Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
Дәріс сұрақтары:
1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
4. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау.
5. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
6. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты.
1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
Инвестиция – ел ішіндегі және шетелдегі пайда (табыс) алу мақсатындағы және оң әлеуметтік әсер алу үшін капитал (күрделі қаржы) салымы.
Инвестиция ақшалай қаражат, мақсатты банк салымдары, пай, акция, басқа да бағалы қағаздар түрінде, несие, борыш, кепіл, технология, жер, ғимарат, қондырғы, машина, лицензия, тоавр белгісі, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық, интелектілік бағалық түрінде болуы мүмкін.
Инвестицияның қаржылық анықтамасы – табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынған активтердің барлық түрі. Экономикалық жағынан анықтамасы – негізгі капиталды жасау, кеңейту, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға және осы өзгерістермен байланысты айналым капиталына кеткен шығындар.
Инвестиция жұмсай отырып, белгіленген нәтиже алатын ресурс.
Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде,ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде “инвестиция” мен “инновация” түсініктері негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.
Сонымен, өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың жаңа қамтамасыз етлуін айтымыз.
Ал инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл.- investments)-“күрделі қаржы салу”деген ұғымды білдіреді.Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында “күрделі қаржы салу” ұғымына қарағанда кең, мағыналы ұғым.
Инвестиция нақты және портфельді немеме қоржынды инвестиция болып бөлінеді. Нақты инвестиция бірінші жағдайда – инвестор өзінің өндіріс көлемін кеңейтуге- өндірістік негізгі және айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда- инвестор құнды бағалы қағаздар үлесін дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес деп жіктеуге болады.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттерден, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты арнайы және техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі бакілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асрудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибе мұндай инвестициялардың түрлері:
· табиғи активтерге инвестициялар;
· ақша активтеріне инвестициялар;
· материалдық емес активтерге инвестициялар:
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.б.
Материалдық емес активтерге – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
· Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
· Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
· Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер. Тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
· Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.
Инвестициялар тәуекелді (венчурлық), тікелей, портфельді және аннуитет болып бөлінеді. Венчурлық капитал қызметтің жаңа салаларында жаңа акцияларды шығарумен байланысты. Тікелей инвестиция шаруашылық субъектінің жарғы капиталына табыс алу мен басқаруға қатысу мақсатында салым жасауды білдіреді. Портфельді инвестиция түрлі инвестициялық бағалық жиынтығын (портфельді) және бағалы қағаздарды сатып алуды білдіреді. Аннуитеттер белгілі бір уақыт мерзімінен кейін табыс әкелетін инвестиция, сақтандыру және зейнетақы қорларына қаражат салу.
2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі инвестицияны жүзеге асыру бойынша практикалық іс-қимылдар жиынтығы. Инвестициялық қызмет капитал құрау түрінде және қаржылық инвестиция түрінде болуы мүмкін. Капитал құраушы инвестиция өндірістік материалдық және материалдық емес активтердің көбеюін қарастырады. Негізгі қорды жасау мен қайта өндіруге бағытталған инвестиция күрделі қаржы салымы деп аталады.
Өндірістік күрделі қаржы – кәсіпорынның дамуына бағытталған салым, ал өндірістік емеске әлеуметтік шеңбердегі дамуды қамтамасыз ететін қаржы жатады.
Ұдайы өндірісте негізгі қорлар өзінің түрлері бойынша күрделі қаржыны жұмсауда төмендегідей болып ажыратылады:
• жаңадан салынатын құрлысқа жұмсалатын қаржылар;
• істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта қарулануына арналған қаржылар;
• істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге арналған қаржылар;
• жабдықтарды талапқа сәйкес жаңалауға арналған қаржылар.
Қаржыландыру көзіне қарай күрделі қаржыны орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөледі. Күрделі қаржы құрылымының түрін төмендегідей айыруға болады:
• технологиялық ;
• ұдайы өндірістік;
• салалық;
• аймақтық.
Технологиялық құрылымдағы мақсатқа күрделі қаржы бөлу – мұнда қандай болмасын бөлінетін ірі құрылыс объектісіне арналған шығын көлемінің жалпы сметадағы құн үлесіне қатынасымен анықталады.
Бұл құрылымды жоғарғы сатыға көтеруде үйлесімді деңгейіне жасалынған смета жобасының құнында машина және жабдықтардың үлесін ұлғайтуды көздейді. Келешекте кәсіпорында технологиялық құрылымға күрделі қаржы бөлу үшін негізгі өндіріс қорларының белсенді және енжарлы негізгі бөлімдерінің арақатынасын қалыптастырыды. Бөлінген күрделі қаржы арқылы белсенді бөлімінің өсу деңгейін, кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын арттыруға жағдай жасалынады. Ұдайы өндіріс құрылымына күрделі қаржы бөлу- негізгі өндіріс қорының ұдайы өндіріс түріне бөлінген күрделі қаржының жалпы сметадағы құнына үлес қатынасын білдіреді. Мұнда жаңа құрылысқа, қайта құру, істеп тұрған өндірісті техникалық жабдықтау, кеңейту және модернизациялауға жұмсалатын күрделі қаржы деп бөлек есептейді.
Инвестицияны салмастан бұрын инвестициялық жобаны кешендік талдау жүргізеді. Ол үшін жобалық талдау жасайды.
Жобалық талдау – жобаның табыстылығын кеткен шығын мен одан алынатын пайданы салыстыра отырып талдау.
Талдау түрлері:
Техникалық талдау – инвестициялық жоба үшін қажет техника мен технологияны анықтау;
Коммерциялық талдау – инвестициялық жоба жүзеге асқаннан кейін өндірілетін өнімді өткізу нарығын талдау;
Институционалды талдау – жоба жүзеге асырылатын ұйымдық-құқықтық, әкімшілік, коммерциялық ортаны бағалау, бұл ортаға жобаның икемделуі, әсіресе, мемлекеттік органдар қойған талаптарға үйлесуі;
Әлеуметтік талдау - оның міндеті жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу;
Қоршаған ортаны талдау – жобаның қоршаған ортаға келтіретін зиянын бағалау және осы зиянды жұмсарту және орнын толтыру бойынша ұсыныстар береді.
Қаржылық талдау;
Экономикалық талдау.
Екі талдау шығын мен табысты салыстырады. Айырмашылығы – экономикалық талдауда қоғам бойынша қарастырса, қаржылық талдау кәсіпорын мен оның кредиторы тарапынан қарастырады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
· таза дисконтталған (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);
· инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);
· табыстың ішкі нормасы (ТІН);
· қайтарым уақыты (Т қай).
3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ондаған жылдар бойы салынатын инвестицияны анықтау әдістемесі өзінің маңызын жоймай, теориялық және тәжірибелік маңызы барын көрсетіп келді. Бұл әдіс терең ғылыми түрде негізделіп, тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Батыс елдердің экономикалық әдебиеттерінде әдістеменің негізгі баптары егжей- тегжей сипатталған. Бұл мәселені шешуде екі тәсіл көптен белгілі.
Бірінші тәсілде инвестиция мөлшерін алынған табыс мөлшерімен салыстырып, байланыстырып және сұраныс бағасын, ұсыныс бағасымен салыстыру арқылы анықтайды. Кәсіпкер салынған инвестицияға құштар, яғни тауар капиталын алуға, ие болуға, егер одан тек қана белгілі бір мезгілде оны пайдпланудан салынған инвестиция мөлшерінен кем емас табысқа ие болғанда ғана ойлаған ойына жеткенін көрсетеді. Бірақ, бұл мөлшерді қалай салыстыру керек ?
Кәсіпкер тауар үшін белгілі соманы төлеуге міндетті, ал табыс бірден келе қоймай, бірнеше жыл ішінде біртіндеп келуі мүмкін. Инвестиция салынған кезеңнен бастап, келешекте кәсіпкер қанша табыс алатынын анықтау керек. Мұндай есепті жер жүзі тәжірибесінде дисконттірлген деп аталып, ал осы есептің қортындысы бойынша алынған мөлшерді дисконттірленген немесе ағымдағы құны деп атайды. Дисконтірленген құн (Дқ) қандай болмасын табыс (Т) белгілі бір кезеңде (К) пайыздық ставкаға (r) тең болады:
Т Т2 Т3 Тn n Тi
Д= + + + ...+ = Σ
(1+r) (1+r)2 (1+r)3 (1+r)n i=j (1+r)n
мұнда 1,2,3... n-жылдар, осы уақыт ішінде табыстың жылдар бойғы күтілуі Т1,Т2,Т3...,Тn.
Бұл көрсетілген формуладан байқайтынымыз, дисконттірленген құнның сомасы қандайда темен жағдайда болса, оның мерзімі ұзақ болғанда, салушы осы арқылы ойлаған (Т) ізделетін соманы алуына , бұл жағдайда пайыздық ставка (ғ) жоғары болғанда табысқа қолы жетеді.
Жоғарыда айтылғандай, салынған инвестицияның пайдалылығы, сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын салыстыру жолымен анықталады. Тауарға деген сұраныс бағасы (Сб) – бұл кәсіпкердің төлеуге жататын ең жоғарғы бағасы. Ол салынған инвестициядан күтілетін таза табыстың дисконттірілген құнына тең: Сб=Дқ күтілетін таза табыс.
Осы жағдайда кәсіпкер инвестицияны бұл сомадан артық (сұраныс бағасынан) салуды көздейді, өйткені, олай болмаған күнде, оған ақшаны банкке пайызға салу пайдалырақ екенін түсінеді. Тауардың ұсыныс бағасы (Ү6) сол өнімге кеткен өндіріс шығындары мен осы сатуға жұмсалған шығын көлемімен анықталады.
Осыдан келесі қортынды жасауға болады: егер тауарға деген сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан артық кетсе, онда кәсіпорынға қосымша тауар бірлігін игеруге тура келеді; егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасымен тең болса, онда кәсіпкерге инвестициялық шешімінде – қосымша тауарды игеруге немесе игеруге бірдей қарайтынын көреміз; кәсіпкерге инвестицияны салу тиімсіз, егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан төмен болған жағдайда, яғни фирманың қабылданған инвестициялық стратегиясының соңғы қортынды шешімі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының қатынасымен анықталады.
Егер барлық жоғарыда көрсетілгендерді түсінікті етіп айтсақ, онда бұл мынаны көрсетеді:
Егер Сб>Үб – инвестицияны салу тиімді;
Гере Сб<Үб – тиімсіз;
Егер Сб=Үб – онда екі жақты жағдайда жетіседі,
Мұнда Сб – белгілі бір жобаны іске асырудың есебінен алынатын табыс (пайда) деп түсінуге болады; Үб – жобаны іске асыру бойынша жұмсалған қаржы. Ал біздің келтірген Сб – бұл сұраныс бағасы да , ал Үб – ұсыныс бағасы деуге болады.
Екінші әдісте салынған инвестицияға байланысты инвестициядан қайтарым мөлшерін пайыздық ставкамен салыстыру немесе сол сияқты басқадай белгілерімен экономикалық мақсатқа сәйкес анықталады.
Инвестицияның қайтарым мөлшері төмендегі формула бойынша анықталады. Келесі жағдайға көңіл аудару керек: егер Қмөл >r, онда кәсіпорынға инвестицияны салу – тиімді, егер де Қмөл <r –тиімсіз, Қмөл =r –онда екі жақты жағдайда тең болады.
К мөл = таза табыс – ұсыныс баға * 100 %
ұсыныс баға
Инвестициялаудың тиімділігін есептеу әдістерінде төменгі мәселелерді білу қажет :
• өтеу мерзімін ;
• жай табыс мөлшерін;
• компаундинг ( кеңейту) көлемін;
• дисконттеуді (алдағы табысты қазіргі таза бағаға қатынасын белгілеу әдісі).
Өтеу мерзімі – жобаланған пайданың толтыру мезгілі деуге болады.
Сонымен , таза пайда дегеніміз – табыстан, төлемдерден, одан қоса шығындардан пайыздар мен амортизацияны алып тастағаннан кейінгі сома.
Мысалы: 120,0 мың теңге инвестиция салынса, одан жылына 40,0 мың теңге түседі делік. 120:40 =3 жылда өзін-өзі өтейтін көрінеді.
Жай табыс мөлшері деп пайданың негізгі инвестициялық пайдаланған толық жай жылдардағы шығын қатынасын айтамыз.
Компаундинг ( кеңейту) деп базалық бүгінгі табысты келешек тапсырылған мезгілге есептеп келтіру әдісін айтамыз.
Мысалы: 10,0 мың теңге 10% өсімге салынады. Жылына 10% - 5 жыл мерзімге , 5 жылдан кейін ол 16105 теңге болады ( 10,000 теңгені бес рет 1,1 – ге көбейту керек: 10,000*1,1*1,1*1,1*1,1*1,1= 10000* 1,611= 16105 теңге.
Дисконттеу – бұл компаундингке кері үрдіс. Мұндай келешектегі табысты бүгінгі мезгілдегі сомаға келтіру.
Дисконттеу құралының әдістері – бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мұның бәріжұмсалған ақша қаражатының , келешектегі бағасы қазіргіден азаятынын сипаттайды.
Келешектегі дисконттелген құнның күрделі пайызын мына төмендегі формуламен шығарамыз:
Р = S
(1+%)n
мұнда S – n – жылының соңындағы алынған көлемі ;
P – дисконттік құн ;
% - пайыздық құн ;
n – жы саны ;
(1+%)n - дисконттеу құнының факторы.
Мысалы : егер біз бүгін инвестицияға 100,0 мың теңгені жылына 10 % ставкада жұмсасақ, онда бір жылдан кейін 100,0 мың теңгеге (100 %+10%) немесе, сол сияқты 100000 теңге (1+0,1)=110000 теңгеге өседі. Екі жылдан кейін : 100000 теңге * (1+0,1)* (1+0,1)= 121000 теңге т.с.с. әрі қарай жыл сайын қосылады. Ол инвестицияны қайтару мерзіміне тікелей байланысты болып келеді.
Бұл үрдісті келесі мезгілдегі қосылатын табыстардың пайыздық қосындыларын келесі формуламен есептеуге болады:
Бк=Ққ •(1+r)n
Мұнда, Бĸ- дисконттеу коэффициенті немесе, болашақ ақша сомасы, болашақ құн;
Ққ – бастапқы ( қазіргі ағымдағы ) құн;
R – пайыз ставкасы немесе табыс мөлшері;
N – табысты қосып есептеудегі жыл саны.
Келешектегі ақша сомасын және пайыз ставканы (біздің мысалда 10%), қазіргі ақша сомасының құнын төмендегі формуланы қолдана отырып, бұрынғы айтқаннан осы қорытынды шығады:
Бк 121000
К к = = =100000 теңге
(1+p ) n (1+0,1)2
4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
Инновациялық өнім дегеніміз бұл түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнім инновациясы және үрдіс инновациясы.
Өнім инновациясына технологиялық жаңа және технологилық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу кіреді. Ол мына бұйымдарды қамтиды: жаңа ( қайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация; жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация; жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнім.
Үрдіс инновациясына технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдітерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жетілдірілген әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай- ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Инновациялық қызмет дегеніміз технологиялық жаңа ойларды (әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми – техникалық жетістіктердің нәтижелерін) түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі. Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс- шаралар кешенін қамтиды, атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.
Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновация рынокқа немесе өндіріс үрдісіне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылады деп саналады.
Озық өндірістік технологияларға микроэлектроникада құрылған немесе компьютердің көмегімен басқарылатын және жобалауда, өндірісте немесе өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын машиналарды, аппараттарды, жабдықты және аспаптарды қосатын технологиялар мен технологиялық үрдістер жатады.
Технологиялық жаңа өнім деп бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнімді айтамыз. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларды, не зерттеулер мен өзгермелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Технологиялық жетілдірілген өнім дегеніміз бұл қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды,бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады.
Инновациялық- белсенді кәсіпорындар деп әзірмелерді және жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді , технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді ендіру тәсілдерін жүзеге асыратын кәсіпорындарды айтамыз. Инновацияны өндіріске енгізу жоғарғы мөлшердеігі шығындарды қажет етеді. Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығындар.Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар кіреді. Инновациялық қызмет түрлеріне байланысты шығындар келесі түрлерге бөлінеді:
- жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірмелерге жұмсалған шығындар;
- заттандырылған технологияларды, өнертабыстарды пайдалануға арналған лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;
- өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;
- аспаптық дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және қосуға, жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа, байқап көріп ендіруге және сынаққа жұмсалған шығындар;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;
- жаңа өнімдерді рынокқа шығару бойынша жүргізілетін маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар.
10-тақырып (2 САҒАТ).