:
- тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық қосымша деректер арқылы және тарихи тұлғаның қоғамдық саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орнын салыстырмалы талдауы негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, жағдаяттарды талдау;
- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.
Тарихи карталармен; тірек-сызбалармен; хронологиялық тізбектермен; тарихи тұлғаларды сипаттау; иллюстративтік материалдарды талдау жұмыстарын жүргізу кезінде билеттің 3-ші сұрағын ең жоғары 10 ұпаймен бағалауға қойылатын мынадай талаптар ұсынылады.
Осыған сәйкес бағалау өлшемдері:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тарихи карта арқылы көрсету;
- тарихи фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;
- тарихи тұлғаның қоғамдық саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орын бағамдау;
- иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.
Бағалау өлшемдері
№ | Өлшемдер | Балдары |
1 | Жалпы білім деңгейі | 1 |
2 | Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерін пайдалану | 5 |
3 | Логикалық жане талдамалық ойлау, құрастыруы және баядау стилі | 2 |
4 | Тарихи материалды ашу жөніндегі дағдылар | 1 |
5 | Сындарлы қорытынды жасау және ой қорыту қабілеті | 1 |
Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.
Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру өлшемі.
Есептеу шкаласы
Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға | «2» | «3» | «4» | «5» |
Жалпы бал | 0-4 | 5–16 | 17–24 | 25–30 |
Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Мектеп бітірушіге емтихан билетін алғаннан кейін 20 минут уақыт дайындыққа беріледі.
Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.
Қорытынды
Орта білім берудің мазмұнындағы сапалы өзгерістер бағалау жүйесіндегі өзгерістерге алып келеді.
Білім мазмұнының ажырамас бөлігі білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті және сенімді бағалау болып табылады.
Барлық кезеңдерде білім мен білікті тексерудің әртүрлі тәсілдері болды. Тарихи даму процесінде бағаны қою формалары, амал-тәсілдері, бақылау-өлшеу іс-шараларын өткізудің жиілігі және олардың мазмұны, білім алушыларға ықпал ету шаралары, уәждемелік элементтері мен көптеген басқа факторлары өзгерді.
Бағалаудың критериалды-бағдарланған тәсілін және дихотомикалық жүйесін пайдалану жаңа білім стандарттарына көшу жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективті және сенімді деңгейін ерекше арттырады.
Бағалаудың тиімді мазмұны, ұйымдастырушылық негізі мен аталған технологияның моделі Қазақстанның бірқатар мектептеріне (НЗМ, Мирас және т.б.) енгізілу нәтижесімен расталады, бұл критериалды бағалау нәтижесінің сандық және сапалық параметрлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Осыған сәйкес, жаңа бағалау жүйесінің рәсіміне тұлғалықты емес, іскерлік бағдарды жатқызуға болады, яғни әрекет процесінің бағасы бағалау нәтижелерінен басым болуға міндетті.
Ынталандыру мен көтермелеуді білім алушылардың оқу әрекетінің амалдарын, өзіне адамгершілік қасиеттердің үздіктерін қалыптастыру тәсілдерін, атап айтқанда, өз алдына қойған міндеттерге қол жеткізудегі талпынушылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін табысты меңгеруге бағытталған.
Бағалау рәсімін ұйымдастыру кезінде өзінің адамгершілік қаситеттерін арттыру мен қолдауда кез келген білім алушының өзін-өзі сыйлауы, өзін-өзі танытуы сынды маңызды қажеттіліктерінің бар екенін ұмытпауымыз керек. Ол осы білім алудағы, сыныптастары және мұғалімдерімен қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыра ма, әлде жоқ па, ол білім беру қызметіне деген түбегейлі қарым-қатынасқа байланысты.
Аталған әдістемелік ұсынымдамада «Ана тілі және әдебиет», «Алгебра және анализ бастамалары», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша емтихан материалдары жөнінде түсініктеме беріледі. Әдістемелік ұсынымдамада емтихан материалдарының мазмұнын іріктеу тәсілдеріне шолу жасалады, емтихан үлгілері мен тапсырмалардың түрлері баяндалады, емтиханды ұйымдастыру және дайындау жөніндегі талаптар қалыптастырылған, емтиханға қатысушылардың емтихан жұмыстарын бағалау бойынша ұсынымдама беріледі, тапсырмалар үлгілері келтірілген.
Мазмұны
| |
Кіріспе…………….…………….…………….…………….……………....... | 3 |
1 Мектеп бітірушілердің қорытынды аттесттауын ұйымдастыру.............. 2 Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері.................................................... Қорытынды.................................................................................................... | 4 8 21 |
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАМА
Басуға 20.12.2016 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 27,9.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 16-қабат