Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы, психологиялық, изиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер – патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер - өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
Өнім сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанасына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнім сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанасына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Кәсіпорындардың негізгі мақсаты - өндірілген өнім мен атқарылған қызметтердің сапасының сапа талаптарына сай болуы. Әрбір мекемеде сапаны басқару жүйесі құрылу керек. Сапаны басқару жүйесі дегеніміз сапаны басқаруға қажетті процестер мен өнімдер, әрбір жұмыскердің жауапкершілігін өз жұмысына қарауын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.
Сапа саласындағы саясатқа:
· кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту;
· өнім сатудың нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу;
· басты кәсіпорындар мен фирмалардың деңгейінен асып түсетін өнімнің технологиялық деңгейіне жету;
· белгілі бір аймақтар мен өндіріс салаларының сұраныстарына сай қызмет ету;
· сапаның басты көрсеткіштерін нығайту;
· шығарылған өнімнің кемшіліктерін азайту;
· өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
· әр түрлі сервисті дамыту және т.б. жатады.
Мемлекеттік стандарттарға сай товардың өмір циклы анықталады. Ол 11 кезеңнен тұрады:
· маркетинг;
· жобалау және өнімді шығару;
· материалдық-техникалық жабдықтау;
· жоба бойынша өнімді дайындап, жасап шығару;
· дайындау;
· бақылау;
· безендіру және сақтау;
· сату;
· монтаждау және іске қосу;
· техникалық қызмет көрсету;
· кәдеге жарату.
3. Стандарт — бүл кағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселедерге қарсылық білдіруді сипаттатайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін іюрмативтік құжаты. Бүл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережері үшіи стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол. сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайды деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйеі құқытық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды нездейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес түтынушы-лардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтьң денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, онімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормагивтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, соңымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды үқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. Стандартгау — бұл ең үтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттың үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік қүжаттарга тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті — халық шаруашылығының, халықтық, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы қүжат-тарды дүрыс пайдалануды бақылау нормативтік-төхникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазакстан Республикасънда стандарттау жөнінде мынадай нормативтік қүжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары
(Гост);
салалық стандарттар (ССТ);
• техникалық жағдайлар (ТЖ);
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одактар және басқа да қоғамдық үйымдардығ стандарттары.
5.Сапаны басқару – бұл сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы өнімді
жасау, өндіру, эксплуатация және тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін белгілеу, қамтамассыз ету және ұстап тұру. Сапаны басқару – яғни тауардың өмірлік циклдықтың барлық кезеңдерінде (ену, өсу, толысу, сұранысты ұстап тұру) өнімнің жоғары сапасын қамтамассыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдық, техникалық және басқа да шаралар.
Сапаны басқару бойынша іс - әрекет өнімді өндіргеннен кейін тиімді болмайды, оны өнім өндірісі процесімен бір мезгілде жүзеге асыру қажет.
Сапаны басқару принциптері:
– мақсатты бағытталуы – сапаға қатысты нақты мақсат болуы керек;
– жоспарлылық – жүзеге асырылуы қажет сапа саласындағы шаралар
жиынтығы жоспарланады;
– үздіксіздік;
– кешенділік – сапа мәселесін оған әсер ететін барлық аспектілерді
есепке ала отырып шешу;
– тиімділік – тұтынушылардың тапсырысына сапаны дәлме – дәл сәйкес
келтіруге тырысу;
– үнемі жетілдіру – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мүмкіндік
береді.
Өнім сапасын басқару – жалпы кәсіпорынды басқарудың құрамдас бөлігі, оның бір бұтағы, функциясы.
Өнім сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категорияларға сүйенеді; объект, субъект, мақсат, әдістер, құралдар,функциялар, басқару қатынастарының сипаты.