Басқару объектісі – өнім сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе оның қандай да бір бөлігі.
Басқару субъектісі – өнім сапасының жоспарланған деңгейіне жетуді қамтамассыз етуші тұлғалар және барлық деңгейдегі басқарушы органдар.
Басқару мақсаты – өнім сапасының нақты деңгейін, оның қасиеттерінің жиынтығын олардың қажеттіліктерге сәйкес келуін қамтамассыз ету, тұтынушы үшін қол жетерлік баға, қалыпты өзіндік құнын және жеткілікті деңгейде пайдалылық.
Сапаны басқару әдістері – өнім жоспарланған сапасын қамтамассыз ете отырып басқару органдарының өндірістік процестерге ықпал ету жолдары.
Сапаны басқару әдістерін 4 топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметтік – психологиялық, экономикалық, ұйымдық – технологиялық.
Ұйымдық әдістер –қажетті сапаны қамтамассыз ететін әдістер жиынтығы. Бұл әдістерге әкімдік (бұйрық, қаулы, өкім, т.б.) тәртіптік, мотивацияны қамтамассыз етуші әдістер жасалады.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер – қызметкерлердің рухани қызығушылықтарына ықпал ету әдістерінің жиынтығы. Мұндай әдістерге келесілер жатады: кәсіпорынға берілгендікке тәрбиелеу, осы кәсіпорынның қызметшісі ретінде өзіңе қызмет, моральды ынталандыру нысандары.
Сапаны басқарудың эконмикалық әдістері – экономикалық ынталандыруды пайдалануға негізделген ықпал ету әдістері. Экономикалық әдістерге келесілер жатады: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру, өнімге немесе қызметке оның сапа деңгейін есепке ала отырып баға белгілеу, т.б.
Ұйымдық – технологиялық әдістер өнім мен процесс сапасын бақылау әдістеріне және өнім мен процесс сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйымдық – технологиялық әдістердің ішінде негізгі орынды стасистикалық әдістер алады.
Сапаны басқару құралдары:
- ұйымдық техника, байланыс құралдары;
- нормативті құжаттар жиынтығы;
- метрологиялық құралдар: (өлшеу құралдары)
- реттеуіш құжаттар т.б.
Басқару объектісі ретінде сапаға қатысты кәсіпорын орындайтын функциялар:
- нормалау (стандарттау, сертификаттау, аттестациялау);
- өндірісті технологиялық даярлау (материалдық – техникалық қамтамассыз ету);
- кадрлардың біліктілігін жоғарылату, сапа үшін жаупкершілікті күшейту, ынталандыру;
- өндірістік процестердің барысын бақылау.
Сапа саласындағы басқару қатынастары – бұл субординация (бағыну) және координация (қызметтестік) қатынастары.
Сапаны басқару стандарттау ережелеріне негізделеді. Стандарттау- барлық қызығушылық танытушы жақтардың қатысуымен белгілі бір салаларда іс-қызметті реттеу мақсатында ержелерді (стандарттарды) белгілеу және қолдану. Стандарттау объектілері- халықаралық саудада, экономиканың әртүрлі сфераларында бірнеше рет пайдаланылатын нақты өнім, нормалар, талаптар, әдістер, термин белгілеулер және басқалары.
Стандарт- бұл стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды, ережелерді, нормалар кешенін белгілейтін, құзырлы органмен бекітілген стандарттау бойынша нормативті-техникалық құжат.
Баяғыдан бері өнім сапасының көптеген стандарттары бар. Бұл стандарттарда нақты бір өнім түрлеріне қойылатын талаптар бейнеленген. Сапа жүйесінің тарихы бірінші стандарттары АҚШ-тың қорғаныс стандарттары (МІL-9858 және МІL-4528), сол сияқты Ұлыбританияның 05-21 сериялы қорғаныс стандарттары болды.
9000 сериялы ІSО стандарттары сапа жүйесінің әрекет етуші жалғыз стандарттары емес. Басқа да көптеген сапа жүйесінің стандарттарын келесідей жіктеуге болады:
-өнімге қатысты сапа жүйесінің стандарттары;
-өндіріске қатысты сапа жүйесінің стандарттары;
-әмбебап сипаттағы сапа жүйесінің стандарттары;
Сапа женеджменті жүйесінің моделінің көрінісі:
![]() |
![]() |
Халықаралық стандарттар стандарттау бойынша халықаралық ұйым жасалады. ИСО- ұлттық ұйымдар федерациясы.
Сапаны басқару жүйесі саласыда қолданылатын 9000 сериялы ИСО стандарты алғаш рет 1994 жылы қарастырылды. Содан бері өздерінің сапа жүйелерін осы стандарттарға сәйкес сертификаттаған коорпорациялар саны 6 еседен артыққа өсті. 2000 жылы ИСО 9000: 2000 халықаралық стандарттарының жаңа версиясының арнайы басылымы пайда болды. Нәтижесінде бұрын 24 стандарттан тұратын құжаттар кешені енді 5 базалық стандарттардан тұрады:
ИСО 9000:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі принципьтер және сөздік»
ИСО 90001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
ИСО 9004:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Сапаны жақсарту бойынша ұсыныстарды басқарушылар».
ИСО 9011:2000 «Сапа менеджменті жүйесін тексеру бойынш ұсыныстарды басқарушылар және қоршаған ортаны қорғау»
ИСО 10012 «Өлшеуіш қондырғылардың сапасын қамтамасыз ету».
Стандарттау жүйесі 4 деңгейге бөлінетін нормативті құжаттардан тұрады:
1-деңгей – мемлекеттік заң актілер, стандарттау саласындағы заңдар, т.б.
2-деңгей – мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттар;
3-деңгей – салалық стандарттар, ҒТ-ң және инженерлік қоғам стандарттары;
4-деңгей – кәсіпорын стандарттары және техникалық ережелер;
Салалық стандарттарды кәсіпорын, оның бірлестіктері, стандарттарды бекіткен органның саласына енген ұйымдар міндетті түрде орындаулары керек.
ҒТ-лық қоғамдардың стандарттарын өз еркімен пайдалануға болады.
2. Сертификаттау – бұл өнім сапасы көрсеткіштерінің нормативті – техникалық құжаттармен стандарттарының талаптарына сәйкестілігіне кепілдік беретін қажетті процесс (латын тілінен “sertifico” аударғанда куәләндырамын деген ұғымды білдіреді).
ИСО стандарты бойынша халықаралық ұйымның анықтамасы бойынша сертификаттау дегеніміз - өнімнің, прцесстің немесе қызметтің стандартқа сәйкес келетін дәлелдеуші үшінші жақтың іс-әрекеті.
Осы анықтамаға байланысты сернтификаттаудың негізгі сипаттамалырын көрсетуге болады:
-тәуелсіздік – іс-әрекетті үшінші жақ жасырады;
-сертификаттау объектісі идентификацияланған болу керек, яғни аталған талаптар ғана сертификатталады (мысалы, кофе сусыны «кофейный напиток» емес кофе);
-тек стандарттарда немесе басқа нормативті құжаттарды қарастырылған талаптарға сәйкес келу белгіленеді.
Сертификаттау мақсаттары келесідей:
-кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың мемлекет нарығында әрекет етуі үшін, сонымен қатар экономиканың, ҒТ-қ серіктестікке және халықаралық саудаға қатысуы үшін жағдай жасау;
-тұтынушыларға өнім таңдауға көмектесу;
-тұтынушыны адамгершілігі жоқ дайындаушыдан (сатушыдан) қорғау;
-өнімнің қоршаған орта үшін, өмірге, денсаулыққа қауіпсіздігін бақылау;
-дайындаушы ұсынған өнім спасы көрсеткіштерін куәләндыру, растау;
Өнім спасы көрсеткіштерінің берілген талптарға сәйкестігін байқау арқылы белгіленеді.
Байқау - өнім спасының бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің белгіленген процедураға сәйкестігін көрсететін техникалық операция.
Берілген талаптарға сәйкестікті бағалауды жүйелі түрде тексеру сәйкес келуді бағалау деп атайды.
Жалпы түрде сертификаттау жүйесі келесі элементтерден тұрады:
-жүйені басқаратын, оның іс-әрекетіне бақылау жүргізетін және сертификаттау құқығын басқа органға бере алатын орталық орган;
-сертификаттау ережесі және ереже тәртібі;
-сертификаттауды жасастын сәйкес нормативті құжат;
-процедуралар (сертификаттау сызбалары);
-инспекциялық бақылау тәртібі;
Сәйкес келу сертификаты – сертификаттау жүйесі ережесі бойынша берілген және өнімнің нақты стандартқа немесе басқа норматиті құжатұа сәйкестігін кцәләндыратын құжат.
3.Сертификаттау жүйесі бірнеше әртүрлі сертификаттарды қамтиды:
1.Сертификаттау саласындағы аудитордың сертификаты, аудитордың талаптарға сәйкестігін белгілейді, оны аудиторлық іс-қызмтпен айналысуға құқылы деп аттестациялайды.
2.Сапа жүйесіне сертифика – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның өнім өндіруінің сапа жүйесінің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін куәләндырады.
3.Өнімнің әртүрлі нормативті құжаттарының талаптарына сәйкестік сертификаты - өнімнің тексеруден өткендігін және нормативті ктілерде белгіленген барлық талаптарға жауап беретіндігін куәләндырады.
4.Өнім сапасының сертификаты - өнімнің нақты атауын оны өндіру стандарты мен техникалық жағдайларды, сапалық көрсеткіштерді қамтиды.
5.Товарды өндіру сертификаты – товарды өндіретін елді және дайындау зауытын анықтауға арналған.
Сертификаттау жүйесі келесі критерийлер бойынша жіктеледі:
-жақтардың (сторон) қызығушылықтары (мүдделері) бойынша ұлттық, халықаралық және аймақтық;
-құқықтық статусы бойынша – міндетті, өз еркінше және өз бетінше;
-сыртқы ұйымдардың қатысуы бойынша – үшінші жақтың өнім сертификациясы.
Міндетті сертификаттау жүйесі - ҒТ-қ құжаттарда қоршаған ортаны қорғау бойынша, адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар көрсетілген өнімдер үшін жасалады. Ол «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңмен реттеледі. Міндетті сертификатталуы тиіс тауарларға азық-түлік тауарлары жатады: ет және ет өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық, балық өнімдері және басқа да теңіз өнімдері, нан, нан өнімдері, макрон өнімдері, ауыз су, алкогольді, әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі өнімдері, шәй, кофе, т.б.
Өз еркімен сертификаттау жүйесі дайындаушылардың бастамасы бойынша өнімді сертификаттауды қарастырады, бұл кезде ол өзінің өнімдерін нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына, соның ішінде шетелдікте сәйкес сертификаттауға құқылы.
Өз бетінше сертификаттау жүйесін өнімді өндіруші жасайды. Бұйымдарға сертификатты бұл жағдайда өзінің жауапкершіліг шегінде кәсіпорынның өзі береді.
13-тақырып (2 сағат).