Камералы электропештің электрондық-сәулелік құрылғылар
Электрондық қыздыру құрылғыларында (ЭҚҚ) электр энергиясының жылу энергиясына ауысуы бос электрондардың (мысалы, термо-катодпен эмитирленген) катод пен анод арасындагы электр өрісінде жоғары жылдамдыққа ие болуы кезінде және қыздырылатын объектінің бетімен соғылу нәтижесінде тез ұшатын электрондардың бағытталган ағынының (ол электрондық шоқ немесе сәуле деп аталады) кинетикалық энергиясының жылу энергиясына ауысуы кезінде жүреді.
Қыздырылған объект бетіне жете отырып, электрондық шоқтың (алғашқы электрондар) жылдамдатылған электрондары өз жолында толық кристалл торымен, сонымен қатар кездесетін жеке микро бөлшектермен: оң иондармен (тор түйіндерінде), бос (валенттілермен) және байланысқан электрондармен әрекеттесе отырып, затқа енеді. Бұл ретте алғашқы электрондардың электр өрісі кристалл торының мерзімдік өрісінің ауытқуын тудырады, ол иондардың орын ауыстыруы және олардың тербеліс амплитудасының артуына, яғни металл температурасының жоғарылауына әкеледі.
Алғашқы электрондардың жеткілікті кинетикалық энергиясы кезінде иондардың қозуы және байланысқан электрондардың аса жоғары энергетикалық деңгейге өтуі мүмкін.
Алғашқы электрондардың кинетикалық энергияcының электромагнитті сәулелену түрінде шашырауымен қатар олар металл электрондарымен (екінші реттік электрондар) соғылысады. Бұл ретте берілген энергия екінші реттік электронның вакуумға шығуы үшін ғана емес, сонымен қатар электронға елеулі қосымша энергия беруге де жеткілікті. Соның нәтижесінде үстіңгі бетте екінші реттік электрондардың эмиссиясы пайда болады.
Қарастырылып өткен металды электрондық қыздырумен қатар жүретін физикалық құбылыстардан басқа ЭҚҚ жұмыс камерасында электрондық шоқтың балқыған металл ваннасы айнасының үстінде металл буының атомдарымен және бөлінетін әрі қалдық газдың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. 20-30 кВ кернеумен үдетілген алғашқы электрондардың серпімді емес соқтығысуы нәтижесінде бу мен газдың қозуы және иондалуы, яғни плазма түзіледі, ол аса жоғары жиілікті тербелісті өндірумен және электрондық сәуледен плазмаға қарай энергияның қарқынды берілуімен қатар жүреді. Мүндай ЭҚҚ электрлік шығындар түрінің шамасы жұмыс камерасы атмосферасының қысымы мен құрамына, оның өлшемдеріне, шоқтың ток күшіне және электрондардың қозғалу жылдамдығына, яғни үдеткіш кернеудің шамасына байланысты.
Қорытынды
Камералық пештер - әдістемелік пештерден өлшемдері аз және жұмысының, периодты болуымен ерекшеленеді. Қыздырылатын бұйымдар табанда қыздырудың басынан алғанына дейін қозғалыссыз жатады да, кейін пештің барлық садкасы ауыстырылады. Температура камералық пештің барлық жұмысшы кеңістігі бойынша біодей болады. Түсті металдар және қорытпаларға арналған қыздыру және термиялық пештері көп көп жағдайда электрлік қыздырумен жұмыс істейді. Қорытпалардың сапасын арттыру үшін индукциялық пеш кейде вакуумдық камераларда орналасады.