Емтихан жұмысының құрылымы және мазмұны.
Әдеби тақырып «Әдебиет» курсының шеңберінде оқытылған көркем туындыларды талдаумен байланысты. Олар емтихан материалында екі әдеби дәуірлердің: ХІХ ғ. және ХХ ғ. әдебиеті туындылары болатындай таңдалған. Сонымен бірге көркем туындылардың әдеби түрлері және жанрлары алуан түрлі келтірілген.
Мектеп бітіруші поэзиямен байланысты эссе тақырыптарын кем дегенде екі өлеңнен мысал келтіре отырып ашуы тиіс. Кіші эпикалық нысанды туындылармен байланысты эссе тақырыптары бір-екі туындының мысалында ашылады (олардың саны бітірушінің өзінің қалауына қарай ұлғайтылуы мүмкін).
Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде мектеп бітіруші көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибеге де (жеке сезімдер, тақырыпқа меншікті ойлар және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.
Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Ұсынылған эссе тақырыптарының тек біреуін таңдау қажет, содан кейін 250-300 сөз көлемінде таңдап алған тақырыпқа эссе жазу керек. Эссенің композизиясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.
Емтиханға қатысушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді, афоризмдер жинағын қолдануға рұқсат етіледі.