Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі. Ғылымның, ресми іс қағаздардың тілі.

Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституцияда қазақ тілі деп жазылған. Қазақ тілі – бай тілі.

 

2.Радио

-Сен радио тындайсың ба?

-Әріне, тындаймын.

-Біздің жергілікті радиодан өте жақсы музыкалық хабарлар беріліп тұрады. Сен оларды тындайсың ба?

-Мен радионы көбінесе кешке тындаймын, өйткені соңғы хабарларды кешке береді.

-Ал мен жұмыстан бос уақыттарымдп радио тындауды ұнатамын.

-Теледидарды көрмейсің бе?

-Әріне, көремін. Әсіресе спорт хабарларын көргенді ұнатамын.

 

3.Берілген сөйлемдерден мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Жақсы оқу үшін, …. Дүкеннен кітап сатып алсын деп, … Адам тез жазылу үшін, …. Баласы білімді болсын деп, ….. Кеспе пісіру үшін, …

Жұмыс бітсін деп, …. Ауырмау үшін, …..

18 билет

1.Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова (15.12.1929 жылы туылған, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайрат­кері (1965). 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1965 жылы Ленинградтың И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М. П. Бо­бышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.

1947–1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.

1956–1957 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ береді.

1971–1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші. Г. Ысмайылова бірнеше опера (Бурсиловскийдің «Ер Тарғын», 1967; Мұхамеджановтың «Жұмбақ қызы», 1972; Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», 1972), балет (Тілендиев, Манаев және Степановтың «Достық жолымен» және Великановтың «Қамар сұлуы», 1958), спектакль (Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы», 1958) және кинофильмдерге («Қыз Жібек», 1969–1971) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады.

Ол- «Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде» (1962), «Ұйғыр қыздары» (1966) картиналарының, «Халық шеберлері» триптихының (1967), Шара Жиенқұлова (1958), Ш. Жандарбекова (1960–1961), Б. А. Төлегенова (1963–1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.

1950 жылдан киноға түскен: Тыгрена («Аласталған Алитетте»), Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957), Тана («Қыз Жібекте», 1972) т. б.