1.ҚР –ның мемлекеттік рәміздерді

1 билет

1.Қазақ отбасы

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тындайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

 

2.Қазақстан – менің Отаным

-Сенің отаның қандай мемлекет?

-Менің отаным – Қазақстан.

-Ол немен бай?

-Ол кенге бай. Мұнда көмір, қорғасын, мырыш, алтын, мыс бар.

-Табиғаты қандай?

-Табиғаты бай. Биік таулар, жазықтар, көлдер, өзендер, ормандар бар. Бұл өңірде табиғаты бай орындар. Қарқаралы мен Баянауыл

жерлердің жануарлары мен өсімдіктері қорғауға алынған.

 

3.Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңыз.

Жұмысты қысқа менрзім ішінде орындаймыз.Кәсіпкерлік жылдам дамыды. Жұмыс жүріп жатыр. Жұмыс бүгін қарқынды жүріп жатыр.Күн шықты.

2 билет

1.Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның алғашқы аты – Мұхаммедханафия. Ол ауыл мектебінен Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше деп қойды. Ол Үйсін Қанлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Оның бірінші еңбегі – «Алты шаһардың жайы туралы» шығармасы. Шоқан 1865 жыдың сәуір айында қайтыс болады.

2.Менің бос уақытым

-Сенде бос уақытың бар ма?

-Иә, бар. Бірақ ол, көбінесе, демалыс күндеріне келеді.

-Сен бос уақытыңда немен шұғылданасың?

-Мен достармен кездесемін, кинотеатрға барамын, ата-анама үй шаруасына көмектесемін, кітап оқимын.

-Ал сен бос уақытың бар ма?

-Иә, мен жексенбі күні кешірек тұрамын. Қыста мен саябаққа шаңғы тебуге кетемін. Жазда өзенге барып тұрамын.

3 .Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықтаңыз.

Жаз келді.Ағаш жапырақтар сарғая бастады. Далада астық пісіп тұр.Кеше кешке Республика алаңында әрі жиналыс болды, әрі үлкен мерекелік концерт болды.

3 билет

1.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар

Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі – «Құтадғу білік». Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, сол кезде Қашқария мен Жетісуды билеген Боғра ханға сыйлаған.

Боғра ханға берілген үшінші нұсқасы ұйғыр алфавитімен жазылған. «Осыған қарағанда, - дейді атақты түрколог профессор С.Е. Малов, - кітап әуелде араб жазуымен жазылған болуға тиісті».

Бұдан кейінгі кітап – « Дуани лұғат-ат-түрік» 1072-1074 жылдары араб алфавитімен жазылған. Оның авторы – ұлы ғалым Махмұд Қашқари. Ал араб алфавиті Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін, яғни 900 жыл бойы қолданылады.

2.Менің сүйікті кітабым

-Сенің сүйікті кітабың қандай?

-Менің сүйікті кітабым – «Унесённые ветром».

-Ол қандай жанрлі кітап?

-Ол - роман.

-Кітапта қандай кейіпкерлер бар?

-Кітаптың басты кейіпкерлері: Скарлетт О'Хара, Ретт Батлер, Эшли Уилкс, Мелани Уилкс.

-Бұл кітапты кім жазды?

-Бұл кітапты Маргарет Митчел жазды.

-Ол қай жылы жазды?

-Ол 1936 жылы жазды.

-Бұл кітап не туралы?

-Бұл кітап Скарлеттің өмірі туралы.

-Саған кітап несімен ұнайды?

-Маған Скарлеттің өмірінің қызықты жағдайларымен ұнайды.

3. Сөйлемдердің құрамына қарай түрлерін анықтаңыз.

Атасы немересін өте жақсы көреді. Таң.Үйлер де жарық, көшелер де жарық.Аспанда бұл болмаса да,жаңбыр жауып тұр. Абай – ақын, аудармашы әрі сазгер.

4 билет

1.ҚР –ның мемлекеттік рәміздерді

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті. Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінбейді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшілігін көрсетеді.

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.

2.Тәрбие отбасынан басталады

-Сенің отбасың үлкен ба?

-Иә.

-Сенің отбасыңда сыйлыстық бар ма?

-Иә, менің отбасымда сыйлыстық бар.

-Сенің ойынша, ең алдымен кімді сыйлау керек?

-Менің отбасымда үлкенді сыйлау керек.

-Қиын істі шешу үшін кіммен ақылдасасың?

-Мен ағаммен немесе анаммен ақылдасамын

-Әр баланың парызы неде деп ойлайсың?

-Үлкенді сыйлау, білім алу керек, ата-аналарға көмектесу керек.

3.Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.

Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды. Тілшілерді сыныбымызға кездесуге шақырайық.Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.

5 билет

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер – шілдехана, бесікке салу, қырқыан шығару, тұсау кесу, тілашар. Ұйлену тойына байланысты көп салт-дәстүрлер бар. Олар – құда түсу, ұрын келу, қыз ұзату, беташыр.

Дана халықтың өзі осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

2.Қазақстан туы

-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі – көгілдір.

-Тудың ортасында не орналасқан?

-Күн.

-Күннің астында не бар?

-Күннің астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.

-Туда тағы қандай белгілер бар?

-Тудың сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

-Тудағы бейнелердің түсі қандай?

-Күн шұғылалы, қыран мен өрнек алтын түсті.

-Тудың өлшемі қандай?

-Ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.

-Тудың авторы кім?

-Шәкен Ниязбеков.

-Мемлекеттіқ туымыз қашан қабылданды?

-1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

-Саған тудың осы түсі ұнай ма?

-Иә, ұнайды.

3.Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.

Оқу залында кейде кино болады, ……….. Автобус бірде тез жүреді, ………….. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде,…………. Мектепке оқушылар кейде кітап әкеледі, ……………….

6 билет

1.Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

В.В. Радлов – белгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Ол қазақ, өзбек, қыпшақ, қырғыз, қарақалпақ тілдері зерттеген.

В.В. Бартольд – академик, шығыстану ғылымның аса көрнекті өкілі, белгілі тарихшы.

Н.Т. Сауранбаев – қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

Ғ. Айдаров – ғалым, филология ғылымының докторы. Оның 250-ден астам еңбегі бар.

2.Мемлекеттік елтаңба

-Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?

-Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі – шаңырақ.

-Шаңырақтың айналасында не бар?

-Уықтар.

-Уықтарды не қоршап тұр?

-Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.

-Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?

-Бесбұрышты жұлдыз.

-Елтаңбаның астыңғы жағында не орналасқан?

-«Қазақстан» деген жазу орналасқан.

-Елтаңбаның авторлары кімдер?

-Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

-Елтаңба қашан қабылданы?

-1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Оңтүстіктен жылы жел соқты да, қар жауды. Күн суық әрі қар борап тұр.Жаз шықты да, шопандар жайлауға көшті.

7 билет

1.Көне қалалар

Қазақ жерінде көне қалалар көп. Олардың бірі – Түркістан қаласы. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Бұл қала орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала Йаса деп аталады. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада Ахмет Йасауи кесенесі бар.

Ежелгі қалалардың бірі - Отырар. ХVI-ХVIII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

VII ғасырда Тараздан Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл қалада Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі бар.

2.Қазақ ақындары

-Қазақ халқының қандай ақындарын білесің?

-Абай Кұнанбаев, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов, Ыбырай Алтынсарин және тағы басқалар.

-Абай Кұнанбаев туралы не білесің?

-Абай – ұлы ақын, философ, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

-Жамбыл Жабаев қандай ақын?

-Ол қазақ халқының 100 жасаған ақыны.

-Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?

-«Қазақ хрестоматиясы», «Кел, балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар», «Өзен» және т.б.

3.Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Біздің ауылға жету қиын. Автобустар аз жүреді. Күн кешкіріп кетті. Амалсыз тура қонуға келді. Сенбілікке шығу Заукенқажыға тапсырылды. Салих тапсырманы тиянақты орындайды. Жобамен жұмыс істеу кеңінен тараған. Оқушыларды ол ынталандырады және қызықтырады.

8 билет

1.Киіз үй

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанмен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.

2.Алматы қаласына саяхат

-Сен Алматыға бардың ба?

-Иә, мен Алматыға бардым.

-Сен Алматыға кіммен бардың?

-Алматыға ата-атаммен бардым.

-Алматының қай жерлеріне бардың?

-Мен «Медеу» мұз айдына, «Алатау» кинотеатрына, аквапаркке бардым.

-Саған Алматыда несімен ұнады?

-Маған Алатау таулары, опера және балет театры, «Достық» қонақ үйі ұнады.

-Сен қандай көлікпен бардың?

-Мен пойызбен бардым.

-Сапарың сәтті болды ма?

-Иә, сәтті болды.

3.Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.

Есік тарс ашылды да, отырғандар жалт қарады. Ал енді қонақ та демалсын, біз де демалайық. Күз түсті, күн салқындады. Біз бүгін сабақ оқыдық және концертті тамашаладық.

9 билет

1.Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті педагог, ағартушы, талантты ақын, балалар жазушысы. Ол 1841 жылы дүниеге келген. 1850 жылы Орынбор қаласындағы жетіжылдық мектепке оқуға кірген. 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.

Ол «Қазақ хрестоматиясы», «Кел, балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар», «Өзен», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» және т.б. шығармаларына жазған.

Ыбырай ірі ағартушы, педагог болудың үстіне, қазақ жазба әдебиетінің, соның ішінде балалар прозасының негізін қалаушылардың бірі.

2.Менің мектебім

-Сен қандай мектеате оқисың?

-Мен 101 мектеп-лицейде оқимын?

-Сенің мектебің қайда орналасқан?

-Менің мектебім Гульдерде 1 орналасқан.

-Директор кім болады?

-Директор Жұмабекова А.А. болады.

-Мектепте неше қабат бар?

-Мектепте 4 қабат бар.

-Сенде мектеп ұнайды ма?

-Иә, ұнайды.

3.Екі жай сөйлемнен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.

Біздің ауылға жету қиын. Автобустар аз жүреді. Күн кешкіріп кетті. Амалсыз тура қонуға келді. Сенбілікке шығу Заукенқажыға тапсырылды. Салих тапсырманы тиянақты орындайды. Жобамен жұмыс істеу кеңінен тараған. Оқушыларды ол ынталандырады және қызықтырады.

10 билет

1.Қолөнер

Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер киіз үйдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар жасаған. Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды. Олар керегк, уық, шаңырақ, есік, домбыра, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар, басқа да бұйымдар жасаған.

Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты.

Әйелдер қой жүнінен кілем, мата тоқыды, киіз басты.

2.Қазақ батырлары

-Сен қандай қазақ батырлары білесің?

-Мен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек білемін.

-Бұлар қай ғасырда өмір сүрген?

-Олар он сегізінші ғасырда өмір сүрген.

-Олар кімге қарсы күресті?

-Олар жоңғарларға қарсы күресті.

-Қазақ халқы өз батырларын қалай құрметтейді?

-Батырлардың атында мектептер, көшелер, ауылдар бар және ескерткішкер қойылған.

3.Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің құрамына қарай түрін анықтаңыз

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Қар еріді, жер көгере бастады. Оқушылар жиналысы ұзаққа созылды. Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды.

 

11 билет

1.Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы

Қазан көтерімсіне дейін қазақтар басқа түркі тілдес халықтары сияқты, бірде «шағатай», бірде кітап кітапша-татар деп аталған жазбаша, «кітапша» тілді пайдаланған. Оның ерекшелігі - лексикалық түрінде түркі, парсы, араб тілдерінің элементері пайдаланған. Қазақ көптеріміне дейінқазақ халқы араб алфавитін пайдаланған. Мәдениет пен экономиканың қарқынды дамуына байланысты матын жазуына. 1929-1940 ж. дейін пайдаланылды. 1940 ж. қазақ халқы орыс графикасының негiзiдегi жана алфавитке кoштi.

2.Қазақ халқының ұлттық тағамдары

- Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма?

-Иә,әрине ұнайды

- Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің?

- Бесбармақты жақсы көремін

-Қазақ ұлттық тағамдары туралы не білесің?

-Қазақтың ұлттық дастарқанында тағамдардың негізгі үш түрі болады. Олар:ет ,сүт, нан тағамдары.

-Қазақтың қандай ұлттық тағамын білесің?

- Ет тағамдарынан: бесбармақ, қуырдақ, қазы-қарта,жал-жая;, сүт тағамдарынан: ірімшік, құрт,май. қымыз, шұбат және нан тағамдарынан бауырсақ , тоқаш білемін..

-Қандай ұлттық сусындарды білесің?

-Қымыз, щұбат,көже деген ұлттық сусындарды білемін.

-Ертен сен біздің үйге қонаққа кел. Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.

-Рақмет.Әрине келемін. 3.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап, туынды зат есімдерді анықтаңыз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Астана тұрған орын ғұндардың бастыстағы бір ордасы болған. Астана- болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі

12 билет

1.Музыка аспаптары

Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. Қазақ музыка аспаптары мұражайында «өлі» экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған. Музыкалық аспаптар ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра,қобыз,сазген,жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі аспатарға сыбызғы,керней, сазсырнай жатқызылады. Ал дабылды- шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ, асатаяқ, қонырау, дауылпаз жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай,сырнай жатқызылады.

2.Ас атасы – нан

-Біздің дастарқанға нан қалай келіпті?

-Біздің дастарқанға келу үшін көп кезең өтті

-Білесің бе, олар қандай кезеңдер?

-Біріншіден, астықты далаға егеді. Ол астық жаздығүні өседі. Кузде астық өседі. Осыдан кейін үлкен комбайндармен жинайді.

-Содан кейін дәнмен не істейді?

-Сол дәнді ұн зауыттарда ұнтақтайды. Сосын бұл ұнды наубайханаға апарады.

-Қалай ойлайсың, нансыз өмір сүруге бола ма?

-Күнсіз, сусыз, ауасыз өмір бола алмайтыны сияқты нансыз да өмір сүру мүмкін емес.

-Нан туралы бір мақал айтып берші.

- Ас атасын — нан дейді,

Сөз атасын —«шал» дейді.

Олай болса, наннан қасиетті ешнәрсе жоқ.

3.Екі жай сөйлемнен талғаулы салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.

Бүгін қар жауады. Жаңбыр жауады. Біз ауылға автобуспен кетеміз. Пойызбен кетеміз. Басты рөлді Асан ойнайды. Үсен ойнайды. Сен далаға шығарда тон ки. Пальто ки.

 

13 билет

1.Ахмет Байтұрсынов

Көрнекті тілші-ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда “Қазақ” газетін шығарады.

 

2.22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

- 22 қырқүйекте кандай мереке өткізіледі?

- 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

- Бұл мереке қалай тойланады?

- мекемелерде көптеген шаралар өткізіледі: сайыстар,интеллектуалды ойындар және т.б.

- Tiл туралы заң қашан қабылданды?

- 20 қаңтарда 1998 жылы қабылданды

- Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады?

- 27 бап, 6 тараудан

- Бұл заң не үшін қабылданды?

- Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Бұнда 140 астам ұлт өкілдері өмір сүреді.

- .Қазақстан Республикасының мемлекеттік ТІЛІ қай тіл?

- Қазақ тілі

 

3.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Ән басылды. Домбыра сазы тоқталған жоқ. Оқу аяқталды. Оқушылар жиналысы ұзаққа созылды. Күн бұлтты болды. Жаңбыр жаумады. Әңгімені маған аудару қиын болды. Аудардым.

14 билет

1.Ұлттық киім

Қазақ халқының қолөнері – көне заманнан бастап келе жатқан бай қазына. Қолөнердің бір саласы – киім тігу. Ұлтттық киім халықтың негізгі кәсібіне байланысты. Қазақтың ұлттық киімі мал шаруашылығымен байланысты, көшіп-қонып жүруіне ыңғайлы етіліп тігіледі. Ұлттық киімдері бес түрге бөлуге болады:

• Ішкі киімдер (жейде, көйлек, шалбар, қамзол, желет)

• Сыртқы киімдер (шапан, тон, ішік)

• Ерлердің бас киімдері (бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия)

• Әйелдердің бас киімдері (кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле)

• Аяқ киім (мәсі, кебіс, әйел етігі, ерлер етігі)

Ұлттық киімдерді қымбат маталардан тігеді. Жастар күнделікті киіммен бірге зергерлер жасаған күміс пен алтын әшекейлер тағады. Олардың ішінде: сырға, алқа, білезік, жұзік.

Қазіргі уақытта ұлттық киімдерді көбіне театрларда, мейрамдарда киеді.

 

2.Еңбек етсең ерінбей

 

-Сен еңбек тұралы Мақал-мәтелдерді білесің бе?

-Иә, білемін.

-Бір мақал айтшы?

-Мысалы,”Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тілінбей”.

-Мақалда не тұралы айтылады?

-Мақалда адам еңңбекқор болу керек, еңбек етсен, табысқа жетесін.

-Сен өзін қандай адамсың?

-Мен жалқау емеспін, еңбек еткенді жақсы көремін.

3.Сөйлемнің сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.

Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді. Қазақ тілін жақсы үйрену үшін, үйірмеге қатысамыз. Мұғалім келмегендіктен, физика сабағы болмады.Оқушылар жиналса, жиналыс болады.

15 билет

1.Қаныш Сәтпаев

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Қаныш Сатбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздының тұңғыш ғалымы Шоқан Үәлиханұлы туралы біраз ізгі сезіммен жазған.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариндер туралы да көптеген еңбектер жазған.

Қаныштың бір ерекшелігі-ол химикпен де, биологпен де, физикпен де,медикпен де және тарихшымен де,филологпен де өздерінің тілінде,ғылыми тілінде сөйлесе білген.

1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты.

 

2.Қазақтың дастарқаны

-Қазақтың дастарқаны қаңдай?

-Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бешпармақ» деп атайды. Ол мүлде қате. Асханаларда, мейрамханаларда «бешпармақ» деп айтылмайды және жазылмайды. «Бешпармақ» - «бес саусақ» дегенді білдіреді. Бұл ұлттық тағамның аты – қазақша ет.

-Сенің сүйікті тағамы қандай?

- Менің сүйікті тағамым –бесбармақ

-Саған қазақтың дастарқаны ұнай ма?

- Маған қазақтың дастарқаны өте ұнады.

3.Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыз.

Әл-Фараби – энциклопедист, ғалым, музыкант, ақын, ойшыл.

Оның еңбектері Мәскеу, Ташкент, Баку, Казан, Лондон, Париж мемлекеттік қорларында сақталған. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!

 

16 билет

1.Әбілхан Қастеев

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды. Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.

2.Бейнелеу өнерінің жанрлары

-Сен қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесің?

-Мен мүсін, метография, гравюра сияқты бейнелеу өнерінің түрлерін білемін.

-Саған қай бейнелеу өнерінің түрлері ұнайды.

-Маған мүсіндеу ұнайды.

-Неге?

-Өйткені, бұл қызықты, әдемі жұмыс.

-Сен қандай әйгілі суретшілерді білесің?

-Мен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо әйгілі суретшілерді білемін.

-Қазақстанның суретшілерін білесің бе?

-Иә, олар Г.Исмаилова, Ә.Қастеев т.б.

3.Оқшау сөздерді тауып, түрлерін анықтаңыз.

Бағымызға қарай, көлік кешікпей келді. Амал қанша, мен саған бүгін бара алмаймын. Кешіріңіз, мен өтіп кетейін. УҺ, шаршадым! Мә,саған! Ұмытып кетіппін. Паһ-паһ, неткен дауыс! Ғапу етіңіз, мына орын бос па?

 

17 билет

1.Қазақ тілі