1.Өндірістік өзіндік құн

2.Толық өзіндік құн

Өндірістік өзіндік құн өнімді өндіруге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығынан тұрады. Толық өзіндік құн өндірілген шығынға өнімді өткізу шығынының қоса есептейді.

Шығындар өскен сайын өнімнің бағасы да өседі. Ал ол нарықтағы бәсекелестік деңгейіне әсер етеді. Сондықтанда кез-келген кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құның төмендетуге тырысады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорын үшін мынадай артықшылығы бар

1.Тауар бағасын төмендетуге көмектеседі

2.Кәсіпорын пайдасын ұлғайтуға жол ашады.

3.Кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

4.Кәсіпорын бәсекелестігін көтереді. Өнімнің өзіндік құны өнімді өндіріс процесінде қолданылатын табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары т.б. шығындардың құндық бағасын білдіреді.

Өзіндік құн ағымдағы шығын шамасын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық мазмұны бойынша былай топталады.

1) Материалдық шығындар, еңбек ақы төлеу шығындары,әлеуметтік қажеттілік аудару, негізгі қор амортизациясы, басқа шығындар.

Материалдық шығындар халық шаруашылығының барлық саласында (қазып шығаратын өндірістен басқасында)өзіндік құнының негізгі бөлігін құрайды. Оның құрамына: шикізат,материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар отын ,энергия тағы басқа кіреді(ыдыс ,орау материалдары,инстремент,зап части,т.б)

Материалдық ресурстар шығынымен қайтарылған қолдану құны шегеріліп тасталады. (шикізат, матер, жарт.фабрикаттар өз тұтыну қасиетін жойып,тікелей қолдануға болмайды).

2) Еңбек ақы төлеу шығыны өнімнің өзіндік құнына қажетті жанды еңбектің қатысатынын білдіреді. Оған негізгі өндірістік персоналдың еңбек ақысы кіреді. Кесімді баға бойынша, тарифтік ставка және қызмет баға бойынша есептелінген еңбек ақы немесе натуралды төлеу, қосымша төленген ақы.Өндірістік нәтиже үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыс алып қызмет еткен мерзімі үшін төленетін төлем выслуга работ) т.б

Өзіндік құнға мыналар кірмейді: материалдың көмек,ветерандарға төленген ақы, емделуге немесе демалуға берілген жолдама ақысы,дивиденттер, компенсация, жол ақысы т.б.

3. “Әлеуметтілік қажеттілікке аудару”

Бұрын жейнеткер қорына, Мемлекеттік жұмыспен қамту қорына, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру органдарының қойған нормасы бойынша аударымдар кірген болатын. Бюджеттен тыс қорлар, мақсатты қорларды деп аталды.Қазір тек әлеуметтік салық кіреді. Әлеуметтік қажеттілік алдын ала белгіленген норматив бойынша еңбек ақыдан есептелінеді.Оған жататындар еңбек ақы жинақтау жарнасы, сақтандыру жарнасы,медициналық сақтандыру жарнасы.

 

1. Негізгі қор амортизациясы- негізгі өндіріс қорлардың тығыз қалпына келтірілуі үшін олардың аударымдар сомасы кіреді, ол баланстық құн болып септеледі.

2. Босқа шығындар-салықтар, алымдар, арнайы қорларға аудару, несие бойынша төлемдер, командировкаға кеткен шығын, байланыс қызметіне төлеу, т.б. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем,амортизациялауға төлеу,т.б.

Өндірілген өнім өзіндік құнына кірген шығындар жалпы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды.

Егер өндірістік өзіндік құнда аяқталмаған өндірістің қалдық өзгерісін ескерсек (алсақ немесе қоссақ). Онда товар өімінің өндірістік өзіндік құнын анықтаймыз. Оған өнімді өткізуге кеткен шығындар мен жоғарғы ұйымдарға аударылатын аударымдармен байланысты өндірістен тыс шығындарды қоссақ,товар өнімінің толық өзіндік ақысын аламыз.

 

3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау

Шығындарды жоспарлау, есепке алу және бөлу әдістеріне қарай экономикалық элементтер бойынша (шығындар смета бойынша ) топтастырылу: Экономиканың мазмұнының жалпылығы бойынша жинақталады.

Мысалы , “Еңбек ақы төлеу” жұмыскерлердің барлық еңбек ақы қорын көрсетеді, қай категорияға екеніне байланыссыз. Өндірістік кәсіпорында жұмысшы ма, қызметкерме, жоқ әлде кіші қызмет көрсету персоналының еңбегі ақысыма немесе негізгі қор амортизациясы, мейлі ол станокпа,өндірістік ғимаратпа, оның ішінде завод басқару да бар. Кәсіпорын үшін экономикалық элемент бойынша шығындарды топтаудың үлкен маңызы бар. Сметалық бөлу түрлі ресурстарды кәсіпорынның жалпы тұтыну көлемі анықталады. Смета арқасында өндірістік -қаржылық жоспар бөлімдерінің байланысы жүзеге асады. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбек бойынша айналым құралына қажеттілік анықталады. Шығындар сметасы бойынша жалпы өнім өзіндік құны есептеледі, аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгерісі, өндірістік емес шотқа шығындарды есептеп шығару жүргізіледі. Осы келтірілген жіктемедегі бірінші 7 шығын статьялары жұмыс орнында тікелей жүзеге асырылуы және өнімнің әрбір түріне тікелей қатысты. қалған статьялар кешенді, өндіріске қызмет көрсету мен басқару бойынша шығындарды жинақтайды.

 

Шығындар сметасы бойынша былай топталады.

1) шикізат,негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар,құрастырушы бұйымдар

2) қосымша және басқа материалдар

3) басқа жақтан әкелінген отын

4) басқа жақтан әкелінген энергия

5) негізгі және қосымша еңбек ақы

6) әлеуметтік қажеттілікке аудару

7) негізгі қор амортизациясы

8) басқа да ақшалай шығындар

9)“Жабдықты ұстау мен пайдалануға кеткен шығындарға” мыналар кіреді:

- машина мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындар

- жабдықтарды,цех транспорты мен инструменттерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;

- цехтың негізгі қорының амортизациясы;

- бағалығы аз, тез тозатын заттардың тозуы,т.б

10)“Жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындарға”

- технологияны жетілдіру

- жабдықты қайта қою (переполадка)

- арнайы әзірлеу, т.б

11)Цех шығындарына

- негізгі өндіріс цехтарының басқаруы: цех персоналының еңбек ақысы, цех ғимараты мен орындарының амортизацияға шығындар, ағымдағы жөндеу,жылыту,жарық беру,тазалау,жалпы цех атау бағыттағы инвентарь мен бағалығы аз заттардың тозуы.

12)Жалпы өндірістік шығындар: кәсіпорынның басқару мен жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне қызмет көрсету: басқару аппараты, кәсіпорынның ғимаратын, территориясын, транспортын т.б.ұстауға кеткен шығындар.

13) Ақауды жөндеуге кеткен шығындар

14)Өндірістен тыс шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындар (орау,тиеу,жарнама,өткізу жүйесі, комиссиондық әртүрлі аударымдар мен төлемдер).

4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау

Өнімнің өзіндік құның есептеу калькуляция деп аталады.

Шығындарды калькуляция статьялары бойынша топтау өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, ассортимент топтары бойынша шығындарды бөлуге, жұмыстың әрбір түрі бойынша шығын көлемін анықтауға, шығындарды төмендету резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Есеп бергенде де көбіне калькуляция статьялары бойынша жасалып, талдау жүргізіледі.

Калькуляция статьялары бойынша топтауды шығындарды пайдалану бағытына, пайда болу орнына қарай, өнімді жасау процесі, өндіріске қызмет көрсету немесе кәсіпорынды басқару бойынша біріктіреді. Калькуляция жасау үшін мынадай шығындар статьясын жасайды.

 

Атап айтқанда:

1) шикізат, негізгі материал, жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықты шегергеннен басқа)

2) қосымша материалдар

3) технологиялық мақсатқа отын;

4) технологиялық мақсатқа энергия;

5) өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;

6) өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;

7) өндірістік жұмыстың еңбек ақысы бойынша әлеуметтік қажетке аударым;

8) жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар;

9) жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындар;

10) цехтық шығындар;