«Құрмет Белгісі» ордені және медальдармен марапатталған.

 

2.Қазқстан суретшілер

-Қазақстанда белгілі суретшілер бар ма?

-Иә, бар.

-Сен қандай суретшілерді білесің?

-Мен Айбек Бегалин, Әбілхан Қастеев, Гүльфайрус Исмаилова білемін.

-А.Бегалин қайда туған?

-Ол Целиноград қаласында туған.

-Ә.Қастеев қандай суретші?

-Ол қазақтың әйгілі кескіндемешісі график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

-Г.Исмаилованың қандай суреттерін білесің?

-Ол «Қоз ұйғыр қыздары», «Халық шеберлері», «Құрмет белгісі» суреттері маған таныс.

3.Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз.

Көкшетау – жер жанаты. Олар – қазақ жерін думанға бөлеген әрі әнші, әрі сазгер, әрі ақындар.Мен кеше келдім. Әсия, сен бүгін бізге кел. – Қайдан келесіз?- Ауылдан.

19 билет

1.Қазақтың билері

Қазақ билері – халық кеңесшілер, дауларды шешетін шешендік өнері бар беделді адамдар. Би - дау-жанжалға билік айтушы білермен адам. Би халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен көзге түсіп белгілі болады. Билердің билік шығару, ол биліктердің орындалу әдістерін білуде кең құқықтары болады. Олар кіші, орта және ішкі ордалар хандары кеңесінің құрамына кіріп, хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Қазақ халқында атақты билер: Төле би (1663-1756 ж.), Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764ж.), Әйтеке би (1683-1767 ж.). «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін болды.

 

2.Қазақстанның байлығы

-Қазақстан мемлекетінің жері қандай?

-Қазақстанның жері кең-байтақ

-Қазақстан қандай экономикалық аймаққа бөленеді?

-Қазақстан- Батыс, Солтүстік , Орталық, Шығыс, Онтүстік болып бір неше экономикалық аймаққа бөленеді

-Қандай өте үлкен Қазақстанның өзендерді білесін?

-Өте үлкен өзендері Каспий мен Арал

-Батыс Казақстан неменем мол?

-Батыс Қазақстан өлкеннің жер асты байлықтармен мол

-Қандай Қазақстанның жері жеміс-жидекке, мақтаға, көкөніске бай?

-Онтүстік Қазақстан мақатаға, жеміс-жидекке ,көкөніске бай

3.Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Мүмкін, сірә, әрине, амалқанша,біріншіден.

20 билет

1.Түркістан қаласы

Түркістан - Қазақстандағы қала. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Түркістан қаласы - 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механикалық, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска арнаулы білім беретін оқу орындары бар.

 

2.Мұражайлар

-Сен мұражайда болдың ба?

-Иә, болдым.

-Қандай мұражайда болдың?

-Мен Теміртаудың Елбасының мұражайында, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәден қорық- мұражайында, Ұлттық валюта мұражайында, Археология мұражайында болдым.

-Саған ең күшті қандай мұражай ұнады?

-Маған Теміртаудың Елбасының мұражайда ұнады. Ол өте қызық. Бұл бірінші елбасының мұражайы. Мұнда оны тарихи білдіреді.

3.Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз..

Шақырса да, отырсақ та, суы тайыз болғанмен, күн өтсе де.

 

21 билет

1.Әл-Фараби

Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді

Әл Фараби, Әбу-Насыр - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теореятигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді.

Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.

2.Менің қалам

-Сен қай қаласында тұрасың?

-Мен Қарағанды қаласында тұрамын.

-Қарағанды қандай қала?

-Қарағанды өнеркәсіп, ғылыми, мәдени орталығы.

-Қалада не өндіріледі?

-Қалада тас көмір өндірледі.

-«Қала» деген мәртебеге қашан ие болды?

-1934 жылы, ақпан айында «қала» деген мәртебеге ие болды.

-Қаланың қандай ғимараттары сізге ұнайды?

-Маған Кеншілер мәдениет сарайы, «Абзал» сауда үйі, «Чайка» қонақ үйінің ғимараттары ұнайды.

3.Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз. Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін ажыратыңыз.

Қазақстандықтар Елбасы жолдауын қолдайды. Біз Отанымызды сүйеміз. Кен-байтақ жеріміз мұнайға бай. Әрқашан салауатты өмір салтын сақтау – парызымыз.

 

22 билет

1.Абайдың мұражай үйі

Абайдың Жидебайдағы мұражай-уйі - ақынныңөмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде оналасқан.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған.

Ас үйдегі тарихи мұрағаттардың бірі – суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е. П. Михаэлис, С. С. Гросс, Н. И. Долгополовтың суреттері бар.

Мұражайдың температурасы қысыөжазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

 

2.Астана – арман қала

-Сеның арман қала қандай қала?

-Менің арман қала-Астана.

-Сен Астанада болдын ба?

-Иә, болдым.

-Қай жылда Астана Казақстанның астанасы болды?

-1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның астанасы Астана қаласының салтаннатты тұсаукесері болды

-Астанада қай ескерткіштер бар?

-Астанада Абай мен Кенесары хан ескерткіштер бар

-Астанада қандай өзен ағып жатыр?

-Астанада Есіл өзен ағып жатыр

-Өзен жағасының табиғаты қандай?

-Өзен жағысының табиғаты өте әдемі ,сұлу.

3.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.

Жаңбыр жауғанда, …… Жаңа жыл келгенде, …. Сәрсен ауылға кеткелі, …. Орта мектепті бітірген соң, …. Сабақ басталғанша, …. Күн жылынған соң, …. Сені көрмегелі, ……..

23 билет

1.Кино өнері.

Кино өнері – көп өнердің бір түрі. Ол – әдибиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алаун мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург (сценарий авторы); режиссер (оқиғанның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор (кадраға түсіруші), суретші, копмозитор.

Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шағармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.

 

2.Теледидар

-Сен теледидар көресің бе?

-Әрине, көремін.

-Саған қандай телебағдарламалар ұнайды?

-Маған «Давай поженимся», «Пусть говорят», «Здоровье», «Территория талантов» ұнайды.

-Сен қандай орналарды көресің?

-Мен «МузТВ», «СТС», «ТНТ», «РенТВ», «Евразия» арналарын көремін.

-Сенің сүйікті тележіргізушің кім?

-Менің сүйікті тележіргізушілерім – Алиса Селезнева және Вячеслав Манучаров.

-Теледидарды жиі көресің бе?

-Иә, көремін.

3.Мына сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрін жататынын аңықтаңыз.

Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.Раушан екі рет шақырса да, ол бұрылмады. Аудармашы болу үшін, тілдерді жақсы білу керек.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.Көктем келіп, қар еріп, күн жылынды.

24 билет

1.Шәкен Айманов

Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол – актер, режиссер, КСРО-ның халық артісі. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде, 1932 жылы Алматыдағы қазақ драма театрына шақырылады. Ол алғашында Грамофонов, Қодар, Керім, «Алдаркөсе» т.б. рөлдерін ойнады. Ол қазақ театр мектебін қалыптастырды. Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло бейнелерін аса зор актерлік шеберлікпен зерледі. Айманов қазақ кино саласында көптеген жылдар еңбек етті. Қойған көркем суретті фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», т.б.

Айманов – классикалық драматургия негізінде тәрбиеленіп өскен актер. Қазақ драма театрының бас режиссері болып істеді.

 

2.Театр

-Мен бүгін кешке сені қазақ драма театрына шақырамын.

-Бүгін не жүріп жатыр екен?

-Қазір қызық спектакльдер қойылып жатыр.

-Мен «Қыз Жібек» спектаклін көрейін деп едім.

-Қай қатарда отырып көргің келеді?

-Менің сахнаға жақын отырғым келеді.

-Мен залдың ортасында отырған дұрыс деп ойлаймын.

-Жақсы.

-Спктакль нешеде басталады?

-Саәғат 7-де.

-Өте жақсы. Мені аялдамада күтерсің.

3.Жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.

Асан кітапханадан қайтты. Біз сыныпта отырдық. Жиналыс аяқталды. Оқушылар үйіне кетті. Ғалия тоғызыншы сыныпты бітірді. Әкесі қалада зауытта істеді. Жаз шықты. Балалар суға шомылды.

 

25 билет

1.Шешендік сөздердің түрлері

Шешендік сөздердің түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.

Шешендік арнау – бір адамға арнайы айтылған сәлем.

Шешендік толғау – шешендік нақыл, халықтың философиялық козқарасын көртеседі десек.

Шешендік дау – қазақ қаумының заттық жәнерухани мәселерді реттейтін ежелгі әдет заңы, ережесі деуге болады.

Шешендік сөздерің құндылығы – шындығы, тапқырлығы.

 

2.Қазақстан мерекелері

-Мерекенің қандай түрлері бар?

-Мерекенің 2 түрі бар: бірі – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі – ресми емес, ұлттық мерейтойлар.

-Республика күні қандай?

-Республика күні жиырма бесінші қазанда тойланады.

-Ал Қазақстан халықтарының берлігі күні қашан болды?

-Бұл мейрам бірінші мамырда тойланды.

-Мамыр айында тағы қандай мереке күні бар?

-9-ыншы мамырда – Жеңіс күні.

-Жаңа жыл мейрамы қай кезде?

-Жаңа жыл мейрамы қыста, бірінші қаңтарда.

-Халқымыз жаңа жылды тағы қай күні тойлайды.

-Шығыс халықтары жаңа жылды наурыз айының жиырма екісінде, күн мен түн теңелетін күні тойлайды.

-Наурыздың сегізінде қандай мейрам?

-Наурыздың сегізінде халықаралық әйелдер күні.

3.Екі жай сөйлемнен бір салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Сабақ аяқталды. Оқушылар үйіне тарады. Мұғалім сабақ түсіндірді. Оқушылар тыңдар отыр.Әл-Фараби ежелгі Отырар қаласында туды. Ол музыка саласында еңбектер жазды.