Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері

Өндірістік бағдарламаның негізгі көрсеткіштері

- номенклатура; басқа өнімнің аты, саны, сапасы және тапсыру мерзімі көрсетіледі;

- товар өнімі өткізуге әзірлеп шығарған өнім

- аяқталмаған өндіріс

- жалпы өнім

Натуралды мәнде берілген өнім шығару көлемі нақты тапсырма емес, яғни өндірістік бағдарлама деп есептеу ерте. Жоспарланған көлемде өнім шығару өндірістік қуаттың болуын талап етеді.

Кәсіпорынның, (цехтың, бөлімшенің) өндірісті қуаты негізгі өндірістік қорды толық күйінде ұтымды жағдайда пайдалана отырып уақыт бірлігінде өндірілетін белгілі бір сапа мен ассортименттегі өнімнің ең жоғарғы санын білдіреді.

Өндірістік қуатты жан – жақты қарастыруға болады, осыдан келіп теориялық, максималды, экономикалық, практикалық қуат деп ажыратады.

Теориялық (жобалық) қуат өндірістің қалыпты жұмыс жасауындағы өнімді ең жоғарға көлемде шығаруын сипаттайды.

Бұл көрсеткіш жаңа жобаларды негіздегенде, өндірісті кеңейткенде, басқа да инновациялық шараларды негіздегенде қолданылады.

Максималды (ең жоғарғы) қуат - игерілген өнімнің қарапайым құрамында есепті кезең ішіндегі теориялық жағынан шығаруға мүмкін болатын өнімнің көлемі смена саны мен жұмыс күндерін көбейтуге және тек орнатылған жабдықтарды пайдаланғанда мүмкін болатын.

Экономикалық қуат деп өндіріс шығындарының өсуіне және басқа себептерге байланысты кәсіпорынға әрі қарай өсіруге тиімсіз өндіріс шегін айтады.

Практикалық қуат – нақты жұмыс жағдайында кәсіпорында мүмкін болатын ең жоғарғы өнім көлемі. Көбінде бұл экономикалық қуатқа сәйкес келеді.

Жобалық қуатты жоспарлы өндірістік алаңдарды есептей отырып анықтайды, ал жоспарлаған номенклатура бойынша шығарылған өнім көлемі бастапқы шама деп алынады.

Өндірістік қуат – динамикалық шама, түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Сондықтан ол белгілі бір деңгей кезеңінде тіпті календарлық күнге есептеледі. Қуат жоспарланған кезең басында аяқталады (кіру қуаты)не жоспарлы кезеңнің аяғына анықталды (жылу қуаты). Соңғысы былай анықталады: Мк= Мсронзв,

Бұндағы –Мк - жоспарлы кезеңнің аяғындағы қуат

Мн - жоспарлы кезеңнің басындағы қуат

Мс – жаңа құрылыс, бұрынғы қуаттарды кеңейтудегі енгізілген қуат

Мр – реконструкция нәтижесінде қуаттың өсуі

Мо – техникалық қайта жаңарту және басқа да ұйымдық- техникалық шаралардың негізінде қуаттың өсуі

Мнз - өнім номенклатурасын өзгертуге қатысты қуаттың өсуі немесе кемуі

Мв – шығып қалуға қуаттың азаюы

Кіру және шығу қуаттарынан басқа орташа жылдық қуатты (Мср) анықтайды

Мср= Мн+ МсТсрТроонзТнз – МвТв/ 12; мұндағы Тс, Тр, То, Тнзв -әсер ету мерзімдері.

Өндірістік қуатты қолдану коэффициенті

Кисп= Впл(ф)/ Мср ;

Ол жоспарлы немесе нақты өнім шығару көлемін орташа жылдық өндірістік қуатқа бөлу арқылы табылды.

 

 

 


 

12-тақырып (2 сағат).