Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
2. Өнімнің өзіндік құны
3. Шығындарды экономикалық -элементтер бойынша топтау
4. Шығындарды калькуляция статьялары бойынша топтау
5. Өнімнің өзіндік құнын анықтау
1. Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар деп өнімді өндіру процесінде қолданылған табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар , отын, энергия, негізгі қор,еңбек ресурстарының өндіруге, өткізуге кеткен шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Кәсіпорын шығындары олардың экономикалық қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
- Өнімнің өзіндік құнын құрайтын,оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар. Бұл ағымдағы шығындар , ол айналым капиталының ауыспалы айналымы арқасында өнімді өткізуден түскен түсім арқылы жабылады;
- Өндірісті кеңейту мен жаңартуға кеткен шығындар. Ол негізгі қорға күрделі жұмсалымнан, айналым құралының норматив өсімінен, жаңа өндіріс үшін қосымша жұмыс күшін қалыптастыруға кеткен шығындардан тұрады. Олардың арнайы қаржыландыру көздері бар: амортизациялық аударым пайда, бағалы қағаздар шығару, несие т.б
- Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық және т.б кәсіпорын шығындары. Ол тікелей өндіріспен байланысты емес, көбіне арнайы қорлардан қаржыландырылады, көбіне бөлінген пайдадан;
Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар мынадай белгілер бойынша жіктеледі:
- Өндіріс процесіндегі атқаратын роліне қарай негізгі және қосымша шығындар деп бөлінеді. Негізгі шығындар тікелей өндірілетін өнімді қалыптастырады: материал,шикізат,жартылай фабрикаттар, жалақы,т.б.
- Қосымша шығындар өндіріске қызмет көрсетуімен байланысты жабдықты ұстауға, цех, жалпы заводтың персоналға кеткен шығындар т.б.
- Өнімнің өзіндік құнына ену тәсіліне қарай тікелей және жанама деп бөлінеді.
Тікелей шығындар бұйымның әрбір түрінің өзіндік құнына тікелей қатысты. Жанама шығындар тауар алынған базаға пропорционалды жеке өнім топтарына бөлінеді.
-Шығарылатын өнім көлемінің өзгерісіне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы деп бөлінеді. Тұрақты шығындар шамасы өнім көлемінің өсуіне және азаюына байланысты өзгеріп отырады: (шикізат,мат, жұмысшы жалақысы,т.б.) тұрақты+ айнымалы=жалпы шығындар
- Өндірісте пайдалану мерзіміне қарай күн сайынғы және ағымдағы және бір мезгілдек (бір реттік) шығындар.
2.Өнімнің өзіндік құны
Өзіндік құн деп өнімнің бір өлшем бірлігін өндіруге кеткен өндірістік шығындардың ақшалай формасы.Өнімнің өзіндік құны мынадай қызметтер атқарады:
1.Шығындардың есебін жүргізу.
2.Баға қалыптастырады.
3. инвестиция салу үшін экономикалық негіздеме жасайды.
4. Кәсіпорынның оптималды көлемін анықтайды.
Өзіндік құнның мынадай 2 түрін анықтайды: