5 Электр қожды қайта балқыту пештері
Электр пештерінің кедергі әсерінің принципі өткізгіште оның бойымен электр тоғының өтуі кезінде жылудың бөлінуіне негіздел-ген, t уақытындағы жылу энергиясының мөлшерін Джоуль - Ленц заңы бойынша анықтайды
2Rt
мұнда I – өткізгіш арқылы өтетін ток күші,; R — өткізгіштің белсенді кедергісі. Қазіргі таңда отандық және шетелдік арнайы электр металлургияда электр қожды қайта балқыту пештері (ЭҚҚ пештері) кеңінен қолданылады. ЭҚҚ пеші (5.1 – сурет) жанама қыздыру кедергісінің пеші болып табылады, ондағы қыздыру көзі (қыздырушы) – 2000-2300 К температуралы сұйық электр өткізгіш қож қабаты (ванна) қызмет етеді. Электр ток төмендеткіш трансформатор арқылы бір немесе бірнеше электрод бойынша береді.
Электродтар электр қожды қайта балқыту кезінде (ЭҚҚ) болатты (шығындалатын) немесе электр қожды тарата құю (ЭҚТ) немесе ірі кесекті құйма кесекті электр қожды құю кезінде (ЭҚҚ) құйылған (ЭҚҚ) және графитті (шығындалмайтын) бола алады. Шығындалатын электродтың шет жағынан тамшылап ағатын немесе шөміштен пешке құйылатын сұйық металл қож қабаты арқылы өтеді, сұйық металл ваннасы түзіледі, суды суытатын металды сауыт қалыпта – табаны бар кристаллизаторда құйма кесекке айналады.
1 – электр пешті төмендеткіш трансформатор; 2 – шығындалатын электрод; 3 – кристаллизатор; 4 – сұйық қож ваннасы; 5 – қожды кабыршақ (гарнисаж); 6 – құйма кесек; 7 – құйма кесекті шығаруға арналған арбаша; 8 – көтергіш конструкция; 9 – тіреу; 10 – көтергіш конструкциянын екі жылдамдықты екі қозғалтқышты жетекпен қозғалу механизмі; 11 – каретка; 12 – каретканы көтеру механизмі
5.1 – сурет – ЭҚҚ бір фазалы бір электродты пештін сызбасы (а) және жалпы түрі (б)