Емтихан жұмысының ұзақтығы.
Ана тілі мен әдебиетінен емтихан жұмысын орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Оқу пәндері бойынша емтихан жұмысын орындаудың ұзақтығына дайындау шараларына бөлінген уақыт енбейді (оқушыларға нұсқау беру, емтихан материалдарын тарату, емтихан жұмыстарын толтыру).
Орыс тілінен емтихан нәтижелерін бағалау (жазбаша нысан).
Емтихан жұмысын бағалау үшін тапсырмалардың белгілі бір типіне сәйкес келетін бағалау өлшемдерінің кешені пайдаланылады: әдебиет тақырыбына эссе жазу, еркін тақырыпқа эссе жазу.
Эссені тексерген кезде мынадай дағдылардың қалыптасу деңгейі бағаланады:
- мәтінді ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазу;
- эссенің тезистік-дәлелді бөлігін өзіндік пікірін келтіре отырып, ойын логикалық баяндауы;
- дәйектелген пікірді келтіре отырып, сенімді дәйектерді таңдау; қойылған мәселелерге автордың қатысын анықтау, өз ұстанымын басқа көзқараспен салыстыру;
- эссенің түріне, жанрына және тақырыбына сәйкес тілдік құралдарды таңдауды жүзеге асыру; мәтінді әдеби тіл нормаларына сәйкес ресімдеу.
Оқыту тілінен емтихан жұмыстарын бағалауға келесі талаптар ұсынылады:
- емтихан жұмысы аталған өлшемдер бойынша бастапқы балдарды қосу және оларды бағалаудың бес балдық жүйесіне ауыстыру жолымен бағаланады;
- әдеби тақырыпқа және еркін тақырыпқа жазылған эссе төменде келтірілген кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.
Емтихан жұмысының нәтижесін шығаратын балдар төмендегі ережелерге негізделіп анықталады:
- егер екі емтихан алушының қойған балдары сәйкес келсе, онда бұл балдар қорытынды балл болып табылады;
- егер екі емтихан алушының қойған балдарында болмашы айырмашылық анықталса, онда қорытынды балл сандары дөңгелектеу ережелеріне сәйкес дөңгелектеумен екі емтихан алушының орташа арифметикалық балдары ретінде анықталады;
- егер екі емтихан алушы қойған балдарда маңызды айырмашылық анықталса, онда қосымша (үшінші) тексеру тағайындалады.
Екі емтихан алушы қойған балдардағы маңызды айырмашылық – 8 және одан көп балдардағы айырмашылық болып табылады.
Нысан | Бағалау аспектілері | Балдары | Ең жоғары бастапқы бал |
Эссе | Мазмұны | 10 |
18 |
Сауаттылығы | 8 |
Эссе мазмұны төмендегі кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.
Эссе бағаланатын өлшемдердің арасында бірінші өлшем (эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі) негізгі болып табылады. Егер бірінші өлшем бойынша эссе 0 ұпайға бағаланса, онда тапсырма орындалмаған болып саналады және басқа өлшемдер бойынша бағаланбайды.
Әдеби тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемдері | балдары Ұпайлар Бал дар |
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді | 4 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді | 2 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын үстірт ашады және/немесе өз тезистерін негіздемейді | 1 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды | 0 |
Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді | 3 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір ғана дәйек келтіреді | 2 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді | 1 |
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі | |
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар және логикалық жүйеліліктің бұзылулары жоқ | 3 |
Эссенің бөліктері бір - бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінде), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқу бар | 1 |
Эсседе композициялық ой бақыланбайды, және/немесе баяндау жүйелілігінде өрескел қателер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктерінің арасында және бөліктерінің ішінде байланыс жоқ | 0 |
Әдеби тақырыпқа жазылған эссе үшін балдардың ең жоғары саны | 10 |
Еркін тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемдері | Балдары |
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді, шығарма мәтінінен мысалдар келтіреді | 3 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді, шығарма мәтінінен ұсынылған тезиспен тікелей байланысты емес мысалдар келтіреді | 2 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды, шығарма мәтінінен мысалдар келтірілмеген, өзіндік пікірі мәтінде негізделмеген | 0 |
Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді | 3 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір ғана дәйек келтіреді | 2 |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді | 1 |
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық берілуі. | |
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар мен логикалық жүйелілігінің бұзылулары жоқ | 3 |
Эссенің бөліктері бір-бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінің ), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқуы бар | 1 |
Эсседе композициялық түпкі ой бақыланбайды, және/немесе жүйелі баяндауда өрескел қателіктер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктері және ішкі бөліктердің ішінде байланыс жоқ | 0 |
Еркін тақырыпқа жазылған эссе үшін қойылатын ұпайлардың өлшемдер бойынша ең жоғары саны | 9 |
Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігі төмендегі кестеде көрсетілген өлшемдермен бағаланады
Сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері
Емтихан тапсырушының сауаттылығын және сөздерінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері | Балдары |
Орфографиялық нормаларды сақтау | |
Орфографиялық қателер жоқ, немесе бір қате ғана жіберілді | 2 |
Екі-үш қате жіберілді | 1 |
Төрт (ҚГБ)/ бес (ЖМБ) және одан көп қате жіберілді | 0 |
Пунктуациялық нормаларды сақтау | |
Пунктуациялық қателер жоқ, немесе екі қате ғана жіберілді | 2 |
Үш-төрт қате жіберілді | 1 |
Бес және одан көп қате жіберілді | 0 |
Грамматикалық нормаларды сақтау | |
Грамматикалық қателер жоқ немесе бір қате жіберілді | 2 |
Екі қате жіберілді | 1 |
Үш және одан көп қате жіберілді | 0 |
Сөйлеу нормаларын сақтау | |
Сөйлеу қателері жоқ немесе екі қате ғана жіберілді | 2 |
Үш-төрт қате жіберілді | 1 |
Бес және одан көп қате жіберілді | 0 |
Өлшемдер бойынша эссе балдарының ең жоғары саны | 8 |
Төменде бес балдық жүйе бойынша эссені бағалаудың қайта санау шкаласы келтірілген
Әдеби тақырыптағы эссені бес балдық жүйе бойынша бағалау шкаласы
Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға | «2» | «3» | «4» | «5» |
Мазмұны | 0–3 | 4–6 | 7–8 | 9–10 |
Сауаттылығы | 0-2 | 3-4 | 5-6 | 7-8 |
Еркін тақырыптағы эссені бес балдық жүйе бойынша бағалау шкаласы
Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға | «2» | «3» | «4» | «5» |
Мазмұны | 0–3 | 4–5 | 6–7 | 8–9 |
Сауаттылығы | 0-2 | 3-4 | 5-6 | 7-8 |
Ана тілінен емтихан материалдарының үлгілері ұсынылады (жазбаша нысан):
1. Бай-сұлтандардың образдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романының атауымен қандай өзара қатынаста болады?
2. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат лирикасы.
3. Мен қазақ қыздарына қайран қалам (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша)
4. Туыстарға көңіл бөлу маңыздылығы жөнінде толғану.
5. Өзіндік дарынға қалай қарау қажет?