Цехтың өзіндік құны
11) Жалпы өндірістік шығындар
12) Ақаудан жоғалтулар
Товар өнімінің өндірістік өзіндік құны
13) Өндірістен тыс шығындар
Товар өнімінің толық өзіндік құны
5. Өнімнің өзіндік құнын анықтау
Өнімнің нақты түрлерінің өзіндік құнын есептеу шығындардың қойылған статьялары бойынша калькуляция жасау арқылы жүзеге асырылады.
Калькуляцияны жоспарлы, нормативті, сметалық, нақты калькуляция деп аталады.
Жоспарлы калькуляция алдағы кезеңде жасалатын өнімге жоспарланған шығындарды көрсетеді.
Нормативті калькуляция тағайындалған (ұтымды) нормалар негізінде материал және еңбек шығындарының негізінде есептеу.
Сметалық калькуляция жаңа, бұрын өндірілмеген өнімге жасалады.
Нақты калькуляция- есепті кезеңдегі калькуляция,өнімді өндіру мен өткізуге кеткен нақты шығындар қатынасын білдіреді.
Өнім бірлігіне кеткен шығындардың калькуляциясын жасағанда оларды тікелей және жанама шығындар деп бөледі.
Тікелей шығындарды әрбір бұйым бірлігінің өзіндік құнына жатқызуға болады: шикізат, материалдар, технология, энергия, негізгі жұмысшы еңбек ақысы, т.б.
Тікелей материалдық шығындар өнімнің өзіндік құнына беілген ресурстарға қойылған шығын нормасы мен бағасы негізінде кіреді. Өндірістік жұмысшының негізгі еңбек ақысы қолданылып жүрген еңбек нормасы (өнімділік, уақыт норматив) мен кесімді баға (кесімді еңбек ақыда) немесе нормативтік ставкада (мерзімді еңбек ақыда) есептеледі.
Тікелей шығындарды анықталып болғаннан соң қалған барлық шығындар жанама шығындарға жатқызылып, таңдап алынған бағаға пропорционалды түрде өнімнің барлық түрлері арасында бөлінеді. Мысалы, қосымша еңбек ақы және әлеуметтік қажеттерге аудару негізгі еңбек ақыда пропорционалды бөлінеді. Цехтық және жалпы өндірістік шығындар не тікелей шығынға қатысты не жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындарындағы үлесіне қатысты бөлінеді. Жанама шығындардың көлемін анықтау үшін алдын-ала қосымша және қызмет көрсететін цехтардың, басқаруға кеткен шығындар сметалары жасалады.
Осылардың негізінде калькуляцияның кешенді статьялары бойынша шығындар жоспарланады, жабдықты ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар анықталады.
Шығындарды басқару кәсіпорын үшін арнайы шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Шығындарды басқару кәсіпорын үшін мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
1. максималды пайда табу үшін;
2. кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыруға көмектеседі;
3. кәсіпорын өнімінің бәсекелестігін жоғарлатуға мүмкіндік береді;
4. кәсіпорын тәуекелділгін төмендетеді.
Шығындарды төмендету жолдары мынадай:
1.материалдық ресурстарының дұрыс пайдалану
2.кәсіпорын қолданылатын негізгі қорларының тиімділігін арттыру
3.еңбек ресурстарының сапасын арттыру
4.өндірісті ұйымдардың жаңа әдістерін қолдану
5.Кәсіпорын нарықтағы стратегиясын ұтымды қалыптастыру және оны жүзеге асыру.
6.Кәсіпорынның оптималды көлемін белгілеу.
11-тақырып (2 сағат).