Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
2. Кәсіпорынның маркетингтік ортасы
3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
4.Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудын басты көрсеткіші ретінде қаралады.
Осыған байланысты, ол нақты тұтынушылардың , нақты зеттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы ішкі және сыртөы нарығының қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады.
Сонымен қатар,кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелестікті зерттеу, баға саясатын өамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру жәнеде т.б. шаралар жатады.
Тауар өндіруші мен тұтынушыны байланыстыру және олардын бірін-бірі табуға жәрдем беру- маркетинг іс-әрекетінің басты мақсаты болып табылады.Маркетинг,кәсіпорынның кез-келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің манызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг- бұл нарықты талдау, кәсіпорындар қызметінің түрлерін өзара іс-әрекеттерін қамтмтын өндірісті ұыймдастыру жәнеөнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы,сату операциялары, шикізаттарды,тауарларды жеткізужәнет.б. қызметтер.
Маркетингтін негізгі мақсаты-сату операцияларынан ең жоғарғы пайда табу,негізгі міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.
2. Кәсіпорынның маркетингтік ортасы дегеніміз маркетинг қызметінің басшыларына өз клиенттерімен сәтті байланыс жасауларына тиімді ықпал ететін және кәсіпорыннан тыс іс атқаратын субъектілер жиынтығы.
Маркетингтік орта:
· үлкен;
· ықшам ортадан тұрады.
Үлкен орта – ұйымның маркетингтік қызметіне шешуші ықпал ететін демография, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени факторлардың жиынтығы (2.1-схема).
2.1-схема. Кәсіпорын қызметін қамтитын үлкен ортаның негізгі факторлары
|
Демографиялық орта:
· адамдардың жасы, жынысы, отбасы мүшелерінің саны;
· табыс мөлшері, кәсіби мамандығы, білімін;
· адамдардың өсу, туу, өлу көрсеткіштері.
Экономикалық орта:
· тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі;
· баға, жинақ, несиелер;
· жұмыссыздық;
· инфляция және табыс көздері;
· тұтыну шығынының көлемі;
· Жалпы ұлттық өнім;
· Жалпы ішкі өнім;
· жан басына шаққандағы табыс пен шығын және басқа да мәселелер.
Табиғи орта:
· айналадағы ортаны қорғау және оны тиімді пайдалану;
· шикізат түрлерінің жетіспеушілігі (дефицит);
· тұщы су;
· энергия көздері;
· айналадағы ортаның ластануы;
· өнеркәсіп қалдықтары және басқа да мәселелер.
Ғылыми-техникалық орта:
· ғылым мен техниканың жетістіктері және оларды жеделдету жолдары;
· өндірісті автоматтандыру;
· ғарыш кешендері;
· медицина және фармакология;
· тәжірибелер жасау;
· жаңалықтар ашу және басқа да салалар.
Саяси орта:
· кәсіпкерлік қызметті реттеу заңдылықтары;
· заңдылықтардың сақталуын қадағалау;
· қоғамдағы әр түрлі заңдар, ережелер, қаулылар, нұсқаулар мен жарлықтардың дұрыс қабылданбауы мен олардың дер кезінде орындалуын және басқа да салаларды қадағалау.
Мәдени орта:
· халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары;
· өнер, кино, театр туындылары;
· атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылықтар;
· мәдениет және өнер туындылары, сондай-ақ қолөнері;
· адамдардың өзіне деген пайымы, адамдардың өзара қарым-қатынастары, адамдардың қоғамдық құрылымдармен қарым-қатынасы, адамдардың қоғаммен байланыстары, адамдардың табиғатпен қарым-қатынасы, адамдардың шартараппен, әлеммен байланыстары.
Ықшам орта – кәсіпорынның өзіне және клинтураға зат берушілер, клиенттер, бәсекелестер, қарым-қатынас аясы және т.б. қызмет ету мүмкіндіктеріне қатысты элементтердің жиынтығы
Қаржы бөлімі қаржы жағдайын қарастырады. Ол маркетингтік жоспарды нақтылы іске асыру үшін қажетті қолма-қол ақшамен, оларды қолдану жұмыстарымен айналысады.
Ал ғылыми зерттеу бөлімі зиянсыз тауарларды жобалау жұмыстарымен, техникалық зәруліктерді анықтаумен және оларды өндірудің тиімді әдістерін іздестіріп, табумен шұғылданады.