Еңбек ресурстары

Дәріс сұрақтары:

1. Кәсіпорын кадрлары және олардың құрамы мен құрылымы

2. Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.

3. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау.

4. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі

5. Еңбек ресурстарын басқару

Кәсіпорынның кадрлары немесе еңбек ресурстары сол кәсіпорында жұмыспен қамтылған және оның тізім құрамына кіретін әртүрлі кәсіптік- квалификациялық топтарындағы жұмыскерлер жиынтығы. Тізім құрамына жұмысқа алынған, негізгі және негізгі емес жұмыспен айналысатын барлық жұмыскерлер кіреді.

Кәсіпорын кадрлар құрамының сандық, сапалық құрамдық сипаттары бар.

Еңбек ресурстарының сандық сипаттары мынандай көрсеткіштермен көрінеді.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің тізім саны - белгілі бір күнде негізгі және уақытша тізім құрамындағы жұмыскерлердің саны.

Келгендер саны - жұмысқа келген жұмыскерлер саны. Жұмысқа келгендер мен тізім құрамының арасындағы айырма бір күндік жұмысқа шықпау санын білдіреді.

Белгілі бір кезеңде жұмыскерлердің сандарын анықтау үшін орташа тізім саны көрсеткіші қолданылады. Бір айдағы жұмыскерлердің орташа тізім саны айдың әрбір календарлық күніндегі (мереке және демалыс күндері кіреді) жұмыскерлердің тізім құрамын қосып, айдың календарлық күндерінің санына бөлу арқылы табылады.

Орташа тізім санын дұрыс анықтау үшін жұмысқа алу жөніндегі бұйрық, басқа жұмыстарға ауыстыру, еңбек келісімін доғару туралы (жарлық) есепке алып, жұмыскерлердің тізім құрамының күнсайын есебін жүргізу қажет.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарының сандық көрсеткіштері еңбек ресурстарының қоры (Қер) (адам-күн немесе адам-сағат) ол мына формуламен анықталады:

Қеротх Тор

Рот- жұмыскерлердің орташа тізім саны

Т-жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығы (күн,сағат)

Сандық құрамы, біліктілік деңгейі бойынша кәсіпорын ұжымы тұрақты шама емес, ол әрдайым өзгереді: бір қызметкерлер жұмыстан босатылса, басқаларын жұмысқа алады.

Жұмыскерлердің орташа тізім саны мына формула бойынша анықталады:

Рор=1/2Р1211+1/2Р12/12, ондағы Р12311 , Р12 айлар бойынша жұмыскерлер саны.