2.7-схема. Кәсіпорынның сыртқы ортасының негізгі факторлары

 

 

 

 

 

 

- жанама әсер ететін факторлар;

 

- тікелей әсер ететін факторлар.

4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы . Өндірістік бағдарлама

Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы деп белгілі бір уақыт бірлігінде өндіріс жабдықтарын, өндіріс алаңын, инновациялық технологияны қолдана отырып, еңбекті ұйымдастыруды тиімді және өндірісте өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуді қамтамасыз етіп, өнім көлемін барынша мол өндіру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) түсінеміз.

Ереже бойынша өндіріс қуаттылығы табиғи өлшем бірлігінде өнім өндіру көлемімен жоспарланады. Мысалы, машина жасау зауытында өндіріс қуаттылығы жылдық машина өндіріс,жабдықтар, қосалқы бөлшектер өндіру негізінде саналады.Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы жабдықтар бойынша технологиялық және экономикалық негізгі қатынастары арқылы белгіленеді.

Өндірістің қуаттылығын анықтайтын негізгі элементтерге жататыны:

- Орнатылған машина,механизмдер, агрегаттарды т.б. саны;

- Кәсіпорындағы және цехтардағы өндіріс алаңдары;

- Кәсіпорынның жұмыс режімі;

- Машинаны,механизмдерді,агрегаттарды т.б. пайдаланудың технико-экономикалық мөлшері.

Кәсіпорынның жұмыс режімін күнтізбе бойынша (Уқ) нақты көрсетілген (Ун) жұмысының уақыт қоры негізінде жоспарлайды(Уж):

Уж=[(Уқ-Д-М)Аtал]-Ужж,

Мұндағы Уқ-жабдықтың күнтізбе жұмыс уақыт қоры,күндер;

Д-жыл бойғы демалыс күндер саны;

М-жыл бойғы мейрам күндер саны;

А-алмасу саны;

tал-алмасудың ұзақтығы,сағат;

Ужж-жоспарлы жөндеуге, наладка, құрастыру, техникалық қызмет көрсетуге кеткен уақыт,сағат.

Ун=[(Уқ-Д-М)Аtал,]

Кәсіпорында өндіріс қуаттылығы бір типтес жабдықтармен қаруланған жағдайда келесі формуламен анықталуы мүмкін:

Қ=NТмУж

Мұнда N-орнатылған жабдықтар бірлігінің саны,

Тм-сол жабдықтың техникалық өнімділік мөлшері.

Өндіріс қуаттылығын келесі түрлері бойынша ажыратуға болады: белгіленген жобадағы қуаттылық, кәсіпорынның жетекші өндіріс бөлімшелерінің қуаттылығы, бастапқы жоспарлау мезгілдегі анықталған қуаттылық жоспарлау мезгілдің соңында белгіленген қуаттылық, өндіріс бағдарламасын есептеу негізінде анықталған ортажылдық қызметкерлер саны.

Ассортимент – бұл кәсіпорын - жасаушысымен рыноққа ұсынылған товарлар түрі жиынтығы.

Номенклатура немесе товар ассортименті – кәсіпорындар шығаратын бұйымдар жиынтығы. Товар түрі (автомобиль, трактор) қызмет ету ерекшеліктеріне, сапасы мен бағасына қарай ассортимент топтарға бөлінеді. Әрбір топ ассортименттік позициядан (түрі немесе маркасы) тұрады, мысалы тоңазытқыш бір, екі, үш камералы және мұз қатырғыш камералы болады, ал олардың өзі бірнеше маркада тұрып, көлемі мен техникалық жағынан ерекшеленеді.

Ассортиментті қалыптастыру – нақты товарлар мен олардың жеке серияларының ескі товар мен жаңа товар, жеке және сериялы өндіріс товарлары, «ғылыми сиымды» және «қарапайым» товарлар арасындағы, лицензия мен «ноу - хау» арасындағы қатынасты қатынасты анықтау.

Өндірістік бағдарлама – түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдаланалатын берілген номенклатура, ассортимент және сапада өнім шығару бойынша жоспарланған тапсырма жүйесін білдіреді.

Өндірістік бағдарлама құрастыру өндірістің түрлі типтерінде өзіндік ерекшелігі бар. Жеке өндіріс пен ұсақ сериялы өндіріс үшін өндірістік бағдарлама тұтынушыға өнімді бекітілген мерзімде бұйымды тапсыру кестесіне сәйкестендіріп негізінде жасалады. Бұйымды жіберу – шығарудың календарлық графигі технологиялық процесске кері жүру тәртібінде, барлық жұмыс түрі бойынша (сынау, жинау, механикалық өңдеу, шикізат беру) өндірістік цикл ұзақтығы негізінде жасалады.

Сериялы өндірісте жылдық өнімді шығаруды жоспарлау аяқталмаған өндірісті ескере отырып және өндіріске жіберілетін бұйым номенклатурасының өзгерісін ескере отырып жүзеге асырылады.