Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі

Пайда
Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістің анық шығындары
Таза пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың мөлшері
Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – эконмикалық пайда
Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
Пайда
· Өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады · Ресурстардв пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды · Инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру

 

 

2 . Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы

Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қалауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:

· Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

· Мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;

· Салық кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөошері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделігі кемімеуі керек;

· Кәсіпорынның қарамауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен. Тұтыніға бағыттылған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылын, кейіегі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.