Индукциялық пештерде балқыту технологиясы
Болат және қорытпаларды қоспалаған қалдықтардан (қайта балқыту әдісі) немесе таза шихталы темірден және ферроқорытпа қоспасы бар металл сынықтарынан (балқыту әдісі) балқытады.
Қондырғыларды таңдау. Негізгі шегендеуі бар пештерде кез келген қүрамдағы болатты балқытуға болады, бірақ осы шегендеудің төзімділігі қышқыл шегендеуге қарағанда елеулі түрде аз. Қышқыл шегендеуі бар пештерде марганец, алюминий, титан, цирконийдің жоғары қүрамы бар болатты балқытуға болмайды, өйткені марганец оксиді шегендеу кремнеземімен өзара эрекеттесе отырып, оны бұзады, ал алюминий, титан жэне цирконий шегендеу кремнеземінен алынған кремнийді тотықсыздандырады.
Негізгі шегендеуі бар пеште балқыту. Индукциялық пеште балқыту ұзақтығы өте қысқа, оның талдауы арқылы металл құрамын бірнеше рет тексеруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан берілген құрамы бар болатты алу шихтаны алдын ала есептеуге негізделеді, бұл үшін оның құрамы мен өлшеуін анық білу керек. Көбінесе, көміртегінің, күкірт пен фосфордың құрамы балқытылатын болаттагы мүмкін шектерден аспауы тиіс.
Балқытқаннан кейін металл сынамасын талдауға алады және балқыту қожынан фосфорды тотықсыздандырудың алдын алу үшін балқыту қожын қүяды, содан кейін балқыту мерзімі сияқты қүрамдағы қож түзетін қоспаны қоса отырып жаңа қожды енгізеді. Индукторға берілетін қуат 30-40 %-ға азаяды.
Талдау нәтижесін алғаннан кейін металл қүрамын қоспалау мен түзету, сәйкес келетін ферроқорытпаларды тигельге енгізу арқылы оның қышқылсыздануы жүргізіледі, содан кейін металды тигельден шөмішке қүяды. Кейде жоғары сапалы болатты балқыту кезінде металдың диффузиялық қышқылдануын жүргізеді. Бұл үшін қожға әктас, ұнтақталған ферросилиция, ұнтақ тәрізді алюминийден тұратын қышқылсыздандырғыш қоспаны енгізеді, шамамен 30 минут ішінде ұстап тұрады; индукциялық пештегі тигельде металл айналымы қышқылсыздануды күшейтеді.