4 Вакуумды доғалы пештер

 

Конструкциялы, таттанбайтын, жоғары төзімді және басқа болаттан 60 т-ға дейінгі ірі құйма кесектерді алу үшін вакуумды доғалы пештер қолданылады. Вакуумды доғалы пештердің артықшылықтары: құйма кесектің кристалды құрылымы біркелкі болады; элементтер біркелкі таралмайды (сегрегация), қалыпты шойынды сауыт қалыпқа құйылған құйма кесектерге тән шөгу қаяуының және басқа ақаулардың болмауы. Тигель мыстан жасалатын болғандықтан, отқа төзімді материалмен байланысуының болмауы салдарынан металдың қоспалармен ластануы жүрмейді және тазалық деңгейі жоғары металл алуға болады.

Вакуумды доғалы пештердің негізгі тобына электродтары шығындалатын пештер жатады. Мұндай пештің сызбасы 4.1 – суретте көрсетілген. Пеш герметитті камерадан тұрады, оған мыс кристаллизатор бекітілген. Ол диаметрі 150-ден 1000 мм-ге дейінгі және одан артық құбыр тәрізді. Сыртынан құбырға сумен суыту каптамасы пісірілген, онда қысыммен су айналады. Пеш камерасында қуатты вакуумды сорғыларға қосылу үшін келте құбыр болады.

 

 

1 – электродты беру механизмі; 2 – электрод ұстағыш; 3 – вакуумды тығыздау; 4 – электрод; 5 – вакуумды камера; 6 – ток жетегінің шиналары; 7 – кристаллизатор; 8 – дога; 9 – бағытталатын құйма кесек; 10 – ток жетегінің кабельдері 3.1-сурет – Вакуумды доғалы пеш сұлбасы.

 

Тазалығы жоғары металды алу үшін болатты вакуумды доғалы пеште екі рет қайта балқытады немесе құйма кесекті алғашында вакуумды индукциялық пеште, сосын вакуумды доғалы пеште қайта балқытады. Вакуумды доғалы пештердің екінші тобын электродтары шығындалмайтын пештер құрайды. Бұл пештерде электрод вольфрамнан жасалады, ол процесс кезінде балқымайды. Шихта электрод астындағы балқыту аймағына беріледі. Түрақты электрод пен шихта арасында доға жанып тұрады, металл суды суытатын мыс кристаллизаторда балқиды.

Кристаллизатор қабырғаларында, балқымайтын металл – гарнисаждың қалың қабаты пайда болады, ол тигель қабырғаларын қалыптастырады, ал оның ішінде сұйық ванна балқиды. Балқыту аяқталғаннан кейін тигельді еңкейтеді және металды тигель жанында орнатылған формаға немесе құйма қалыпқа тарата құяды. Осылайша қиын балқитын ыстыққа төзімді қорытпалардан фасонды құйма жасайды.