3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
· Кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
· Кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімінің өзіндік қүнына қатысы.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділік деңгейлік бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұскада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:
,
мұнда: О - өнім көлемі;
Б - өнім өлшемінің бағасы;
Қ - өзіндік құн;
Нқ- негізгі өндірістік қорлардың құны;
Ақ- айналмалы қаражаттың көлемі.
Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.
1. Өнімнің пайдалылығы барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірнеше жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептен шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім: таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінді түсінік білдіреді.
2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайда қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
· Басқа кәсіпорындарының үлес қосуынан түскен табыстар;
· Құнды қағаздардан түскен табыстар;
· Алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндурулгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор.
Мәселенің бүлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып шикізаттың әрбір өлшеміненеғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден айналмалы өндірістік қорларды нкғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, кәзіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқада біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығарылатын тауарлардың сапасы да едеуір ықпал етеді, өйткені жоғарғы сапалы өндірілетін тауарларды көтерінкі бағамен сата алады.
Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза пайда.
Кәсiпорынның пайдалылық көрсеткiштерiнiнң өcyiнe шаруашылықты жургiзушi субъектiнiң өзi де, мемлекетте мүдделi. Сондықтан әр кәсiпорында табыстылықтың абсoлюттi және салыстырмалы керсеткiштерiне жуйeлі түрде талдау жасау қажет.?
Пайдалылық көрсеткіштерін талдау мiндеттеріне мыналар жатады:
· Пайдалылықтың абсолютті көрсeткiштeрiнің жоспарының орынiдaлyын бағалау;
· Пайданың қалыптасуының құрaмдac элементтерін зepттeу;
· Пайдаға әсер eтeтiн факторлардың әсерін aнықтay және caндық өлшеу;
· Пайданы бөлу бaғыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зepттeу;
· Пайданың өсу резервтepiн анықтау;
· косiпорынның даму перспективасын ескере отырып, пайданы тиiмдi пайдалану жөнiнде үсыныстар жасау;
· Пайдалылық (рентабельдiлiктiң) әр турлi коэффициенттерiн жене олардың деңгейлерiне әсер етушi факторларды зерттеу.
.
14-тақырып (2 сағат).