Кәсіпорын қаржысы

Дәріс сұрақтары:

1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар

2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері

3. Кәсіпорын қаржысын басқару

4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдау.

 

1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар

Қаржы деп қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастар жүйесі, соның нәтижесінде түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұдайы өндіріске қатысушыларда ақшалай табыстар, жинақтар мен қорлар құрылады және пайдаланылады. Қаржы бөлу және бақылау қызметін атқарады. Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бақылау қызметі қаржылық бақылаудан көрінеді.

Кәсіпорындағы барлық қаржылық қатынастар былай деп топтастырылады:

- Кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен қаржылық қатынастары – материал, шикізат, отын, бөлшек заттар, дайын өнімді сатуға және сатып алуға байланысты пайда болады.

- Кәсіпорын ішіндегі қаржылық қатынастар: кәсіпорын жұмыскерлерімен, кәсіпорынның бөлімшелерімен, цехтарымен, филиалдарымен қаржылық қатынастар.

- Қаржы –несие жүйесімен қаржылық қатынастар: түрлі деңгейдегі бюджетпен, коммерциялық банктермен, бюджеттен тыс қорлармен, жинақ зейнетақы қорларымен;

- Басқа да нарықтық институттармен: сақтандыру ұйымдарымен, биржалармен, инвестициялық қорлармен.

2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.

Қаржылық ресурстар – кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындау және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған табыс және ішкі түсімдер түрінде болатын ақша қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық жағдайда капитал мен қаржы ресурстарының негізі – ақша қаражаттары болып табылады.

Қаржы ресурстарының пайда болу көздері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер өз қаражаты арқылы пайда болатын және оларға теңестірілген қаражат болып табылады. Сыртқы көздер қаржы нарықтарында шоғырланған қаражаттар мен қайта бөлу бойынша түскен қаражаттар.

 

     
 
Кәсіпорынның қаржы ресурстары

3. Кәсіпорын қаржысын басқару

Кәсіпорын қаржысын басқару – кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту және белгілі бір қаржылық нәтиже алу мақсатындағы жүргізілетін үрдіс деп айтуға болады.Қаржылық басқару жүйесі – қаржылық менеджмент деп атайды. Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінде пайда болатын ақша ағынының қозғалысын күнделікті және стратегиялық мақсаттарға жетудегі тиімді басқару.

4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдау. Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті — оның қар­жы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.

Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

• өтімділік (төлем қабілеттілігі);

• пайдалылық (табыстылық);

• активтерді басқару тиімділігі.

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады жөне шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы — кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін толеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.

1. Тез өтімділіктің коэффициенті — қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндет-
теменің қатынасын білдіреді.

2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты олшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ
големақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлың карыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

3. Несие қарыздарының айналым кезеңі — бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға
қажетті ақы төлеу үшін орта уақытып көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда
бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.

4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) — ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивидендтермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын керсетеді.

5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыл капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.

Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, көсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақ сыздық ақуалы да орын алады.

• Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және көсіпкершіліқ шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі — бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.

• Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын синаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы , кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржи орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

• Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез келген бағалылығын пайдалануга ерікті.

• Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму маңсатына сай қол жететін нәтижелілікті барыншя көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.

• Көсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздығымен
сипатталады.

 

Ұсынылатын әдебиет тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы. – 1995

2. ҚР –ның Еңбек Кодексы, 2007 ж.