Табыс және өндіріс рентабельділігі

Дәріс сұрақтары:

1. Кәсіпорын пайдасы.

2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы

3. Өндіріс рентабельділігі-кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші.

 

1. Кәсіпорын пайдасы

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелер қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезенде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кенейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшеріде өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.

Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

· Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

· Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

Сатылатын тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергенде бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жұрген бағалар немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу немесе талдау әдістермен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбур жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.

Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуге экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрл" деңгейін қалыптастырудың бірден бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және де басқа табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланылады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданаң маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:

· өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;

· негізгі қорларды, ол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

· өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы – сүраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Кесте 1