Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
Дәріс сұрақтары:
1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және оның жіктелуі.
2. Отын-энергетикалық кешенін дамыту.
3. Материал ресурстары және оларды ұтымды пайдалану.
4. Шикізаттық және отын энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары
1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және оның жіктелуі. Кез келген өндірістік процесс еңбек құралын өзгерте отырып, оны тұтынушыға қажетті қасиетпен еңбек өніміне айналдыру кешенінің орындарынан тұрады. Материалды шикізаттар ресурстар түсінігі шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттарды кірістіреді.
Шикізат – бұл шикізат саласындағы еңбек процесі әсерінен қалыптасқан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында пайдалануға арналған еңбек заты. Бұл кәсіпорындарға натуралды түрде немесе нашар өңделген түрде келіп түсетін өндіруші және ауыл шаруашылық салаларының өнімі(темір және оның қоспалары, көмір, бидай, мақта,т.б.).
Материалдар – бұл өндіріс өнімдерінің қалыптасуына қатыса отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы неғұрлым терең өңделген шикізатты білдіреді. Оларды әртүрлі өнімдерді дайындауда қолданады. Өнеркәсіптік процесте қолданылатын материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалдар тікелей өндірілетін өнімнің құрамына кіреді және оның заттық негізін құрайды. Көмекші материалдар өндірілген өнімнің құрылымдық құрамына кірмейді, тек олар негізгі материалды өңдеуге және одан дайындалған өнімнің қалыптауына көмектеседі. Көмекші материалдар қатарына өнімге белгілі бір қасиет беретін әртүрлі заттар жатады. Олар: құрал – жабдықтарды күтіп – баптаумен байланысты материалдар, қуат тасымалдаудың барлық түрлері, өнімді қораптауға арналған материалдар, сырлау матеиралдары.
Негізгі материалдарға сонымен қатар жартылай фабрикаттар жатады. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір немесе бірнеше сатыларында өңдеуден өткен, бірақ дайын өнім ретінде тұынуға жарамайтын шикі материал(мата,т.б.). Жартылай фабрикаттар екі сипатқа ие. Яғни оны дайындаған кәсіпорын үшін ол дайын өнім болып табылса, ал оны пайдаланатын кәсіпорындар үшін шикізат болып саналады.
Шығу тегіне байланысты шикізаттар мен материалдардың барлық түрлері екі үлкен топқа бөлінеді:
1. өнеркәсіптік - өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріледі.